Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 34 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Оларға қатысты кеден одағының шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының аумағына әкелудің тәртібі туралы ереженің "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың 8-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 12 шешімімен бекітілген Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 1 наурыздағы
№ 34 шешіміне
ҚОСЫМША

Оларға қатысты кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Қатты қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 032/2013) техникалық регламентінің сәйкестігін бағалау туралы (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер) құжатты берумен қоса жүретін өнімнің тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-бағандағы 1-тармақта:

      а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-топтыағы жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын, газдың қысымымен және бумен ерітілген, сұйылтылған газдарға арналған және";

      б) екінші және үшінші абзацтардағы "рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы" деген сөздер тиісті жіктеулерде "есептік қысым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1-бағандағы 2-тармақта:

      а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-топтың жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын, газдың қысымымен және бумен ерітілген, қысылған, сұйылтылған газдарға арналған және:

      б) екінші және үшінші абзацтардағы барынша рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы" деген сөздер тиісті жіктеулерде "есептік қысым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 3-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы және 4-тармақтың екінші және үшінші абзацындағы "рұқсат етілетін ең жоғары жұмыс қысымы" деген сөздер тиісті жіктеулерде "есептік қысым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 6-тармақта:

      а) 1-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Есептік қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналды диаметрі 25 мм-ден астам, газдың және будың қысымымен қысылған, сұйытылған және ерітілген, 1-топтағы жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар мен арматура";

      б) 2-баған ЕАЭО СЭҚ ТН "8481" кодымен толықтырылсын.

      5. 7-тармақта:

      а) 1-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Есептік қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналды диаметрі 32 мм-ден астам және есептік қысымы мәнінің номиналдық диаметрдің 100 МПа·мм-ден жоғары құрайтын мәніне көбейтіндісі бар, газдың қысымымен және буымен қысылған, сұйытылған, ерітілген және 2-топтағы жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар мен арматура";

      б) 2-баған ЕАЭО СЭҚ ТН "8481" кодымен толықтырылсын.

      6. 8-тармақта:

      а) 1-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Есептік қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналды диаметрі 32 мм-ден астам және есептік қысымы мәнінің номиналдық диаметрдің 200 МПа·мм-ден жоғары құрайтын, сұйықтыққа арналған және 1-топтағы жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар мен арматура";

      б) 2-баған ЕАЭО СЭҚ ТН "8481" кодымен толықтырылсын.

      7. 9-тармақта:

      в) 1-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Есептік қысымы 0,05 МПа-дан жоғары, номиналды диаметрі 32 мм-ден астам және есептік қысымы мәнінің номиналдық диаметрдің 200 МПа·мм-ден жоғары құрайтын, сұйықтыққа арналған және 2-топтағы жұмыс ортасы үшін пайдаланылатын құбыржолдар мен арматура";

      б) 2-баған ЕАЭО СЭҚ ТН "8481" кодымен толықтырылсын.

      8. 11-тармақ алып тасталсын.

      9. 1-бағандағы 12-тармақтағы мәтін "өлшеу құралдарына жатқызылған құрылғыларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. Ескертулерде:

      а) 2-тармақтың а) тармақшасындағы "тотықтандыратын" деген сөздер "тотықтандыратын (атмосфералық ауаның табиғи құрамына сәйкес келетін құрамында оттегі бар ауадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 3-тармақ мынадай мазмұндағы "с" - "ф" тармақшаларымен толықтырылсын:

      "с) температурасы 110 о С және одан да аз болатын суды беруге, бөлуге және бұруға арналған, сондай-ақ гидрокүші бар қондырғыларда су өткізетін жерлері және тиісті жарықтандыру бөлшектері бар желілер;

      т) ғимараттар мен үй-жайларды сумен жылыту жүйелеріндегі жылыту приборлары мен құбыржолдар;

      у) двигательдерді газ тәріздес отынмен (сығылған табиғи газбен, сұйытылған мұнайлы газбен (немесе сұйытылған көміртегі газымен), сұйытылған табиғи газбен, диметилды эфир отынымен) қоректендіруге арналған, доңғалақты көлік құралдары үшін арнайы әзірленген жабдықтар мен жабдықтардың элементтері;

      ф) құбыржолдардың және олардың элементтерінің аспалы-тіреуішті жүйелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады