Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызметтер секторының (кіші секторының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 20 шешімі.

      Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 16 қосымшасы) 40-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызметтер секторының (кіші секторының) тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 20 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін көрсетілетін қызметтер секторының (кіші секторының) тізбесіне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 138 – 151-тармақтармен толықтырылсын:

      "138. Ауа райы болжамы және метеорология бойынша көрсетілетін қызметтер (СРС-тан 83550)18.

      139. Терезелерді жуу бойынша көрсетілетін қызметтер (СРС-тан 85320).

      140. Жинап-тазалау бойынша көрсетілетін қызметтер (СРС-тан 85340).

      141. Құжаттарды көбейту бойынша көрсетілетін қызметтер (СРС-тан 85940).

      142. Адресаттардың тізімін жасау және ол бойынша материалдарды жіберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер (СРС-тан 85950).

      143. Корректураны оқу бөлігінде басқа санаттарға енгізілмеген өзге де қосалқы көрсетілетін қызметтер (СРС-тан 85990).

      144. Жиһазды жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтер (CPC-тан 87240).

      145. Кино- және бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар және радиобағдарламалар шығару бойынша көрсетілетін қызметтер (CPC-тан 96149) мына бөліктерде:

      1) түсірілім алаңында тұрмыстық фургон көрсететін қызметтер;

      2) сахнаның техникалық персоналы көрсететін қызметтер (мысалы бутафордың).

      146. Ақылы өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарымен тоқыма бұйымдарын тазалау бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде ақылы кір жуу автоматтары көрсететін қызметтер (CPC-тан 9711)

      147. Тоқыма бұйымдарын тазалау бойынша көрсетілетін қызметтер (CPC-тан 9713) мына бөліктерде:

      1) ұжымдар мен кәсіпорындар үшін тоқыма іш киімдері мен киімдерін жуу, тазалау және үтіктеу;

      2) кір қоймалары үшін жуу, тазалау және үтіктеу;

      3) үй шаруашылықтары үшін жуу, тазалау және үтіктеу;

      4) клиенттің үйінде тоқыма бұйымдарын, жиһазды және кілемдерді тазалау;

      5) кілемдерді, қатарылған перделерді, перделерді тазалау және т. б.

      148. Киім мен басқа да тоқыма бұйымдарын машинамен үтіктеу жөніндегі қызметтер бөлігінде үтіктеу бойынша көрсетілетін қызметтер
(CPC-тан 9714).

      149. Осындай заттарды өндірумен байланысты емес, киім мен басқа да тоқыма бұйымдарын бояу бойынша қызметтер бөлігінде бояу бойынша көрсетілетін қызметтер (CPC-тан 9715).

      150. Аяқ киімді тазалау бойынша көрсетілетін қызметтер (CPC-тан 97990).

      151. Қан қысымын өлшеу, дене салмағын өлшеу, сақтау камерасы, аяқ киімді тазалау, суретке түсіру және т. б. сияқты ақылы автомат көрсететін қызметтер (CPC-тан 97990).".

      2. Мынадай мазмұндағы 18-сілтемемен толықтырылсын:

      "18 Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады