Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 11 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
ҚОСЫМША

Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 39-тарауда:

      1) кестенің бірінші бағанындағы "СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) СЭҚ ТН 0305 коды бар позицияның екінші бағанындағы ", ұсақ және ірі тартылған балық ұны және тамаққа жарамды түйіршіктер" деген сөздер алып тасталсын;

      3) СЭҚ ТН 0306 коды бар позицияның екінші бағанындағы "ұсақ және ірі тартылған ұн және тамаққа жарамды шаян тәрізділердің түйіршіктері" деген сөздер алып тасталсын;

      4) СЭҚ ТН 0307 коды бар позицияның екінші бағанындағы "ұсақ және ірі тартылған ұн және тамаққа жарамды басқа су омыртқасыздарынан алынған түйіршіктер" деген сөздер алып тасталсын;

      5) СЭҚ ТН 0307 осы бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"0308

Кептірілген, тұздалған немесе тұз ерітіндісіндегі шаян тәрізділер мен моллюскалардан басқа шаян тәрізділер мен моллюскалардан басқа кептірілгенге дейін немесе оны ыстау процесінде жылытылып өңделмеген немесе жылытылып өңделген су омыртқасыздары
 

0309

Ұсақ және ірі тартылған ұн және балықтан, шаян тәрізділерден, маллюскалардан және басқа да су омыртқасыздарынан алынған оның тамаққа жарамды түйіршіктері

      6) СЭҚ ТН 1516 коды бар позициядағы "өсімдік" деген сөздер "өсімдіктен алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) СЭҚ ТН 1516 коды бар позициядағы екінші бағандағы "(белоктар)" деген сөз алып тасталсын;

      8) мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы тарауды пайдалану мақсатында ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да және тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.".

      2. Көрсетілген Бірыңғай талаптарға № 1 қосымшада:

      1) 16-позициядағы 3-бағандағы "еттен" деген сөз "еттің ұсақ және ірі ұсақталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-бағандағы 20-позицияда "және ет" деген сөздер "және басқа да ет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-бағандағы 22-позицияда "; ұсақ және ірі тартылған балық ұны және тамаққа жарамды балықтың түйіршіктері" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 3-бағандағы 23-позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаян тәрізділер, қабығы бар немесе жоқ, тірі, балғын, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген1, тұздалған1 немесе тұздықтағы1; қабығы бар немесе қабығы жоқ, ысталғанға дейін немесе ыстау кезінде термиялық өңдеуге ұшырамаған1 ысталған шаян тәрізділер; қабығы бар, буға пісірілген1 немесе қайнаған суда прісірілген1, салқындатылған немесе салқындатылмаған, мұздатылған немесе мұздатылмаған, кептірілген1 немесе кептірілмеген, тұздалған1 немесе тұздалмаған, тұздықтағы ерітіндіде1 немесе тұздықтағы ерітіндіде емес";

      5) 3-бағандағы 24-позицияда "ұсақ және ірі тартылған ұн және тамаққа жарамды маллюскалардан алынған түйіршіктер" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 3-бағандағы 25-позицияда "ұсақ және ірі тартылған ұн және шаян тәрізділер мен маллюскалардан басқа, су омыртқасыздарынан алынған тамаққа жарамды түйіршіктер1" деген сөздер алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 251 позициямен толықтырылсын:

"251

0309

Ұсақ және ірі тартылған балық ұны және балықтың, шаян тәрізділердің, маллюскалардың және тамаққа жарамды басқа да су омыртқасыздарының түйіршіктері1

ветеринарлық сертификат

иә

иә";

      8) 37-позицияда:

      2-бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН "0410 00 000 0" деген код ЕАЭО СЭҚ ТН 0410 деген кодпен ауыстырылсын;

      3-бағандағы "Тағамдық" деген сөз "Жәндіктер8 және басқа да тағамдық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 3-бағандағы 40-позицияда "және олардың" деген сөздер "немесе олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 2-бағандағы 46-позицияда "9705 00 000 0-ден" деген сөздер "9705-тен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 3-бағандағы 65-позицияда "жануарлар" деген сөз "жануарлардан алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 3-бағандағы 66-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардан және олардың фракцияларынан алынған тоң майлар мен майлар";

      13) 3-бағандағы 67-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өсімдіктерден және олардың фракцияларынан алынған тоң майлар мен майлар7";

      14) 3-бағандағы 68-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "1516 тауар позициясындағы өнімдерден басқа, пісірілген, тотыққан, сусыздандырылған, күкірттенген, ауада тотыққан, вакуумда немесе инертті газда қыздыру арқылы полимерленген немесе басқа да химиялық түрлендірілген жануарлардан, өсімдіктен немесе микробиологиялық алынған тоң майлар мен майлар және олардың фракциялары; басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған осы топтағы жануарлардан, өсімдіктерден немесе микробиологиялық алынған тоң майлар мен майлардың адам тұтынуына жарамсыз қоспалары немесе дайын өнімдері;";

      15) 3-бағандағы 70-позицияда "немесе қаны1" деген сөз ", қаны немесе жәндіктердің8" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 3-бағандағы 71-позицияда "немесе қаны" деген сөз ", қаны немесе жәндіктердің8" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 3-бағандағы 85-позицияда мемлекеттік тілдегі сөз өзгеріссіз қалады;

      18) 3-бағандағы 86-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тізбенің 85-тармағында көрсетілгендерден басқа, өсімдіктен немесе микробиологиялық алынған, тартылмаған немесе тартылған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген, жануарларды жемдеуге арналған күнжаралар мен басқа да қатты қалдықтар5;

      19) 3-бағандағы 93-позицияда "(белоктар)" деген сөз алып тасталсын;

      20) 3-бағандағы 96-позицияда "(энзимдер)" деген сөз алып тасталсын;

      21) 99-позицияда:

      2-бағандағы "3822 00 000 0-ден" деген сөздер "3822-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "3006 тауар позициясындағы тауарлардан басқа, қаптамадағы диагностикалық немесе зертханалық реагенттер, астарлы немесе астарсыз дайындалған диагностикалық немесе зертханалық реактивтер, оралған немесе жиынтықтарға салынған (ветеринарияда қолдану үшін); сертификатталған эталондық материалдар (ветеринарияда қолдану үшін);

      22) 3-бағандағы 103-позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі органдардың өнімдері (жібек құртының бездерінен басқа), көгерген жерлер, көпіршіктер немесе сіңірлер";

      23) 2-бағандағы 109-позицияда "9705 00 000 0-ден" деген сөздер "9705 22 000 0-ден, 9705 29 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:

      "8 Жәндіктерге (жәндіктердің бөліктеріне) қатысты ветеринариялық бақылау тиісті талаптар бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      25) мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы тізбені пайдалану мақсатында ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады