Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне балықтардың ұрықтандырылған уылдырықтарының жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 63 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, 2015 жылғы 16 қазандағы Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мен айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 132-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 0511 91 901 9 коды бар позициясында үшінші графада "1" сілтемесі "13" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) 1-сілтеменің күші жойылды деп танылсын.

      2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады