Дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 33 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 314-бабының 5-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 12-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген Дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 22-тармақтың 2-тармақшасы "бұған Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы "Дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы" № 33 шешімінің 2-тармағының "а" тармақшасында көзделген жағдайлар қосылмайды" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 30-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тарифтік преференциялар беру мақсатында тауардың шығарылуын растау үшін тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі "Дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы және 2019-nСov коронавирус инфекциясының таралуы жағдайында тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсыну ерекшеліктері туралы" № 36 шешімінде және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы "Дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы" № 33 шешімінің 2-тармағының "б" тармақшасында не осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайда - тауардың шығарылуы туралы декларация ұсынылады.".

      2. 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген Дамушы елдерден және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларының 27-тармағында көзделген тікелей сатып алу жағдайлары тарифтік преференцияларды беру үшін міндетті талап ретінде қолданылмайды;

      б) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 3-тармағында көзделген мақсаттар үшін тауардың шығарылғанын растау үшін тауарларға арналған декларация тіркелген күннен бастап 6 айдан кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілген сертификаттың түпнұсқасын міндетті түрде кейіннен ұсыну шартымен тауардың шығарылуы туралы сертификаттың электрондық немесе қағаз көшірмесі ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда декларант көрсетілген мерзімде тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасын кеден органына ұсыну туралы міндеттемені сертификат көшірмесінің сыртқы жағына қолымен (еркін нысанда) жазады немесе басып шығарады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешімнің 2-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген мерзімдерде тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда тауардың шығарылуы расталмаған болып есептеледі.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А. Жапаров

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады