Еуразиялық экономикалық комиссияның Әдеп кодексін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 10 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық интеграцияны 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9.1.13-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 22-тармағы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ турлы шартқа № 1 қосымша) негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссияның Әдеп кодексі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

Ж. Қожашев

А. Оверчук


  Еуразиялық экономикалық
омиссия Кеңесінің
2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссияның ӘДЕП КОДЕКСІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекс Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметшілерінің өкілеттері мен лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындауда кәсіптік және іскерлік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай әдеп қағидаларын айқындайды, сондай-ақ Комиссияның беделін нығайтуға жәрдемдеседі. 

      2. Комиссияның Алқа мүшелері, лауазымды адамдары мен қызметшілері халықаралық қызметшілер (бұдан әрі – халықаралық қызметшілер) болып табылады және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта (бұдан әрі - Шарт) белгіленген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. Аталған артықшылықтар мен иммунитеттер халықаралық қызметшілерге өздерінің өкілеттіктерін, қызметтік (лауазымды) міндеттерін тиімді атқарғаны үшін беріледі және Одақтың мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуге тиіс.

      3. Халықаралық қызметшілер тарапынан артықшылықтар мен иммунитеттерді теріс пайдалануға жол берілмейді. Халықаралық қызметшілерге берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер оларды Комиссия орналасқан мемлекеттің заңнамасын немесе басқа мемлекеттің аумағында болған кезінде сол мемлекеттің заңнамасын сақтаудан босатпайды.

      4. Халықаралық қызметшілердің өздерінің қызметтік (қызметтік) міндеттерін орындауы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және еуразиялық интеграцияны дамытуға ықпал етуі тиіс. Халықаралық қызметшілер өз өкілеттіктерін, қызметтік (қызметтік) міндеттерін жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарына тәуелді болмайды және олардан нұсқауларды сұрап ала алмайды.

      5. Халықаралық қызметшілер мүше мемлекеттер үкіметтерінің өкілдері болып табылмайды, мүше мемлекеттердің жария қоғамдық саяси қызметіне қатыспауға және олардың мемлекеттік органдарының жұмысына араласпауға, сондай-ақ мүше мемлекеттердің үкіметтерін ашық сынауға немесе беделін түсіруге тиіс емес.

      6. Осы Кодекс атқаратын лауазымдарына қарамастан барлық халықаралық лауазымды адамдар үшін міндетті болып табылады.

II. Халықаралық қызметшілердің кәсіби әдебінің қағидалары

      7. Халықаралық қызметшілер өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде:

      а) өздеріне жүктелген өкілеттіктерді, қызметтік (лауазымды) міндеттерді, оның ішінде қашықтан жұмыс істеу режимінде жұмыс кезеңінде адал орындайды;

      б) Одақтың және Комиссия орналасқан мемлекеттің қолданыстағы құқығының нормаларын, сондай-ақ басқа мемлекеттің аумағында болу кезеңінде - осы мемлекеттің заңнамасын сақтайды;

      в) ішкі тәртіп ережелері мен құжат айналымына қатысты актілердің (оның ішінде шектеулі таратылатын құжаттарды) талаптарын орындайды, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;

      г) Комиссия мен Одақтың абыройы мен беделін, халықаралық қызметшілер мәртебесін төмендетуге ықтимал қауіп төндіретін, сондай-ақ мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін әрекеттерді және шешімдерді қабылдаудан аулақ болады;

      д) халықаралық қоғамдастық мойындаған адам құқықтарын құрметтейді, әлеуметтік топтар мен конфессияның мәдени және өзге де ерекшеліктерімен санасады, ұлтаралық келісуді орнатуға және қолдауға ықпал етеді;

      е) жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, азаматтық, әлеуметтік, саяси немесе діни тиесілігіне қарай кемсітушіліктің кез келген көріністерінен аулақ болады;

      ж) іскер қарым-қатынасты орнату кезінде жалпыға танымал іскерлік және кәсіптік нормаларды сақтайды, соның ішінде:

      іскерлік және жеке қарым-қатынас процесінде халықаралық қызметшілердің және олардың әріптестерінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін балағат сөздерді және кез келген көріністерді қолданудан аулақ болады;

      ұжымда әдептік нормалардың сақталуына ықпал етеді;

      егер бұл Комиссияның лауазымдық регламентінде (нұсқауларында) немесе актiлерiнде көзделмесе, өздерiнiң жеке нанымдары мен ашық мәлімдемелерін кез келген нысанда Комиссияның ұстанымына теңестіруден аулақ болады;

      з) іскерлік қарым-қатынас пен хат алмасу қағидаларын сақтайды.

      8. Алқа мүшелері, Алқа мүшелері хатшылықтарының басшылары және Комиссияның лауазымды адамдары Комиссиядағы кәсібилік пен әдептілік нормалардың үлгісі болып табылады, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді және Комиссия қызметшілерінің қызметін бағалауға әділ және шынайы көзқарасты қамтамасыз етеді.

      9. Алқа мүшелері, Алқа мүшелері хатшылықтарының басшылары мен Комиссияның лауазымды адамдары:

      а) туыстық, жерлестік және басқа да осыған ұқсас факторлар бойынша халықаралық қызметшілерге артықшылық беру көріністерінен аулақ болады;

      б) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде пайда табу және жәрдемдесу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланудан аулақ болады;

      в) сыбайлас жемқорлық түріндегі құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді жасауға итермелеу мақсатында үшінші тұлғалардың халықаралық қызметшісіне хабарласқан жағдайда ол туралы тікелей басшыға дереу хабарлайды;

      г) Комиссияның қызметшілеріне қатысты әдепсіздікке жол бермейді.

      10. Халықаралық қызметшілер:

      а) жеке және (немесе) заңды тұлғалардан өз өкiлеттiктерiн, лауазымдық (қызметтiк) мiндеттерiн орындауға байланысты сыйақы (сыйлықтар, қолма-қол ақша, несиелер, қызмет көрсетулер, демалысқа ақы төлеу, көлік шығындары және өзге де материалдық құндылықтар) алуға жол бермейді.

      Халықаралық қызметшілердің хаттамалық іс-шарамен, іссапармен және оған қатысу өкілеттіктерін жүзеге асыруға, қызметтік (қызметтік) міндеттерді орындауға, басқа да ресми іс-шаралармен байланысты сыйлықтар алуы Комиссия Кеңесі бекітетін тәртіппен реттеледі;

      б) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен өкiлеттiктерiн, қызметтiк (лауазымды) мiндеттерiн орындауға байланысты сапарлар жасауға;

      в) Комиссияның мүлкін өкілеттіктерді, қызметтік (лауазымды) міндеттерді орындаумен байланысты емес мақсаттарда пайдалануға;

      г) саяси партиялардың, қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң және өзге де ұйымдардың мүдделерi үшiн халықаралық қызмешінің өкiлеттiктерiн, мәртебесiн пайдалануға, сондай-ақ егер бұл олардың өкiлеттiгiне, лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне кiрмейтiн болса, оларға кез келген нысанда жария түрде мемлекеттiк қолдау көрсетуге;

      д) Комиссия құрылымында саяси партиялардың құрылымдарын құруға;

      е) құпия сипатындағы мәліметтерді, жария ету шектелген ақпаратты өкілеттіктерін, лауазымдық (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты емес мақсаттарда жария етуге немесе пайдалануға;

      ж) Комиссияның және (немесе) халықаралық қызметшілердің өздерiнiң қызметтiк жағдайына байланысты, оның iшiнде Комиссиядағы өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, лауазымынан босатылғаннан кейін белгіленген тәртіппен жарияланбаған қолында бар ақпаратты жеке басының пайда табуы үшін пайдалануға;

      з) халықаралық қызметшілердің жеке өмірі мен жеке деректері туралы ақпаратты жария етуге, беруге және (немесе) пайдалануға;

      и) Комиссияның атауын, егер бұл өздерінің өкілеттіктеріне, лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне кірмейтін болса, егер мұны Комиссияның ресми ұстанымы ретінде қабылдайтын болса, ғылыми және зерттеу сипатындағы мақалаларда пайдалануға жол бермейді.

      11. Халықаралық қызметшілер Одақ заңнамасына, Комиссия орналасқан мемлекеттің заңнамасына және осы Кодекске қайшы келмейтін қоғамдық, экологиялық және өзге де бастамалар бойынша үздік халықаралық тәжірибені Комиссияның қызметіне енгізуге ұмтылады.

      12. Халықаралық қызметшілердің Комиссияның жұмыс орындарына және үй-жайларына алкогольді, есірткіні пайдаланып немесе өзге де масаң күйде келуге, сондай-ақ темекі өнімдерін белгіленген орындардан тыс тұтынуға құқығы жоқ.

      13. Халықаралық қызметшілер өз өкiлеттiктерiн, қызметтiк (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде киімнің ресмилігімен, ұстамдылығымен және ұқыптылығымен ерекшеленетiн жалпыға бiрдей қабылданған iскерлiк стильін сақтайды. Ресми іс-шаралар болмаса жұма күні бұл қағиданы сақтамауға да болады.

      14. Халықаралық қызметшілер жұмыстан тыс (соның ішінде демалыста болу) кезеңдерін қоса алғанда, сондай-ақ әлеуметтік және өзге де ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану кезінде Комиссияның беделін және халықаралық қызметші мәртебесін сақтау және нығайту мақсатында осы Кодекстің талаптарын басшылыққа алады.

III. Жауаптылық шаралары

      15. Осы Кодекстiң ережелерiн бұзу моральдық айыптауға, сондай-ақ жауаптылықтың тиiстi түрiне тарту туралы мәселенi қарауға негiз болып табылады.

      16. Комиссия Кеңесінің жанындағы Әдеп жөніндегі комиссия осы Кодекс ережелерінің бұзылу жағдайларын Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 90 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің жанындағы Әдеп жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.

      17. Халықаралық қызметшілердің осы Кодекстің ережелерін сақтауы белгіленген тәртіппен аттестаттау жүргізген кезде, сондай-ақ Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінде бос лауазым орындарына конкурстарға қатысқан кезде ескерілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады