Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 10 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 15-тармақшасына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 92-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 11 қаңтардағы
№ 10 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 481-тармағымен толықтырылсын:

      "481.Егер көрсетілген шешімдердің жобалары Одақ бюджетінің шығыстарын бағамдайтын болса, Жоғары кеңес, Үкіметаралық кеңес шешімдерінің, Комиссия шешімдерінің жобаларының қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі - қаржылық-экономикалық негіздеме) Қаржы департаментінде міндетті келісуге жатады.".

      2. 56-тармақ үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Құжаттар мен материалдардың жинақтамасын келісуге алған Қаржы департаменті аталған жинақтаманы алған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей қаржылық-экономикалық негіздемеге виза қояды немесе жауапты департаментке өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді. Қаржылық-экономикалық негіздемеге Департамент директоры (директордың орынбасары) виза қояды.

      Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту мәселелері бойынша құжаттар мен материалдардың жинақтамасы Ақпараттық технологиялар департаментімен келісуге жатады.".

      3. 143-тармақта "Комиссия шешімінің жобасы" деген сөздер алып тасталсын.

      4. 144-тармақтың екінші абзацында "шешімдердің жобаларына" деген сөздер алып тасталсын.

      5. Аталған Қағидаларға № 10 қосымшада:

      а) атауындағы "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздер алып тасталсын;

      б) 9-тармақтың бірінші абзацындағы "Комиссия" деген сөз алып таслсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады