Кеден одағы Комиссиясының атом станциялары үшін жылу бөлу құрастырмалары өндірісіне арналған жиынтықтауыштарға қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 38 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық және экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.48-тармақшасымен толықтырылсын:

      "7.1.48. Қазақстан Республикасының кеден органына өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын растауды және осындай тауарлардың номенклатурасы мен саны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді ұсынған кездегі ЕАЭО СЭҚ ТН 8401 30 000 0 кодымен сыныпталатын және қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Француз Республикасынан немесе Германия Федеративтік Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінетін Қытай Халық Республикасының атом станциялары үшін AFA 3G типіндегі жылу бөлу құрастырмалары өндірісіне арналған жылына уран эквивалентінде 200 тоннадан астам жылу бөлетін құрастырмалар өндірісі үшін қажетті көлемдегі жиынтықтауыштар.

      Қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы барлық кезең ішінде әкелінетін жиынтықтаушылардың жалпы көлемі уран эквивалентіндегі 600 тоннадан аспайтын жылу бөлу құрастырмалары өндірісі үшін қажетті көлемге сәйкес келген жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацында көзделген жылға белгіленген лимиттен асатын көлемде атом станциялары үшін жылу бөлу құрастырмалары өндірісі үшін жиынтықтауыштарды бажсыз әкелуге жол беріледі.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдік ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға оларға қатысты тауарларға арналған декларация берілген, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның 2022 жылғы 17 наурыздағы № 38 шешімі күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының кеден органы тіркеген жағдайда қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта беріледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баж төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.47" деген цифрлар "7.1.48" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады