Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесін тағайындау туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 2 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 41-тармағының үшінші абзацына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ұсынысы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Мақсат Сүйүналиевич Мамытқановты тағайындау кезінде айқындалған, қалған өкілеттіктер мерзіміне Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып, Елдар Туралиевич Әлішеров тағайындалсын.

      2. Дербес құрамнан Мақсат Сүйүналиевич Мамытқанов шығарыла отырып, Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқасының мүшесі (Министр) Елдар Туралиевич Әлішеров Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына енгізілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения Республика
сынан
 

Беларусь Республика
сынан
 

Қазақстан Республика
сынан
 

Қырғыз Республика
сынан
 

Ресей Федерация
сынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады