"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР ТС 033/2013) өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 360 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 143 шешіміне
ҚОСЫМША

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР ТС 033/2013) енгізілетін өзгерістер

      1. Мәтін бойынша тиісті септіктегі "Кеден одағының кедендік аумағы" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақтың кедендік аумағы" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақ нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті сандағы және септіктегі "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекет" деген сөздер тиісті сандағы және септіктегі "Одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті септіктегі "Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімі" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті септіктегі "Кеден одағының техникалық регламенттері" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Алғы сөзде:

      а) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағында қолдануға және орындауға міндетті Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын сүт пен сүт өнімдеріне, оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ олардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін сүт пен сүт өнімдерін таңбалауға және буып-түюге қойылатын талаптарды белгілейді.";

      б) үшінші абзацтағы "Кеден одағының өзге де техникалық регламенттері" деген сөздер "Одақтың (Кеден одағының) өзге де техникалық регламенттері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 5-тармақта:

      а) алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қалпына келтірілген сүт" - сүт өнімі, оның ішінде байытылған, тұтынушылық қаптамаға оралған сүт өнімі немесе сүтті қалыпқа келтіру мақсатында майсыздандырылған сүт және (немесе) кілегей қосу арқылы немесе қоспай концентрацияланған немесе қоюландырылған, немесе құрғақ сүттен және судан өндірілген ішетін сүттен басқа, сүтті қайта өңдеу өнімдерін өндіруге арналған шикізат;";

      б) қырық алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "құрамында сүт бар балмұздақ" – майдың массалық үлесі 6 пайыздан аспайтын балмұздақ (құрамында сүт бар өнім);";

      в) қырық сегізінші абзацтағы "12" деген цифрлар "15" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      г) елуінші абзац "(мысалы, айран, сүзбе, тан, шалап, қаймақ, мацун, сүзілген мацун, құрт және басқалар);" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) елу бірінші абзац "қоспалар," деген сөзден кейін "хош иістендіргіштер," деген сөздермен толықтырылсын;

      е) алпыс екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "концентрацияланған, қоюландырылған сүтті қайта өңдеудің жанама өнімі" – құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 16 пайызға жеткенге дейін одан суды ішінара алып тастау арқылы өндірілген сүтті қайта өңдеудің жанама өнімі;";

      ж) тоқсан сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "балмұздаққа арналған құрғақ қоспа" – қалпына келтірілгеннен кейін балмұздақ өндіруге қажетті барлық компоненттері бар құрғақ сүт, сүт құрамдас немесе құрамында сүті бар өнім;";

      з) жүз алтыншы абзацтағы "42" деген цифрлар "41,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      и) жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "құрғақ сүт сарысуы" - құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 95 пайызға жеткенге дейін сүт сарысуынан суды алып тастау арқылы өндірілген сүтті қайта өңдеудің құрғақ жанама өнімі;";

      к) жүз жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сүзбе массасы" - сүттің құрамдас бөліктерін алмастыру мақсатында емес кілегей, сары май және сүт емес компоненттер қосылған немесе қосылмаған сүзбеден, қанттан және (немесе) тұздан өндірілген сүтті құрамдас өнім;";

      л) жүз жиырма тоғызыншы абзацтағы "ферменттік препараттар" деген сөздер "сүтті ұйытатын ферменттер, лактоза гидролизіне арналған ферменттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Сүттің және сүтті қайта өңдеу өнімдерінің атауларынан кейін өндіріс тәсілін, шикізат құрамының ерекшеліктерін, ашыту микроорганизмдерін пайдалануды сипаттайтын осындай өнімге қатысты басқа ұғымдар өнімнің ойлап тапқан атауын көрсету арқылы орналастырылуы мүмкін (бар болса), мысалы: "хош иістендірілген (хош иісі бар) сүзбе өнімі", "Таңғы балғындық" ашытылған сүт сусыны", "рекомбинацияланған кілегей". Сүттің және сүтті қайта өңдеу өнімдерінің атауындағы "қалыпқа келтірілген" ұғымын қаптамалардың жапсырмаларында көрсетпеуге жол беріледі.

      Осы техникалық регламентте белгіленген ұғымдар арасында болмаған кезде сүт өнімі мен сүтті құрамдас өнімнің атауын дайындаушы өнімнің ерекшеліктерін (органолептикалық, шикізаттық, физикалық-химиялық, технологиялық) ескере отырып белгілейді. Органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша осы техникалық регламентте бірнеше өнімге белгіленген талаптарға сәйкес келетін сүт өнімнің және сүтті құрамдас өнімнің атауларын қалыптастыру кезінде атаудағы бірнеше ұғымдарды біріктіруге жол беріледі.".

      5. 86-тармақтың "б" тармақшасының бесінші абзацындағы "граммдағы майдың массалық үлесін" деген сөздер "пайыздағы майдың массалық үлесінің орнына граммдағы май мөлшерін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 95-тармақ "Өнімнің атауы" деген сөздерден кейін ", осы техникалық регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 96-тармақ "дайындаушының атауын" деген сөздерден кейін
", "Құрамында өсімдік майлары бар" деген ақпаратпен толтырылған ақпараттық өрісті" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. Көрсетілген техникалық регламентке № 1 қосымшада:

      а) 1-кестеде:

      төртінші позиция мынадай редакцияда жазылсын:


"Ішетін кілегейлер,
оның ішінде стерильденгендер

10 – 34

2,6 – 1,8

8 – 5,2

–";
 
 

      алтыншы позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:


"Ашытылған сүт өнімдері **,
оның ішінде йогурт, қаймақ, сүзбеден басқа бифидобактериялары және басқа пробиотикалық микроорганизмдері бар ашытылған сүт өнімдері

9,9-дан көп емес

2,8 (майдың массалық үлесі 4 пайыздан асатын өнім үшін - 2,6)

7,8-ден аз емес

сүт қышқылды микроорганизмдер-кем дегенде 1 x 107 КОЕ ** * / см3 (г). Бифидобактериялар-мен және басқа пробиотикалық микроорганизмдер-мен, бифидобактериялар-мен және (немесе) басқа пробиотикалық микроорганизмдермен байытылған өнімдер үшін – кемінде 1 x 106 КОЕ/см3 (г) **
жарамдылық мерзімінің соңындағы ашытқы, мынадан кем емес: айран, ашытылған сүт үшін – 1 x 104 КОЕ/см3 (г), қымыз үшін – 1 x 105 КОЕ/см3 (г)

Су қосып өндірілген ашытылған

сүт өнімдері

9,9-дан

көп емес

1.4

(майдың массалық үлесі 4 пайыздан асатын өнім үшін – 1,3)

3,9-дан аз емес

сүт қышқылы микроорганизмдері –кемінде 1 x 107 КОЕ ***/см3 (г). Бифидобактериялармен және басқа пробиотикалық микроорганизмдермен, бифидобактериялармен байытылған өнімдер және (немесе) басқа пробиотикалық микроорганизмдер үшін – кемінде 1 x 106 КОЕ/см3 (г) **";

      жетінші позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Йогурт

10-нан
көп емес

3,2 ****

9,5-тен
аз емес *****

Сүт қышқылды микроорганизмдер – кемінде 1 x 107 КОЕ ***/см3 (г). Бифидобактериялармен және басқа пробиотикалық микроорганизмдермен, бифидобактериялармен байытылған өнімдер және (немесе) басқа пробиотикалық микроорганизмдер
үшін – кемінде 1 x 106 КОЕ/см3 (г) **";

      2-бағандағы оныншы позицияда "25" деген цифрлар "35" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      он тоғызыншы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Майлылығы жоғары кілегей

60 – 82,5

0,5

1,5

–";


      жиырмасыншы позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"Сүтті құрғақ сарысу

2-ден
көп емес

8-ден
аз емес*******

92-ден
аз емес

–";


      "*****" белгісі бар сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

      "*****Сүт құрамдас йогурттар үшін, онда тағамдық дәмдеу компоненттерін (жеміс-жидек, дәнді дақылдар және т. б.) алу мүмкін емес, МҚСҚ массалық үлесі, % міндетті түрде нормаланатын және бақыланатын көрсеткіш болып табылмайды.";

      мынадай мазмұндағы "*******" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "******* Ірімшікті құрғақ сүт сарысуы үшін ақуыздың массалық үлесі, % – кемінде 10%.";

      б) 4-кестеде 4-бағандағы бірінші позицияда "40" деген цифрлар "60" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      в) 6-кестеде бірінші позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Құрамында сүт бар

1 – 6

3 – 6

15,0

29,0

24

30 – 90";
 

21,0

31,0

90

      г) көрсетілген қосымшаға ескертпелер мынадай мазмұндағы
2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. "СОМО-ның массалық үлесі, %" көрсеткіші міндетті түрде нормаланатын және бақыланатын көрсеткіш болып табылмайды (ішетін сүтті, ішетін кілегей мен йогуртты қоспағанда) және дайындаушының қалауы бойынша белгіленеді.".

      9. Көрсетілген техникалық регламентке № 2 қосымшада:

      а) 1-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жылдам дайындалатын, майсыз, ашыған сүтті құрғақ сүт қоспалары
 

2х103 (37 – 50° С температурада қалпына келтірілетін қоспалар үшін),
3x103 (70 – 85° С температурада қалпына келтірілетін қоспалар үшін) (ашытылған сүт қоспалары мен пробиотиктері бар сүт қоспаларынан басқа).
Ашытылған сүт қоспаларында және пробиотиктері бар сүт қоспаларында: ацидофильді
сүт таяқшасы – кемінде 1x107 (оны пайдаланумен шығарған кезде), бифидобактериялар – кемінде 1x106 (оларды пайдаланумен шығарған кезде), сүт қышқылды микроорганизмдер кемінде 1x107 (кептіргеннен кейін қосқан кезде),
сүт қышқылды микроорганизмдер – кемінде 1x102 (кептіргеннен кейін қосусыз)

1

10

100

10

100

Д – 10
П – 50";

      б) мынадай мазмұндағы 181 және 182 позициялармен толықтырылсын:

"181. Қалпына келтіруден кейін термиялық өңдеуді қажет ететін құрғақ сусындар
 

2,5x


 

1,0
 

50
 

1,0
 

Д- 50
П-100

182. Жылдам дайындалатын құрғақ сусындар

2,0 x 103
(37 – 50°С температурада қалпына келтірілетін қоспалар үшін);
3·103,
көп емес, 70 – 85°С температурада қалпына келтірілетін қоспалар үшін

1,0
 

10

100

10

100

Д – 10
П – 50";

      10. Көрсетілген техникалық регламентке № 3 қосымшада бірінші және екінші позициялар мынадай редакцияда жазылсын:

"Ішетін сүт
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

мөлдір емес сұйықтық

біркелкі созылмай-тын сұйықтық

аздап қайнаған дәмі бар сүтке тән. Тәтті дәмге жол беріледі

ақ, майсыз сүт үшін көкшіл реңкпен рұқсат етіледі, ашық крем түсінен бастап крем түсіне дейін – қайнатылған, стерильденген, ультра пастерленген, ультра жоғары температурада өңделген сүт үшін, байытылған сүт үшін –
компонентті байыту үшін қолданылатын түске байланысты

Қалпына келтірілген сүт
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

мөлдір емес сұйықтық

біркелкі созылмай-тын сұйықтық

аздап қайнаған дәмі бар сүтке тән. Тәтті дәмге жол беріледі. Құрғақ сүттің дәміне жол беріледі, дәмі мен иісі аса білінбейді

ақ, майсыздандырылған сүт үшін көкшіл реңкпен, жеңіл кремді реңкпен – қалпына келтірілген еріген, стерильденген, ультра жоғары температурада өңделген, стерильденген сүт үшін, байытылған қалпына келтірілген сүт үшін – компонентті байыту үшін қолданылатын түске байланысты рұқсат етіледі.

      11. Көрсетілген техникалық регламенттің № 7 қосымшасында
2-бағандағы екінші позицияда "14" деген цифрлар "10" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      12. Көрсетілген техникалық регламентке № 8 қосымшада:

      а) 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


"2. Термиялық өңдеуден өткен сүт, кем дегенде пастерленген "******", флягалар мен цистерналардағы сүтті сусын

2x105

0,01

25

0,1

25


 
 


3. Сүт сарысуы және пахта:
а) тұтынушылық тарада
 
б) флягалар мен цистерналарда

1x105
 
2x105

0,01
 
0,01

25
 
25

1
 
0,1

 
 
25
 
25

 
 

 

 
 

 
– ";


      б) 11-тармақтың "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"б) жарамдылық мерзімі 72 сағ. аспайтындар

сүт қышқылды микроорганизмдер –
кемінде
1x106

0,01

25

0,1

Д – 100
П – 50";

      в) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Қоюландырылған сүт және концентрацияланған (қоюландырылған) сарысу, көлік қаптамасында, оның ішінде флягалар мен цистерналарда

2x105

0,01

25

0,1

25

–";


      г) 53 – 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"53. Айран қышқылындағы айранға арналған ашытқы

сүт қышқылды және (немесе) басқа ашытқы микроорганизмдері, кемінде
1 x 108

3

100

10

Д – кемінде 1x104
П – 5

54. Айран өніміне арналған симбиотикалық (сұйық) ашытқылар

сүт қышқылды және (немесе) басқа ашытқы микроорганизмдері, кемінде
1 x 108

3

100

10

Д – кемінде 1x104
П – 5

55. Таза дақылдандар ашытқылар:







а) сұйық, оның ішінде мұздатылғандар

сүт қышқылды және (немесе) басқа ашытқы микроорганизмдері, кемінде
1 x 108

10

100

10

5 жиынтығында

концентрацияланған ашытқылар үшін – кемінде 1x1010






б) құрғақ

сүт қышқылды және (немесе) басқа ашытқы микроорганизмдері, кемінде
1x109

1

10

1

5 жиынтығында";

концентрацияланған ашытқылар үшін – кемінде
1x 1010






      д) мынадай мазмұндағы "******" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "******Уытты элементтердің, ықтимал қауіпті заттардың, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклеидтердің, микроорганизмдердің және тотықытрғыш бұзғыштардың құрамындағы деңгейлер шикі сүтке қатысты "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) № 1 – 4 қосымшаларда және "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне" (КО ТР 033/2013) № 4 қосымшада белгіленген рұқсат етілген деңгейден аспауға тиіс. Сәйкестендіру көрсеткіштері "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) № 6 қосымшаның 1-кестесінде келтірілген параметрлерге сәйкес келуі тиіс.".

      13. Көрсетілген техникалық регламентке № 12 қосымшада:

      а) 1 – 3-бөлімдерде "Линол қышқылы" позициясында "май қышқылдарының сомасынан %" деген сөздер алып тасталсын;

      б) 4-бөлімде "линол қышқылы" позициясында "май қышқылдарының сомасынан %, кемінде" деген сөздер алып тасталсын;

      в) 5 және 6-бөлімдерде "күл" позициясы алып тасталсын;

      г) 9-бөлімнің атауы "және пайдалануға дайын сүт ботқалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) 10-бөлімде "Ылғал" позициясы мынадай редакцияда жазылсын:

"Ылғал*******

г, көп емес

8

–";



      е) мынадай мазмұндағы "*******" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      "******* Құрғақ өнімдер үшін.".

      14. Көрсетілген техникалық регламентке № 14 қосымшада:

      а) 1-тармақтағы "күл" позициясы алып тасталсын;

      б) 2-тармақтағы "кальциферол (Д)" позициясындағы "12,5" деген цифрлар "17,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      в) 3, 5 және 7-тармақтарда "күл" позициясы алып тасталсын.

      15. Көрсетілген техникалық регламентке № 16 қосымшада:

      а) 1-тармақтағы 1-бағанда:

      "Ақуыздар" деген сөз "Майлар, ақуыздар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", май қышқылдары" деген сөздер алып тасталсын;

      б) ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Майдың, ақуыздың, көмірсулардың, органикалық қышқылдардың, алкогольдің, талшықтың, май қышқылдарының, дәрумендер мен минералдардың массалық үлесі бойынша нақты көрсеткіштер сүт өнімдері өндірілетін және сәйкестендірілетін ұйымдардың нормативтік немесе техникалық құжаттарында немесе стандарттарында регламенттелген талаптарға сәйкес келуі тиіс.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады