Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 120 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.2.9-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.2.9. Техникалық регламенттің 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын айналымға шығаруға және пайдалануға беруге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен және осындай көлік құралдары әкелінген мемлекеттің аумағында ғана (Армения Республикасының аумағында немесе Беларусь Республикасының аумағында) жол беріледі. Мұндай көлік құралдарына қатысты Техникалық регламентте көзделген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеуге жол берілмейді.

      Егер басқа мүше мемлекеттердің осындай көлік құралдарына қатысты заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тиісінше Армения Республикасының аумағын немесе Беларусь Республикасының аумағын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында Техникалық регламенттің 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын иелену, пайдалану, оларға билік ету құқықтарын жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      б) көрсетілген Шешіммен қабылданған Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "2023 жылғы 1 ақпанға дейін Армения Республикасының аумағына немесе Беларусь Республикасының аумағына шетелдік дайындаушылардың ресми өкілдері әкелетін (әкелген) M1 және M1G санаттарындағы доңғалақты көлік құралдарына қатысты № 2 қосымшаға сәйкес тізбе кестесінің 113 және 114-тармақтарын және № 3 қосымшаға сәйкес талаптардың 16 және 17-тармақтарын қоспағанда, Армения Республикасы Үкіметінің және Беларусь Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуге жол беріледі.".

      2. Көлік құралының Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес айналымға шығарылатыны туралы ақпарат және аумағында оны айналымға шығаруға болатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) атауы осындай доңғалақты көлік құралын тіркеу туралы куәлікте көрсетіледі.

      3. Армения Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметінен:

      Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес әкелінген доңғалақты көлік құралдарының тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді (олардың сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып);

      егер мүше мемлекеттер арасында (оның ішінде екі жақты форматта) өзге уағдаластықтарға қол жеткізілмесе, осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын басқа мүше мемлекеттердің аумағында әкетуге (оның ішінде уақытша) жол бермеуді қамтамасыз ету сұралсын.

      4. Осы Шешімнің орындалуын бақылауды мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады