Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы (КО ТР 033/2013)

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 113 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Кеден одағы Комиссиясының 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) 61-тармағы мынадай мазмұндағы "д" тармақшасымен толықтырылсын:

      "д) 0,5 л – сұйық (бейімделген немесе ішінара бейімделген бастапқы немесе кейінгі қоспалар), ішетін сүт, ішетін кілегей, ашытылған сүт өнімдері. 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін Ресей Федерациясының аумағында ғана айналымға шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай өнімді Ресей Федерациясының аумағында оны өндіруші белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде айналымға жіберуге болады. Көрсетілген өнім Еуразиялық экономикалық одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланбайды және қаптамаға (ыдысқа) "Ресей Федерациясының аумағында ғана өткізу үшін" деген жазу жазылады.".

      2. Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) 61-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көзделген өнімге қатысты арнаулы тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде қамтылған өнімді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар) осы техникалық регламенттің 61-тармағының "д" тармақшасында көрсетілген өнімге қолданылады.

      3. Ресей Федерациясының Үкіметінен Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) 61-тармағының "д" тармақшасында көрсетілген өнімнің Ресей Федерациясының аумағында ғана айналымын қамтамасыз етуге және оны сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарлардың айналымын мониторингтеудің мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қадағалап тұруға бағытталған шараларды қабылдау сұралсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және ол қабылданған күннен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады