Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат беру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 1 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген, 2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия 2023 жылдың I жартыжылдығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген, Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген,
2022 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін ұсынсын.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз
Республикасынан

 

Ресей
Федерациясынан

 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады