Жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жекелеген өнімдерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 6 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің 18-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  ЕАЭО СЭҚ ТН 2309 90 960 9 кодымен сыныпталатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын жекелеген өнімдерге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құннан 3 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2.  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  ЕАЭО СЭҚ ТН 2309 90 960 9 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "45С)" сілтеме "73С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) : Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 73С ескертпесімен толықтырылсын:

      "73С)  Кедендік құнның 3% мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2023 бастап 31.12.2023 дейін қоса алғанда қолданылады.";

      в)  Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 45С ескертпе күші жойылды деп танылсын.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады