Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаттарының тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 153 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімімен бекітілген Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей жол берілетін тауарлар санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 61-тармақпен толықтырылсын:

      "61. Азаматтық жолаушылар ұшақтары (ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 40 003 5 және 8802 40 003 6 кодтары) мынадай шарттары бір мезгілде сақтаған кезде:

      шетелдік тұлға декларант болып табылады;

      мұндай ұшақтар Еуразиялық экономикалық одақ кеден органы көрме-конгресс іс-шараларына (оның ішінде әскери мақсаттағы өнімдердің халықаралық көрмелеріне), халықаралық форумдарға, көпжақты және екіжақты үкіметтік кездесулерге және мүше мемлекет басшысының немесе мүше мемлекет үкіметінің шешімі бойынша өткізілетін өзге де осындай халықаралық іс-шараларға қатысатын шет мемлекеттер делегацияларының құрамына кіретін адамдарды тасымалдау үшін уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес осындай ұшақтарды шығарған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағы шегінде тұрақты емес (коммерциялық кестеден тыс) ұшуларда іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты мүше мемлекеттің мемлекеттік органының жазбаша растауы (еркін нысанда) болған кезде пайдаланылады.

      Көрсетілген растау өткізілетін іс-шараның атауы, оны өткізу мерзімдері, ұшақтың борттық (тіркеу) нөмірі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы шегінде жоспарланған әуе тасымалы маршруты (қону пункттері) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

      Кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлемей уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы шегінде уақытша болу мен пайдаланудың шекті мерзімі осындай кедендік рәсімге орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспауға тиіс.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады