Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы шараны уақытша қолданбау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 наурыздағы № 45 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 272-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 бұйрығына сәйкес басталған қайталап демпингке қарсы тергеп-тексеру шеңберіндегі ақпаратты талдау нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің қорытындысы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы №90 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шара осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта қолданылмасын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы №90 шешімімен көзделген демпингке қарсы бажды алуды жүзеге асырмасын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады