Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 114 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 50 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламенті туралы" № 114 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 50 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы
8 тамыздағы № 114 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1.2-тармақта "2022 жылғы 1 наурыз" деген сөздер "2025 жылғы 1 наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 3-тармақта "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешіммен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінде (ЕАЭО ТР 048/2019):

      а) көрсетілген техникалық регламентке № 3 қосымшада:

      3-тармақта "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "2024 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2027 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2029 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген техникалық регламентке № 5 қосымшада:

      1-кестедегі "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-кестедегі "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2023 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) көрсетілген техникалық регламентке № 6 қосымшаның 8-тармағының бірінші абзацында "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) көрсетілген техникалық регламентке № 9 қосымшада:

      1-кестедегі "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2024 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2027 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-кестедегі "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2023 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2028 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-кестелердегі "2023 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2028 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) көрсетілген техникалық регламентке № 12 қосымшаның 2-кестесіндегі "2023 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      е) көрсетілген техникалық регламентке № 13 қосымшада:

      мәтін бойынша "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2024 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2027 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен, "2023 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың екінші абзацының екінші сөйлемінде "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) көрсетілген техникалық регламентке № 14 қосымшаның 10-тармағында:

      екінші абзацтағы "2022 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2025 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "2023 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2026 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "2024 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздер "2027 жылғы 1 қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады