Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 810 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 128 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 45-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты ветеринариялық шараларды қолданудағы алып қою туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 810 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) коды "29-топтан" деген позициядағы екінші бағандағы "қосылыстар" деген сөз "қосылыстар**" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы "**" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "** Лизинге және оның күрделі эфирлеріне, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2922 41 000 0 позицияда жіктелетін осы қосылыстардың тұздарына қатысты Кеден одағының Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіммен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаға сәйкес ветеринариялық шаралар қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады