Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әкелінген тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 34 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әкелінген тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкалары белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 60С және 61С ескертпелерімен толықтырылсын:

      "60С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 34 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта қолданылады.

      "61С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 34 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 34 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен)

2007 99 500 3 --------------------

Өрік езбесі

1060С)

2007 99 500 4---------------------

алмұрт езбесі

1060С)

2007 99 500 5---------------------

шабдалы езбесі

1060С)

2007 99 500 7 --------------------

өзгелері

1060С)

2921 41 000 0---------------------

анилиан және оның тұздары

561С)

5112 20 0001 ---------------------

үстіңгі қабатының қалыңдығы 200 г/м2 аспайтын

1061С)

5515 11 900 1--------------------

үстіңгі қабатының қалыңдығы 130 г/м2 аспайтын

1061С)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады