Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 75 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 131 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 59-бабы 2-тармағының 5-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 1297-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе пайыз төлемей бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемені айқындау туралы" 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 75 шешімінің 1-тармағының үшінші абзацындағы "2022 жылғы 30 қыркүйек" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады