Медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың қауіпсіздігінің, сапасы мен тиімділігінің сараптамасы қағидаларына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 84 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 31-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 4-бабының 2 және 4-тармақтарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 92-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Еуразиялық Экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген Медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың қауіпсіздігінің, сапасы мен тиімділігінің сараптамасы қағидалары 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың талаптары айналымы Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасымен реттелетін және әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлардың туындауы, оларды жою және олардың алдын алу, айналадағыларға қауіп төндіретін эпидемиялық аурулардың таралу қаупі, қолайсыз химиялық, биологиялық, радиациялық факторлардың әсері нәтижесінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу және мүше мемлекеттердің ең болмағанда біреуіне қатысты шектеу экономикалық шараларын енгізу жағдайларында мүше мемлекеттердің нарықтарында медициналық бұйымдардың болмау немесе болмай қалу қаупі жағдайларында қолдануға арналған медициналық бұйымдарға қатысты қолданылмауы мүмкін. Осы Қағидалардың талаптарын қолданбауға көрсетілген шарттардың қолданылуы барысында ғана жол беріледі.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады