Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында карантинге жатқызылған өнімдерге және карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың 8-кестесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 5 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 59-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 55-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 157 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында карантинге жатқызылған өнімдерге және карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың 8-кестесі мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

"13. Саңырауқұлақ жіпшумағы (0602 90 100 0)

картоп қатерлі ісігінен (Synchytrium endobioticum) және Техас тамыр шірігінен (Phymatotrichopsis omnivora) бос аймақтардан, жерлерден және (немесе) өндіріс учаскелерінен, көпжасушалы бөрік шыбынынан (Megaselia scalaris) бос жерлерден және (немесе) өндіріс учаскелерінен шығуы керек".

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады