Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1.  Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3.6-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.6. 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

      3.6.1. Техникалық регламенттің 25-тармағы шетелдік дайындаушының уәкілетті өкілдері көлік құралының типін мақұлдауды (шасси типін мақұлдауды) жүргізу, оның қолданылуын тарату немесе ұзарту кезінде өтініш беруші болуға құқылы екендігін ескере отырып қолданылады.

      3.6.2. Техникалық регламенттің 26 тармағы қолданылмайды.".

      2.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен мынадай мәліметтерді:

      өтінімнің тіркелген күнін;

      көлік құралының (шасси) маркасын;

      көлік құралының (шасси) типін;

      көлік құралының (шасси) санатын;

      көлік құралының (шассидің) экологиялық класын;

      көлік құралын (шассиді) дайындаушыны;

      көлік құралы (шасси) осьтерінің санын қамтитын көлік құралының типін мақұлдауды (шасси типін мақұлдауды) ресімдеуге өтінімдердің тізілімдерін жүргізу және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ресми сайттарында жариялауды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешімнің орындалуын бақылауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.

      4.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады