Өзбекстан Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін бастапқы тығыздығы жоғары полиэтиленге қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 17 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 107-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Өзбекстан Республикасында шығарылған және ЕАЭО СЭҚ ТН 3901 20 900 9 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, үлес салмағы 0,94 г/см болатын бастапқы пішіндегі қатты полиэтиленге қатысты демпингке қарсы бажды № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылып, оның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін

      2. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж № 2 қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген өндірушілер шығаратын, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарға қатысты осындай тауарлардың декларантында тауарды тіркеген күні тиісті өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойып, осындай өндірушінің мөрімен куәландырылған декларациясы болған кезде және декларацияны кеден органына бергенде онда осындай сертификат туралы мәліметтер көрсетілген кезде төленбейді деп белгіленсін.

      3. Осы Шешімге № 2 қосымшада көзделген тізбе бойынша өндірушілер қабылдаған баға міндеттемесі мақұлдансын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:

      осы Шешімге № 2 қосымшада көзделген тізбеде көрсетілген өндірушілердің уәкілетті қызметкерлерінің қолы мен мөрінің бедерлерінің үлгілерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберсін;

      осы Шешімде көзделген баға міндеттемесінің орындалуына бақылауды жүзеге асырсын;

      өтініш беруші-кәсіпорындардың осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген қолайлы баға бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың нарығында үздіксіз жеткізілімдері бөлігіне мониторингті жүзеге асырсын;

      осы шешімнің 3-тармағында көзделген баға бойынша міндеттемелердің қолданысы тоқтатылған немесе бекітілген баға міндеттемелерінде көрсетілген жеткізу көлемдері таусылған жағдайда, мониторинг нәтижелері бойынша негіздер болған кезде демпингке қарсы шараны қайта қарауды жүргізсін.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті осы Шешіммен белгіленген демпингке қарсы шараны қолдану кезеңінде жарты жылдық негізде үлес салмағы 0,94 г/см3 және одан да жоғары болатын бастапқы пішіндегі қатты полиэтилен нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізсін және оның нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына хабарласын

      6. Еуразиялық экономикалық одақтың үлес салмағы 0,94 г/см3 және одан да жоғары болатын бастапқы пішіндегі қатты полиэтилен нарығында мән-жайлардың өзгергені анықталған жағдайда, осы Шешімді қолдану кезінде Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 110-тармағын (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

      7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, сондай-ақ атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      8. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 25 қаңтардағы
№17 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік бағасына пайызбен)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 17 шешімінің 1-тармағында көрсетілген бастапқы тығыздығы жоғары полиэтилен

СП "Uz-Kor Gas Chemical" ООО (заңды мекенжайы: Турткул Гузари көшесі, 121, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы; Нақты мекенжайы: Қырыққыз кенті, Күнград ауданы Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы)
 
"Шортанды газхимия кешені" ООО (заңды мекенжайы: Шортан кенті, Гузар ауданы, Қашқардария облысы, Өзбекстан Республикасы;
нақты мекенжайы: Шортан кенті, Гузар ауданы, Қашқардария облысы, Өзбекстан Республикасы)
 
басқалары

20,3
 
 
 
 
 
 
 
20,3
 
 
 
 
 
20,3

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 25 қаңтардағы
№17 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Баға міндеттемелері мақұлданған өндірушілер ТІЗБЕСІ

Өндіруші

Міндеттеме берілген хаттың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі

СП "Uz-Kor Gas Chemical" ООО (заңды мекен жайы: Турткул Гузари көшесі, 121, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы; Нақты мекен жайы: Қырық қыз кенті, Күнград ауданы, Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы)

2021 жылғы от 30 желтоқсан № ДЗВР-541конф/AD-33

"Шортанды газхимия кешені" ООО (заңды мекен жайы: поселок Шортан, Гузар ауданы, Қашқардария облысы, Өзбекстан Республикасы; нақты мекен жайы: Шортан кенті, Гузар ауданы, Қашқардария облысы, Өзбекстан Республикасы)

2021 жылғы от 30 желтоқсан № ДЗВР-541конф/AD-33

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 25 қаңтардағы
№17 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

      (нысаны)

ӨНДІРУШІНІҢ СЕРТИФИКАТЫ

1. Өндіруші (атауы, мекенжайы)

2. Сертификаттың нөмірі және берілген күні
 

3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы)

ӨНДІРУШІНІҢ СЕРТИФИКАТЫ

4. Жіберілетін ел

5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы)

6. Инвойс (нөмірі, күні)

7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды

8. Көлік құралының нөмірі

9. Тауар туралы мәліметтер

№ п/п

Тауардың сипаттамасы, басқа ескертулер (міндеттемелерге сәйкес тауардың түрлілігі көрсетіледі)

Салмағы нетто (тонна)

Бағасы (АҚШ долларымен)

Құны (АҚШ долларымен)






10. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына экспорттау мақсатында сату қабылданған міндеттемелер сақтала отырып жасалып отырғанын растаймын. Осы сертификатта көрсетілген мәліметтер толық әрі нақты екенін растаймын.
____________________
(күні)
______________________ ___________________ ____________________
(лауазымы)      (қолы)      (Т:Ә: А.)
(М.О.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады