Темекі (құрамында никотин бар) өнімдерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 111 шешімі.

      2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Темекі (құрамында никотин бар) өнімдерінің тізбесіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 44 шешіміне қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 111 шешіміне
ҚОСЫМША

Темекі (құрамында никотин бар) өнімдерінің тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Тауардың атауы" деген баған "*" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын.

      2. ЕАЭО СЭҚ ТН коды "2404-тен*" деген позиция алып тасталсын.

      3. Мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"2404 11 000

Жанбайтын, иіскеп соруға арналған, құрамында темекі бар өнім немесе қалпына келтірілген темекі
 

2404 12 000

Жанбайтын, иіскеп соруға арналған, құрамында никотин бар өзге өнім
 

2404 19 000

Жанбайтын, иіскеп соруға арналған, құрамында темекіні немесе никотинді алмастырғыштар бар өзге өнім".
 

      4. Сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын ғана басшылыққа алған жөн, тауардың атауы пайдаланудың ыңғайлы болуы үшін ғана келтірілген.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады