Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың көшірмелерін тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін пайдалану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 85 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 35-бабына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 314-бабының 5-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 123-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық және азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 4-тармағында көзделген мақсаттар үшін тауардың шығарылғанын растау ретінде сртификаттың электрондық немесе қағаз көшірмесі көрсетілген сертификаттың түпнұсқасын кейіннен тауарларға арналған декларация тіркелген күннен бастап 6 айдан кешіктірілмеген мерзімде міндетті түрде ұсыну шартымен тауардың шығу тегі туралы сертификаттың электрондық немесе қағаз көшірмесі ұсынылуы мүмкін деп белгіленсін. Бұл жағдайда декларант көрсетілген мерзімде кеден органына тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсынатыны туралы қолмен жазады (еркін нысанда) немесе міндеттеме сертификаты көшірмесінің артқы жағына басып шығарады.

      2.  Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда тауардың шығу тегі расталмаған деп есептеледі.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады