Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімінің 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 73 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 109 шешімінің 2-тармағының үшінші абзацы "ал көрсетілген 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсіміне жатқызылған тауарларға қатысты - егер аталған тізбеде өзге мерзім белгіленбесе, - 2 жыл." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады