Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың болуы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 8 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі – Комиссия) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі тиісінше – Хаттама, Шарт) 10-тармағының 3 және 4-тармақшаларына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 44 және 45-тармақтарына сәйкес оқыту, оқытуды және алынған білімді аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізу, қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, сертификатталған жария бухгалтерге кәсіби біліктілік беруді және болуын растайтын тиісті сертификатты – CIPA/СРА/СРА EURASIA әзірлеу және беру бойынша қызметтер көрсету кешеніне қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс (бұдан әрі – іс) бойынша трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы мәселені қарады.

      Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша, бәсекелестік саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына енетін халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілердің ережелерін негізге ала отырып, қосымшаға сәйкес осы Шешімнің сипаттамалық және дәлелдемелік бөлімдерінде ұсынылған істің нақты мән-жайы мен істі қарау жөніндегі комиссияның қорытындыларын зертей келе, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар есептеу әдістемесін және оларды салу тәртібін (бұдан әрі – Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібі) басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1. "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының (бұдан әрі – "ҚР КБП" БКҰ) (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А үй, 7-қабат, 703, 704-кеңсе, ТН 91758-1910-БКҰ, СТТН 600300511060, тіркелген күні 2008 ж. 15 сәуір, БСН 080440011737), "Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "ЕСМБИ" ЖШС) (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А үй, 703, 704-кеңсе, СТТН 600700699647 тіркелген күні 2014 ж. 9 сәуір, БСН 140440009917), "Қырғызстан кәсіби бухгалтерлері мен аудиторларының институты" қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – "ҚКБАИ" ҚБ) (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов көшесі, 115А үй, 3-қабат, 305-каб, ТН 146235-3301-ҚБ, тіркелген күні 2015 ж. 14 мамыр, СТСН 01405201510190) және "СИПАЕН" мекемесінің (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов көшесі, 115А үй, 3-қабат, 304-каб, ТН 127470-3301-У-е, тіркелген күні 2017 ж. 13 қараша, СТСН 00102201310152) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі көрсету сипатына, тәсіліне және орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасына және осындай қызмет көрсетулер санына қатысты немесе олардың өндірушісіне қатысты оқыту, оқытуды және алынған білімді аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізу, қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, сертификатталған жария бухгалтерге кәсіби біліктілік беруді және болуын растайтын тиісті сертификатты – CIPA/СРА/СРА EURASIA әзірлеу және беру бойынша трансшекаралық нарықта қызметтер көрсету кешенін тұтынушыларды жаңылыстырған және (немесе) жаңылысуға алып келуі мүмкін әрекеті (әрекетсіздігі) Шарттың 76-бабының 2-тармағы 2-тармақшасының ережелерін бұзушылық деп танылсын.

      2. Істі қарауды тоқтату үшін негіздемелер жоқ деп танылсын.

      3. Хаттаманың 16-тармағының 1-тармақшасына және Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібіне сәйкес мынадай айыппұлдар тағайындалсын:

      "ҚР КБП" БКҰ – 662 500 ресей рублі мөлшерінде;

      "ЕСМБИ" ЖШС – 662 500 ресей рублі мөлшерінде;

      "ҚКБАИ" ҚБ – 662 500 ресей рублі мөлшерінде;

      "СИПАЕН" мекемесіне – 662 500 ресей рублі мөлшерінде.

      Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдар Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіпте төлеуге жатады (айыппұлдарды төлеу үшін банк деректемелері: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) – БСК 204176, ТМК 913; Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) – СТСН 02802200610325, Код ИТН 004 Первомайский, алушы Первомайский АҚБ, БСК 440201, ҚР ҚМ жанындағы Орталық қазынашылық, е/шот 4402011001002463, төлемнің кіріс коды 14311400).

      4. "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі Шарттың 76-бабының 2-тармағы 2-тармақшасының ережелерін бұзатын әрекеттерді жасауды, соның ішінде:

      а) оларда тиісті қызметтер көрсету үшін аккредиттеу және (немесе) өзге де құқықтық негіздемелер болмаған жағдайда "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінде қызметтер көрсетуді алу мүмкіндігі туралы CIPA сертификаттаудан өткізу үшін талап етілетін қызметтерді тұтынушыларды және (немесе) әлеуетті тұтынушыларды хабардар етуді жүзеге асыруды;

      б)  оқыту, оқытуды және алынған білімді аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізу, қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, сертификатталған жария бухгалтерге кәсіби біліктілік беруді және болуын растайтын тиісті сертификатты – CIPA/СРА/СРА EURASIA әзірлеу және беру бойынша трансшекаралық нарықтарда қызметтер көрсету кешеніне қатысушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіруге ықпал ететін ақпаратты, соның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникциялық желісінде орналастыруды және таратуды тоқтатуға міндеттелсін.

      5.  "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі мынадай іс-әрекеттерді орындауға:

      а) осы Шешімнің 4-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген салдарларға алып келетін бұрын орналастырылған ақпаратқа қолжетімділікті алып тастауға;

      б)  "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің сертификаттау бағдарламасына және қызмет көрсету шеңберінде оларда ұсынылатын тізбеге көрсету сипатына, тәсіліне және орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасына және осындай қызмет көрсетулер санына қатысты немесе олардың өндірушісіне қатысты оқыту, оқытуды және алынған білімді аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізу, қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, сертификатталған жария бухгалтерге кәсіби біліктілік беруді және болуын растайтын тиісті сертификатты – CIPA/СРА/СРА EURASIA әзірлеу және беру бойынша трансшекаралық нарықта қызметтер көрсету кешенін тұтынушыларды жаңылыстыруды және (немесе) жаңылыстыру ықтималдығын болдырмайтын өзгерістер енгізуге міндеттелсін.

      6.  "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде осы Шешімнің 4 және 5-тармақтарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынуға міндеттелсін.

      7.  "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібінің 171-тармағының екінші абзацына сәйкес құқық бұзушылар Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей толық мөлшерде төлейтіні туралы хабардар етілсін. Айыппұл көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда Комиссия Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібінің 18-тармағына сәйкес осы Шешімді мәжбүрлі орындауға бағытталған шараларды қабылдайды.

      8.  "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 45-тармағына сәйкес осы Шешімнің 7-тармағында көзделген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде айыппұлдарды төлеу туралы Комиссияға хабарлау қажет екендігі туралы хабардар етілсін.

      9. Осы Шешімге белгіленген тәртіпте Еуразиялық экономикалық одақ Сотына шағым жасалуы мүмкін.

      10. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 8 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2023 жылғы 17 қаңтардағы № 8 шешімінің
СИПАТТАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛІК БӨЛІМДЕРІ

      Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) "Сертификатталған жария бухгалтерлер институты" қосымша кәсіби білім беру автономдық коммерциялық емес ұйымынан (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пыжев қиылысы, 7-үй, 2-құрылыс, НМТН 1157700015395, тіркелген күні 2015 жылғы 25 қыркүйек, СТСН 7706427206) (бұдан әрі – "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 76-бабының 2-тармағы 2-тармақшасының ережелерінің бұзылуының ықтимал белгілерінің болуы және мұндай бұзушылыққа жол бермеу қажеттілігі туралы 2020 жылғы 18 тамыздағы № нөмірсіз (2020 жылғы 20 тамыздағы кіріс № 13000) өтініші келіп түсті.

      2020 жылғы 10 қырйүекте Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті (бұдан әрі – Департамент) Шарттың 76-бабының 2-тармағы ережелерінің бұзылуы белгілерін жоюға және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерді орындау туралы ұсыныстардың жобасын әзірлеуге және жіберуге байланысты "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ өтінішін қарау тоқтатылды, бұл туралы 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 67/ұйғ. тиісті ұйғарымы шығарылды. Аталған ұсыныстардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) траншекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың ықтимал белгілері байқалатын тұлғалармен келісілмеуіне байланысты осы өтінішті қарау қайта басталды, бұл туралы 2020 жылғы 18 желтоқсандағы № 97/ұйғ. тиісті ұйғарымы шығарылды.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ өтінішін қарау нәтижелері бойынша және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешіміміен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу тәртібінің (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) 3-тармағының 1-тармақшасына, Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамаға (Шартқа № 19 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағына сәйкес Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді жүргізу туралы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 104/ұйғ. ұйғарымын (бұдан әрі – тергеп-тексеру шығарды және мына тұлғаларға (бұдан әрі – жауапкерлер) қатысты тиісті тергеп-тексеруді жүргізді:

      "Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтерлер палатасы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымы (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А үй, 7-қабат, 703, 704-кеңсе, ТН 91758-1910-БКҰ, СТТН 600300511060, тіркелген күні 2008 ж. 15 сәуір, БСН 080440011737) (бұдан әрі – "ҚР КБП" БКҰ);

      "Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 597А үй, 703, 704-кеңсе, СТТН 600700699647 тіркелген күні 2014 ж. 9 сәуір, БСН 140440009917) (бұдан әрі – "ЕСМБИ" ЖШС);

      "Қырғызстан кәсіби бухгалтерлері мен аудиторларының институты" қоғамдық бірлестігі (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов көшесі, 115А үй, 3-қабат, 305-каб, ТН 146235-3301-ҚБ, тіркелген күні 2015 ж. 14 мамыр, СТСН 01405201510190) (бұдан әрі – "ҚКБАИ" ҚБ);

      "СИПАЕН" мекемесі (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Ибраимов көшесі, 115А үй, 3-қабат, 304-каб, ТН 127470-3301-У-е, тіркелген күні 2017 ж. 13 қараша, СТСН 00102201310152).

      Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты Комиссия Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы 2021 жылғы 12 наурыздағы № 18/ұйғ. ұйғарымымен тергеп-тексеру жүргізу мерзімін 60 жұмыс күніне ұзартты.

      2021 жылғы 18 маусымдағы № 34/ұйғ. ұйғарымымен трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы іс (бұдан әрі – іс) қозғалды және мынадай құрамдағы істі қарау жөніндегі комиссия тағайындалды:

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасы, Департамент директоры Сушкевич А.Г.;

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары Қалиев А.А.;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департамент директорының орынбасары Королькова О.С.;

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Кривцун Е.П.;

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Иманбек Б.Т.

      Шешім қабылдау үшйін қосымша ақпарат алу қажеттілігіне байланысты 2021 жылғы 26 тамыздағы № 53/ұйғ. ұйғарыммен істі қарау мерзімі 60 жұмыс күніне ұзартылды.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 23-тармағына сәйкес 2021 жылғы 7 желтоқсанда істі қарау жөніндегі комиссия төрағасы, Департамент директоры Сушкевич А.Г. төмендегілердің қатысуымен:

      істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары Қалиев А.А.;

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департамент директорының орынбасары Королькова О.С.;

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Кривцун Е.П.;

      істі қарауға қатысушы тұлғалар:

      Бернацкая О.С., "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ өкілі (сенімхат бойынша);

      құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу (бейне-конференциялық байланыс арқылы) кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) уәкілетті органдардың өкілдері:

      Абраменко А.Н., Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің Әлеуметтік сала мен қызметтер басқармасының бастығы;

      Мельникова Т.И., Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің Әлеуметтік сала мен қызметтер басқармасының консультанты;

      Сағдат Ж.Б., Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Экономикалық интеграция басқармасының бас сарапшысы;

      Склярова Я.В., Федералдық монополияға қарсы қызметтің Жарнаманы және жосықсыз бәсекелестікті бақылау басқармасы бастығының орынбасары;

      Шемякина А.А., Федералдық монополияға қарсы қызмет Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының халықаралық жобалар бөлімі бастығының орынбасары;

      Жаринов В.С., "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ өкілі (сенімхат бойынша);

      жауапкерлердің (олардың өкілдерінің) қатысуынсыз.

      Істі қарау нәтижелері бойынша төмендегілер белгіленді.

      Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес Департамент тергеп-тексеру барысында өтініште баяндалған фактілер бойынша мүше мемлекеттердің органдарынан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда ақпарат сұратты.

      Әдістеменің 4-тармағына сәйкес Шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салуларды бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде бәсекелестіктің жай-күйін бағалау Әдістеменің 15-тармағына сәйкес өткізілетін тауарды алдын ала анықтаумен шектелуі мүмкін.

      Хаттаманың 11-тармағына және Әдістеменің 61 – 63-тармақтарына сәйкес бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың әрбір кезеңінде жасалған негізгі қорытындылар құпия ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар бұзылмайтын бөлікте баяндалған.

      Әдістеменің II бөлімінің ережелеріне сәйкес нарықты зерттеудің уақытша интервалы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін деп айқындалды.

      Әдістеменің 4-тармағының жетінші абзацы негізінде және 15-тармағының ережелерін ескере отырып тауарды алдын ала анықтау жүзеге асырылды және тауар нарығының өнімдік шекарасы ретінде төмендегілер белгіленді.

      СРА (Certified Public Accountant) сертификаттау процесті білдіреді және тиісті сала маманының біліктілік деңгейі мен құзыретін растау тәсілі және құралы болып табылады, оның нәтижелері бойынша сертификат беріледі. Сертификатты алу және (немесе) растау үшін нарықтың белгілі бір қатысушылары да, бөтен ұйымдар да ұсынатын ақылы және (немесе) ақысыз негізде көрсетілетін қызметтер қатарын алуды көздейтін белгілі бір талаптардың сақталуы талап етіледі.

      Халықаралық СРА сертификаттауды 1887 жылы құрылған және Америка Құрама Штаттарында тіркелген бухгалтерлік есеп, аудит және салықтар саласындағы кәсіби мамандарды біріктіретін ұлттық ұйым болып табылатын American Institute of Certified Public Accountants (AICPA) шаруашылық жүргізуші субъектісі жүргізеді.

      CPA біліктілігін кандидатқа олардың емтихандардан өту нәтижелері бойынша AICPA береді, аудит, шаруашылық жүргізу құқығы, қаржылық есеп, есептілік, салық салу саласындағы кәсіби білімді растайды және кәсіби бухгалтердің біліктілігін растау тәсілі болып табылады, сондай-ақ маманды іріктеу кезінде талаптар ретінде енгізілуі мүмкін.

      CPA сертификаттау тиісті кәсіби қызметке Америка Құрама Штаттары заңнамасының заң шығару және практикалық талаптары ескеріле отырып әзірленгенін назарға ала отырып, 2001 жылы Сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың халықаралық кеңесі (кейінірек "Сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың еуразиялық кеңесі" атауымен қайта тіркелген заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі, бұдан әрі – "СБАЕК" қауымдастығы) Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтердің біліктілігін растауға арналған сертификаттау жүйесі (Certified International Professional Accountant, бұдан әрі – CIPA), соның ішінде мүше мемлекеттер үшін әзірленген және ендірілген.

      CIPA – Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (IFAC) білім беру стандарттары мен БҰҰ Сауда және даму жөніндегі Конференциясы (ЮНКТАД) бекіткен бухгалтерлерді дайындаудың типтік оқу бағдарламасын ескеретін және 7 емтиханнан және 2 сертификаттау деңгейінен (сертификатталған бухгалтер-практик (Certified Accounting Practitioner, бұдан әрі – CAP) және сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтер (СІРА) өту қажеттілігін көздейтін бухгалтерлік есеп саласындағы кәсіби біліктілікті растау жүйесі.

      Іс материалдарында Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында оқыту, алған білімді бақылау (емтихандар) жұмыс тәжірибесі, жоғары білімінің болуы, бухгалтерлердің кәсіби қауымдастықтарына немесе бірлестіктеріне қатысуы талаптарына сәйкес болуын тексеру бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ біліктілікті арттыру немесе оны қолдау қызметтерінің және білім, құзырет және т.б. деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін ұсынатын СРА EURASIA (Қазақстан Республикасы), CIPA (Қырғыз Республикасы) және СРА (Ресей Федерациясы) бағдарламалары бар және айналымда екені туралы ақпарат ұсынылған. Көрсетілген бағдарламаларға қатысу тиісті сертификаттармен расталады.

      Іс материалдарына сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша СРА EURASIA (Қазақстан Республикасы), CIPA (Қырғыз Республикасы) және СРА (Ресей Федерациясы) бағдарламалары шеңберінде сертификаттау бойынша қызмет, тиісті сертификаттаудан өту, сондай-ақ алған білімді тиісті бақылау (емтихандар) үшін талап етілетін оқыту қызметтерін қоса алғанда, лицензияланбайтыны анықталды.

      СРА EURASIA (Қазақстан Республикасы), CIPA (Қырғыз Республикасы) және СРА (Ресей Федерациясы) бағдарламалары тиісті мүше мемлекеттердің заңнамасы деңгейінде де, Одақ құқығы деңгейінде де айоықша құқықтық реттелмейді.

      Тиісті бағдарламаның талаптарын орындауды, сондай-ақ алған білімді бақылаудан (емтихандар) сәтті өтуді растайтын құжат сертификат болып табылады.

      Іс материалдарында ұсынылған көрсетілген бағдарламалар шеңберінде қызметтерді ұсыну туралы шарттар тиісті сертификаттаудан өту үшін қажетті қызмет көрсетулер кешенін бір немесе әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері бір шарт шеңберінде де, бөлек те іске асыруы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл ретте қызмет көрсетуді және оның тиісті сертификаттау рәсімі үшін жеткілікті екендігін растау сертификат беруді жүзеге асыратын ұйым тарапынан қызметтер көрсетудің тиісті жеткізушісін тануы болып табылады.

      Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып оқыту, оқытуды және алынған білімді аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізу, қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, сертификатталған жария бухгалтерге кәсіби біліктілік беруді және болуын растайтын тиісті сертификатты – CIPA/СРА/СРА EURASIA әзірлеу және беру бойынша қызметтер көрсету кешенін өнімнің шекаралары (бұдан әрі – тауар нарығы) ретінде қарастыру қажет.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) 2-тармағында Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қолдану мақсатында, егер тауар нарығының географиялық шекаралары екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумағын қамтитын болса, нарық трансшекаралыққа жатқызылатыны белгіленген. Критерийлердің 3-тармағында егер іс-әрекеті белгіленген тыйым салуды бұзатын шаруашылық жүргізуші субъект және осындай іс-қимылдарды орындау нәтижесінде залал келтірілген немесе залал келтіруі мүмкін не іскерлік беделіне нұқсан келтірілген немесе нұқсан келтірілуі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъект-бәсекелес (бәсекелестер) әртүрлі мүше мемлекеттің аумағында тіркелген болса, шаруашылық жүргізуші субъектілердің Шарттың 76-бабының 2-тармағында белгіленген тыйым салуларды бұзуына жол бермеуді Комиссия жүзеге асыратыны белгіленген. Аталған тармаққа ескертпеде Критерийлердің шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты аталған ережелері тұлғалар тобына қолданылатыны ескертілген.

      Іс материалдарына, соның ішінде істі қарау шеңберінде ұсынылған "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және жауапкерлердің түсініктемелеріне сәйкес сертификаттауды өткізу және растайтын сертификатты алу үшін қажетті қызметтер көрсету үшін оларды ұсынатын аумаққа да, оны алуға ниеттенген тұлғаның азаматтығына және (немесе) тіркелген жеріне де қатысты шектеулер жоқ.

      Осылайша, сатып алушы (тапсырыс беруші) көрсетілетін қызметті сатып алады (тапсырыс береді) не көрсетілетін қызметті сатып алудың экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндігін иеленеді не көрсетілетін қызметті сатып алуды орынды деп санайды, бірақ бұл ретте мұндай мүмкіндігі болмайды не оны екі және одан көп мүше мемлекеттің, атап айтқанда Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағын қамтитын тауар нарығының географиялық шекарасынан тыс жерден сатып алуды орынды емес деп санайды.

      Әдістеменің 26-тармағын басшылыққа ала отырып, Шарттың 74-бабының 2-тармағы және 76-бабының 7-тармағы, Хаттаманың 9-тармағы және Критерийлердің 1 – 3-тармақтары негізінде, іс материалдарында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, жалпы және ішінара Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында тиісті сертификаттаудан өту үшін қажетті қызметтер көрсету кешенін сатып алу және қызмет көрсету мүмкіндігінің болуына қарай Комиссия тауар нарығы трансшекаралық болып табылады деген қорытынды шығарды.

      Іс материалдарына сәйкес тиісті сертификаттаудан өту үшін қажетті қызмет көрсету кешеніне енетін қызметтерді:

      Қазақстан Республикасында – "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС және "CPAKazakhstan" қоғамдық бірлестігі;

      Қырғыз Республикасында – "СИПАЕН" мекемесі, "ҚКБАИ" ҚБ және "БАБ" қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – "БАБ" ҚБ);

      Ресей Федерациясында – "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және "Сертификатталған кәсіби бухгалтер" коммерциялық емес әріптестігі (бұдан әрі – "СКБ" КӘ) ұсынады және ұсына алады.

      Баяндалғанды және тауар нарығы трансшекаралық болып табылатындығы фактісін ескере отырып, Шарттың 74-бабының 2-тармағы, Хаттаманың 9-тармағы және Критерийлердің 3-тармағы негізінде, сондай-ақ "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ Ресей Федерациясы аумағында, ал жауапкерлер – Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының аумақтарында тіркелуіне байланысты Шарттың 76-бабының 2-тармағын бұзушылыққа жол бермеу бұл жағдайда Комиссияның құзыретіне жатады.

      Шарттың 76-бабының 2-тармағын бұзушылыққа жол бермеу үшін тауар нарығының көлемін және оның шоғырлануын есептеудің заңды мәні бар салдарлары болмауына байланысты мұндай есептеу жүргізілмеді.

      Іс материалдарына қарай тауар нарығына кіру үшін еңсерілмейтін кедергілер анықталмады.

      Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша, соның ішінде істі қарау жөніндегі комиссия отырыстарының шеңберінде істі қарауға қатысқан тұлғаларды тыңдау, дәлелдемелерді, аталған тұлғалардың іске қатысушы басқа тұлғалар ұсынған дәлелдемелерге қатысты пікірлері мен түсіндірмелерін зерттеу нәтижелері бойынша төмендегілер белгіленді.

      2015 жылғы 15 маусымда "ЕСБАК" қауымдастығы (CIPA бағдарламасының тіркелген тауар белгілерінің алғашқы құқық иеленушісі) мен "ҚР КБП" БКҰ арасында бітімгершілік келісім жасалды (Алматы қ. Әуезов ауданы аудандық сотының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 2 ұйғарымымен бекітілген), оған сәйкес "ҚР КБП" БКҰ-ға CIPA бағдарламасына айрықша құқық және аталған бағдарламаны дербестендіруші № 18756, № 18757, № IR863397 куәліктері бар тауар белгілері (бұдан әрі – тауар белгілері) берілген.

      2016 жылғы 23 желтоқсанда "ҚР КБП" БКҰ және "ЕСМБИ" ЖШС CIPA бағдарламасы мен тауар белгілеріне айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасады.

      2017 жылғы 7 маусымда "ЕСМБИ" ЖШС және "ҚКБАИ" ҚБ CIPA бағдарламасы мен тауар белгілеріне айрықша құқықтарды басқаға беру туралы келісімге қол жеткізген.

      2017 жылғы 8 қыркүйекте "ҚКБАИ" ҚБ және JPM ASSET MANAGEMENT PTE. LTD (Сингапур Республикасы) CIPA бағдарламасы мен тауар белгілеріне айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасқан.

      Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының тізілімі деректеріне сәйкес 2019 жылғы 12 сәуірде JPM ASSET MANAGEMENT PTE. LTD компаниясына (Сингапур Республикасы) CIPA бағдарламасы мен тауар белгілеріне құқықтардың өтуі (иеленушіні ауыстыру) тіркелген.

      Осылайша, тауар нарығын зерттеудің уақытша кезеңінде CIPA сертификаттау қызметін ұсыну кезінде пайдаланылатын CIPA бағдарламасы мен тауар белгілеріне айрықша құқықтарды иеленушіні ауыстыру бірнеше рет тіркелген.

      2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде CIPA бағдарламасы мен тауар белгілеріне айрықша құқықтар, сондай-ақ оларды пайдаланудың заңдылығы мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында сотта істіі қаралуы мәні болып табылады. Сотта істің қаралуы туралы ақпарат мәмілеге қатысушыларға мәмілерлердің алдындағы да, содан кейінгі де кезеңде белгілі болған.

      "ЕСБАК" қауымдастығы зерттеу кезеңінде CIPA сертификатын алуды қалайтын бағдарламаға қатысушылар саны азайғанын көрсететін ақпаратты ұсынды, осылайша 2015 жылғы 15 маусымнан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде "ЕСБАК" қауымдастығының түсімі, соның ішінде "ЕСБАК" қауымдастығының мүшелері мен олардың аккредиттелген ұйымдарының түсімі төмендеген.

      "Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың палатасы" коммерциялық емес әріптестігі (бұдан әрі – "КББАП" КеӘ) 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде көрсетілген кезеңде сертификаттауға қатысты жағымсыз ақпараттық жағдай қалыптасуы және тұтынушылардың осы сертификаттарды алу үшін оқудан бас тартуы салдарынан CIPA сертификаттаумен айналыспағанын көрсететін ақпаратты ұсынды. Осыған байланысты емтихандар аз өткізілген және берілген сертификаттар саны да азайған.

      "СКБ" КеӘ CIPA бағдарламасы мен тауар белгілерін "ЕСБАК" қауымдастығына қайтаруға байланысты сот талқылауының ұзаққа созылуы тұтынушылардың (CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттауға қатысушылардың), жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың бағдарламаға сенімін азайтатынын және "ЕСБАК" қауымдастығы мен оның мүшелерінің CIPA сертификаттау шеңберінде қызметтер көрсетуге құқылы екендігіне күмән келтіретінін көрсететін ақпаратты ұсынды.

      "БАБ" ҚБ аталған сот талқылауының салдарынан өзінің іскерлік беделіне және CIPA бағдарламасының беделіне нұқсан келтірілгені туралы хабарлады.

      "Қазақстан Республикасының акдиторлар палатасы" Жария акционерлік қоғамы зияткерлік меншікті (№ 18756 куәлігі бойынша СІРА тауар белгісін, № 863397 халықаралық тіркеу бойынша СІРА тауар белгісін, орыс тіліндегі СІРА сертификаттау бағдарламасының 1-ші және 2-ші деңгейдегі пәндерін бағдарламалық қамтамасыз етуді) "ЕСБАК" қауымдастығына қайтару мәселесі бойынша ұзаққа созылған сот талқылаулары тұтынушылардың (СІРА бағдарламасы бойынша сертификаттауға қатысушылардың), жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың сенімін азайтатынын және "ЕСБАК" қауымдастығының осындай сертификаттауды өткізуге құқылы екендігіне күмән келтіретінін ескертті.

      "Қазақстан бухгалтерлерінің және бухгалтерлік ұйымдарының одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымы қазіргі уақытта үнемі СІРА бағдарламасын ("ЕСБАК" қауымдастығы әзірлеген және ендірген) дамытумен және пайдаланумен және ол бойынша сертификаттар берумен байланысты проблемаларға тап болатынын, себебі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) "ЕСБАК" қауымдастығы жоғарыла аталған тауар белгісінің меншік иесі болып табылмайтындығын хабарлағанын айтып түсіндірді. Көрсетілген мән-жайлар тиісті сертификаттаудан өту үшін қажетті қызмет көрсетулер кешенін тұтынушы үшін "ЕСБАК" қауымдастығынан мұндай қызметтер алудан бас тартуға себеп болып табылады.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және жоғарыда көрсетілген тұлғалар жоғарыда баяндалған фактілер жалпы алғанда "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС және "ҚКБАИ" ҚБ-ның CIPA бағдарламасы тауар белгілерін беру туралы шарттар жасасу жөніндегі әрекеттері:

      осындай іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС және "ҚКБАИ" ҚБ құқық иеленушілері болып табылатын CIPA тауар белгісінің атауын қамтитын сертификаттау бағдарламасын "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС және "ҚКБАИ" ҚБ жеке дара пайдалану құқығының болуы, бұл ретте CIPA бағдарламасын және оның дербестендіруші тауар белгілерін пайдалану құқығы "ЕСБАК" қауымдастығы мүшелері мен олардың аккредиттелген ұйымдарына теңдей дәрежеде тиесілі;

      бәсекелестердің іскерлік беделіне нұқсан келтіру арқасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде басымдыққа ие болуға бағытталған болуы мүмкін екендігін хабарлайды.

      "ЕСМБИ" ЖШС және "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ өздерінің сертификаттау бағдарламаларын қорғау үшін тіркеген және өз қызметінде оларды басымдыққа ие тиісті сертификаттаудан өту үшін қажетті қызметтер көрсету кешенін ұсынатын тұлғалар ретінде дербестендіруші ұқсас тауар белгілер пайдаланады.

      "ЕСМБИ" ЖШС 2020 жылғы 6 қазанда Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызметке (бұдан әрі – Роспатент) № 562793 (EICPA) куәлігі бойынша "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ тауар белгісін қорғауды ұсынуға қатысты наразылық берді.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ жоғарыда аталған наразылыққа құқық иеленуші пікірінде дизайн туындысына (графикалық белгілеу, кейінірек Роспатентте 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 562793 куәлік бойынша тауар белгісі ретінде тіркелген) авторлық құқықты иеленуші Жаринов В.С. болып табылатынын көрсетті, дәлелдеме ретінде Ресей Федерациясының Әділет министрлігі жанындағы "Ресей федералдық сот сараптамасы орталығы" федералдық бюджеттік мекемесінің аға мемлекеттік сот сарапшысы орындаған сараптамалық зерттеу туралы 2020 жылғы 25 қарашадағы № 4269/21-6-20 актісінің телнұсқасын, сондай-ақ 2020 жылғы 17 қарашадағы № 1711/20 қорытындыны ұсынды.

      "ЕСМБИ" ЖШС № 562793 куәлік бойынша тауар белгісін қорғауды ұсынуға қатысты наразылықты қарау шеңберінде тауар белгісі ретінде тіркелген кескінді "ҚР КБП" БКҰ үшін тауар белгісінің дизайнын жасау туралы 2014 жылғы 5 наурыздағы № 20140305 шарт бойынша дизайнер Абжанова З.А. арнайы дайындағанын көрсетіп, дәлелдеме ретінде аталған шартты ұсынды.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ жоғарыда аталған наразылыққа құқық иеленушінің пікіріне қосымша 2020 жылғы 17 қарашадағы № 207-11/2020 қорытындыны ұсынды, оған сәйкес шарттағы қолтаңбаларды әртүрлі тұлғалар қойған.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және "ЕСМБИ" ЖШС тауар белгілері ретінде ұқсас белгілерді (СРАEURASIA және СРА EURASIA) тіркеген және өз қызметтерінде пайдаланады.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ № 691746 (СРАEURASIA) куәлігі бойынша сөздік тауар белгісін тіркеген күні – 2019 жылғы 15 қаңтар (Ресей Федерациясы аумағында тауар белгісін құқықтық қорғау ұсынылған).

      ДЗМҰ ақпараттық жүйесі порталының (мына мекенжай бойынша: https://branddb.wipo.int/branddb/en/) деректеріне сәйкес "ЕСМБИ" ЖШС № 1375880 тіркеу нөмірімен "СРА EURASIA" құрамдас тауар белгісін тіркеген – тіркеу күні 2017 жылғы 9 наурыз (тауар белгісін құқықтық қорғау толығымен 2017 жылғы 23 қарашадан бастап Қырғыз Республикасының және 2018 жылғы 9 тамыздан бастап Беларусь Республикасының аумақтарында ұсынылған, Ресей Федерациясының аумағында 2019 жылғы 7 наурыздан бастап тек белгінің графикалық элементі ғана қорғалады), № 62076 куәлігі бойынша "СРА EURASIA" сөздік тауар белгісі тіркелген – тіркеу күні 2018 жылғы 9 қараша (құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған) және № 1411295 халықаралық тіркеу бойынша "СРА EURASIA" сөздік тауар белгісі тіркелген – тіркеу күні 2018 жылғы 16 сәуір (тауар белгісін құқықтық қорғау толығымен 2019 жылғы 7 наурыздан бастап Беларусь Республикасының аумағында, 2020 жылғы 6 тамыздан бастап Қырғыз Республикасының аумағында ұсынылған – Тауарлар мен қызметтерді халықаралық сыныптаудың 5 сыныбы бойынша).

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және "ЕСМБИ" ЖШС көрсетілген белгілерді өз қызметтерінде пайдаланатынын растайтын ақпаратты ұсынды.

      Іс материалдарына сәйкес CIPA бағдарламасын бастапқы әзірлеуші "ЕСБАК" қауымдастығы болып табылады, бұны оның жарғысы және "ЕСБАК" қауымдастығы мен оның мүшелері ұсынған мәліметтер растайды.

      CIPA үш компонентті бағдарламасы 2020 жылы БҰҰ Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) бекіткен бухгалтерлерді дайындаудың типтік оқу бағдарламасы базасында әзірленген және 7 емтиханнан және сертификаттаудың 2 деңгейінен (тиісінше CAP және CIPA) өтуді көздейді.

      Сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың халықаралық кеңесі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген CIPA сертификаттау туралы 2002 жылғы 31 қазандағы ережеге сәйкес осы бағдарлама бойынша емтихандарға әкімшілік етуді тәуелсіз емтихан желісі – Certified International Professional Accountant Examination Network (бұдан әрі – CIPA-EN Inc.) жүзеге асырады. Аталған ережені іске асыру үшін әрбір мүше мемлекетте CIPA-EN Inc. компаниясының аккредиттелген өкілдіктерді құрылып, олар емтихандарға әкімшілік ету бойынша құзыреттерді иеленді.

      Қырғыз Республикасында CIPA-EN Inc. өкілдігі 2004 жылы құрылды. CIPA бағдарламасын және оның дербестендіруші тауар белгілерін пайдалану құқығы "ЕСБАК" қауымдастығы мүшелері мен олар аккредиттеген ұйымдарға теңдей дәрежеде тиісілі болды.

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес "СИПАЕН" мекемесі 2013 жылғы 1 ақпанда құрылған (2017 жылы қайта тіркелген).

      Жарғыға сәйкес "СИПАЕН" мекемесі соның ішінде тәуелсіз біліктілік емтихандарын өткізуді және алған білімді бағалаудың жоғары кәсіби жүйесін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Іс материалдарында ұсынылған хаттарда "СИПАЕН" мекемесі CIPA емтихандарына әкімшілік ету және сертификаттар беру бойынша қызметті жүзеге асырады деп көрсетілген.

      "СИПАЕН" мекемесіне ол CIPA бағдарламасын дербестендіру үшін пайдаланатын № 15306 және № IR1408102 тауар белгілерінің құқықтары тиесілі.

      Осылайша, CIPA сертификаттау бойынша қызметтер көрсетуді бастаған тұлғалар (соның ішінде мүше мемлекеттерде) тек "ЕСБАК" қауымдастығы, "ЕСБАК" қауымдастығының мүшелері және олар аккредиттеген ұйымдар ғана болып табылады.

      "СИПАЕН" мекемесі өзін бұрын "ЕСБАК" қауымдастығына тиесілі болған CIPA бағдарламасының жаңа құқық иеленушісі ретінде көрсетеді.

      Осылайша, "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) http://cipaprogram.org/ news/74-rebrending-mezhdunarodnoy-sertifikacii-cipa-zaregistrirovan-vsemirnoy-organizaciey-intellektualnoy-sobstvennosti.html мекенжайы бойынша белгісіз тұлғалар тобына арнап мынадай мазмұндағы ақпараттық хабарлама орналастырылған:

      "CIPA бағдарламасы 20 жылға жуық уақыт бойы өзінің өзектілігін, сұранысқа ие болуын және бухгалтерия және аудит саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын әділ әрі бейтарап бағалауға кепілдік беретін бағдарлама мәртебесін сақтап келеді. CIPA бағдарламасы Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының, ХҚЕС жөніндегі комитеттің талаптарына сәйкес үнемі жаңартылып отырады.

      CIPA бағдарламасы – бухгалтерлерді кәсіби сертификаттаушы халықаралық бағдарламасы 2018 жылдың басынан бастап қорғауды күшейту және сәйкестендіру мақсатында ребрендинг туралы жариялады".

      "СИПАЕН" мекемесі Интернет желісіндегі өзінің сайтында "CIPA сертификаттарының түпнұсқалығы" бөлімінде "ЕСБАК" қауымдастығының қызметі басталған кезде, яғни ол әлі заңды тұлға ретінде тіркелмеген және CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған кезеңде берілген сертификаттардың үлгілерін орналастырған.

      CIPA бағдарламасының құрылымы туралы деректерді ("СИПАЕН" мекемесі мен "ЕСБАК" қауымдастығының CIPA сертификаттау туралы ережелерін қоса алғанда), ұсынылған әдебиет, оқу бағдарламалары, емтихандарды өткізу күндері, емтихандарға қатысу тәртібі туралы ақпаратты салыстыру нәтижелеріне қарай "ЕСБАК" қауымдастығы мен оның мүшелері 2002 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде іске асырған CIPA бағдарламасы мен "СИПАЕН" мекемесі 2017 жылдың соңынан бастап 2020 жылға дейін іске асырған CIPA бағдарламасы ұқсас болып табылатынын көруге болады.

      "СИПАЕН" мекемесінің аталған сертификаттаудан өткізуді реттейтін нормативтік құжаттары "ЕСБАК" қауымдастығының нормативтік құжаттарына ұқсас, ал "СИПАЕН" мекемесінің емтихандарды өткізу жоспарлары мен олардың мазмұны (тақырыптары мен бағалау критерийлері бөлігінде) "ЕСБАК" қауымдастығының емтихандарды өткізу жоспарлары мен олардың мазмұнына (елеусіз өзгерістермен) ұқсас.

      Осылайша, "СИПАЕН" мекемесі, "ҚКБАИ" ҚБ және "ЕСБАК" қауымдастығы мүшелерінің (атап айтқанда, "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ, "СКБ" КеӘ және "БАБ" ҚБ) CIPA бағдарламасы шеңберінде көрсететін сертификаттау бойынша қызметтері ұқсас болып табылады.

      "СИПАЕН" мекемесіне тиесілі және "CIPA" аббревиатурасын білдіретін (№ 1359932 және № 18757) № 18756, № 18757 және № IR863397 куәліктері бойынша және № 15306 және № IR1408102 куәліктері бойынша CIPA құрамдас тауар белгілері теңбе-тең (оларда бірдей символдар мен ұқсас шривтердің пайдаланылуына қарай).

      "ЕСБАК" қауымдастығы CIPA тауар белгісінің дизайнын 2004 жылы тауар белгісін осы дизайнмен алғаш тіркеуді жүзеге асырған және кейін "ЕСБАК" қауымдастығына 2005 жылы тауар белгілерін тіркеуге келісім берген CIPA-EN Inc. компаниясы әзірлегенін көрсетті.

      Осылайша, кейін "ЕСБАК" қауымдастығы № 18756 куәлігі бойынша және № 8633297 халықаралық тіркеу бойынша құрамдас тауар белгісі ретінде тіркеген дизайн туындысының айрықша құқығы CIPA-EN Inc. компаниясына тиесілі екендігі туралы қорытынды жасауға болады.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ патенттік сенім білдірілген өкіл М.А. Шилованың № 863397 халықаралық тіркеу бойынша құрамдас белгісі мен № 1408102 халықаралық тіркеу бойынша құрамдас белгісінің араласу деңгейіне дейінгі ұқсастығының болуы туралы 2021 жылғы 23 мамырдағы қортындысын ұсынды. Бұған қоса, жүргізілген сараптама барысында № 1408102 халықаралық тіркеу бойынша тіркелген белгі № 863397 халықаралық тіркеу бойынша тіркелген белгінің өңделген нұсқасын білдіретіні анықталды.

      "ЕСБАК" қауымдастығы "ЕСБАК" қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысы CIPA тауар белгісінің дизайнын өзгерту туралы шешім қабылдамағанын хабарлады. "СИПАЕН" мекемесі өзімде CIPA тауар белгісінің бастапқы дизайны туындысын өңдеуге және пайдалануға келісімі бар екені туралы дәлелдеме ұсынбады, CIPA тауар белгісінің құқық иеленушісі болып табылатынын және ұқсас белгіні ДЗМҰ-да өз бетінше тіркегенін хабарлады.

      № 1359932 және № IR1408102 куәліктері бойынша жаңа CIPA тауар белгілерін құқықтық қорғау Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында ұсынылады. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгілерін құқықтық қорғауды ұсынудан бас тартылған.

      Бұл фактілер "СИПАЕН" мекемесінің № 1359932 және № IR1408102 куәліктер бойынша тауар белгілерін тіркеу жөніндегі іс-әрекеті олардың бәсекелестердің қызметтерімен араластыру арқылы өз қызметтерін ілгерілету үшін белгіленуінде "CIPA" аббревиатурасы пайдаланылатын тауарды (тауар белгісін) дербестендіру құралын пайдалана отырып CIPA сертификаттауға арналған қызметтерді тіркеу және азаматтық айналымға енгізу арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде басымдыққа ие болуға бағытталғаны туралы куәландырады.

      Жарғыға сәйкес "ЕСБАК" қауымдастығы өз қызметін мүшелікке негізделген қауымдастық нысанында жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. "ЕСБАК" қауымдастығының жарғысы мүшелердің 2 санатын (толық және қауымдастырылған) көздейді және "ЕСБАК" қауымдастығының мүшелері коммерциялық емес үкіметтік емес кәсіби бірлестіктер, соның ішінде мүшелері халықаралық танылған бағдарламалар бойынша сертификатталған жеке тұлғалар болып табылатын бухгалтерлік есеп саласындағы кәсіби ұйымдар, сондай-ақ біхгалтерлік есеп және (немесе) аудит саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірлестіктері не жеке немесе заңды тұлғалардың мүшелігімен құрылған кәсіби ұйымдар болып табылады.

      "ЕСМБИ" ЖШС Интернет желісінде cpaeurasia.org мекенжайы бойынша белгісіз тұлғалар тобы үшін мынадай ақпаратты орналастырған:

      "Қазақстан Республикасында тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестік – CPA Eurasia бағдарламалары бойынша сертификаттайтын мүшелік ұйым. EICPA құрылымы: EICPA Бақылаушы Кеңесі. EICPA комитеттері: Біліктілік комитеті; Стандарттар жөніндегі комитет; Этика жөніндегі комитет/тәртіп комитеті; Емтихандар жөніндегі комитет; Апелляция комитеті. Комитеттер сарапшылардан – EICPA мүшелері ұйымдарының өкілдерінен – ТМД елдеріндегі бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы белгілі сарапшылардан құрылған. EICPA мүшелері: Кәсіби ұйымдар (толық және қауымдастырылған); Оқыту ұйымдары (қауымдастырылған мүшелік); Консалтингтік компаниялар (қауымдастырылған мүшелік); Аудиторлық компания (қауымдастырылған мүшелік); Жеке тұлғалар – EICPA-ның ресми өкілдері – Кәсіби ұйымдар жоқ елдердің CAP, CIPA, CPA EURASIA сертификаттарының иегерлері (қауымдастырылған мүшелік)".

      "ЕСМБИ" ЖШС жарғысына сәйкес оның жалғыз мүшесі және құрылтайшысы "ҚР КБП" БКҰ болып табылады.

      "ЕСМБИ" ЖШС жарғылық капиталы бар коммерциялық заңды тұлға нысанында құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Аталған серіктестікте мүшелік көзделмеген.

      Интернет желісінде cpaeurasia.org мекенжайы бойынша орналастырылған ақпарат "ЕСМБИ" ЖШС комитеттері мен "ЕСБАК" қауымдастығы комитеттері құрылымдарының ұқсастығы туралы куәландырады. Бұл ретте аталған құрылымдарды құру және қызметін реттеу туралы құжаттар ұсынылмаған.

      "ЕСМБИ" ЖШС және "ҚР КБП" БКҰ ұсынған CPA EURASIA сертификаттау бағдарламасы туралы ақпаратқа сәйкес CIPA сертификаттау бағдарламасы шеңберінде қойылатын талаптардың (соның ішінде пәндердің, сертификаттау шеңберінде тапсыру талап етілетін емтихандардың) ұқсас екені және "ЕСБАК" қауымдастығы беретін 1-ші және 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттары мен 1-ші және 2-ші деңгейдегі CPA EURASIA сертификаттары дизайнының сырттай визуалдық ұқсастығы анқынталды.

      "ЕСМБИ" ЖШС және "СИПАЕН" мекемесі арасында 2017 жылғы 15 ақпанда сертификаттауды өзара тану туралы келісім жасалған. Осы келісіммен аталған бағдарламалар бойынша берілетін сертификаттарды өзара есепке алу көзделген, сондай-ақ сертификаттаудың әрбір деңгейіне қолданылатын әрбір пән бойынша әрбір емтиханның жоспары шеңберінде пәндердің сәйкес келуі белгіленген. Осы келісімнің III бөліміне сәйкес CPA EURASIA бағдарламасының қатысушыларына 1-ші және 2-ші деңгейдегі CPA EURASIA сертификаттарының орнына тиісінше 1-ші және 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттары берілуі мүмкін.

      CIPA бағдарламасының қатысушыларына бағдарламалар арасындағы пәндердегі айырмашылықтар ескеріле отырып емтихандарды (мысалы, "Бизнес және кәсіби этика" пәні бойынша емтихан) тапсырғаннан кейін CPA EURASIA сертификаты берілуі мүмкін. "СИПАЕН" мекемесі ұсынған ақпаратқа сәйкес 2017 жылғы 15 қарашадан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде CIPA және CPA EURASIA бағдарламалары бойынша сертификаттарды өзара тану туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында 565 CIPA сертификаты берілген.

      "СИПАЕН" мекемесінің деректері бойынша өзара есепке алу рәсімі шеңберінде 1-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарын беру құны Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2017 жылы 249 590 теңгені, 2018 жылы – 1 611 350 теңгені, 2019 жылы – 2 575 500 теңгені, 2020 жылы – 1 750 140 теңгені құрайды.

      "СИПАЕН" мекемесінің ұсынған деректеріне сәйкес өзара есепке алу рәсімі шеңберінде 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарын беру құны Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2017 жылы 29 497 теңгені, 2018 жылы – 656 565 теңгені, 2019 жылы – 590 850 теңгені, 2020 жылы – 1 191 762 теңгені құрайды.

      "СИПАЕН" мекемесінің Қазақстан Республикасының азаматтарына берген 1-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарының жалпы саны 243 бірлікті, 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттары 73 бірлікті құрайды.

      Осылайша, "СИПАЕН" мекемесінің өзара есепке алу рәсімі шеңберінде сертификаттарды беруден алған жиынтық кірісі 8 655 254 теңгені құраған.

      "СИПАЕН" мекемесінің Қырғыз Республикасының азаматтарына берген 1-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарының жалпы саны 233 бірлікті, 2-ші деңгейдегі CIPA сертификаттарының сан 16 бірлікті құрайды.

      Оларды Сингапур Республикасында тіркелген компанияға берумен байланысты "CIPA" тауар белгілерін пайдалану мүмкіндігінің болмауы, сондай-ақ "СИПАЕН" мекемесінің жаңа "CIPA" тауар белгілерін тіркеуі салдарынан бәсекелес ұйымдар ("СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және "БАБ" ҚБ) және "ЕСБАК" қауымдастығы CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттауды жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылды.

      "ЕСБАК" қауымдастығы ұсынған ақпаратқа сәйкес 2015 – 2020 жылдардың ұқсас кезеңінде CIPA бағдарламасы бойынша берілген сертификаттардың саны Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында едәуір төмендеген және нөлге құлдыраған. "ЕСБАК" қауымдастығы аталған кезеңде Қазақстан Республикасында 1-ші деңгейдегі 229 бірлік және 2-ші деңгейдегі 10 бірлік, Ресей Федерациясында 1-ші деңгейде 4-бірлік және 2-ші деңгейде 0 бірлік, Қырғыз Республикасында 0 бірлік CIPA сертификатын берген. Бұл ретте 2010 – 2015 жылдар кезеңінде 1000-нан астам CIPA сертификаты берілген.

      Жоғарыда аталған CPA EURASIA сертификатымен өзара есепке алу рәсімінің қорытындысы бойынша берілген CIPA сертификаттарының үлесі (барлық CPA EURASIA сертификаттары арасында) 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезең ішінде 49,6 пайызды құраған. 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезең ішінде тек 1 дана 3-ші деңгейдегі CPA EURASIA сертификаты берілген.

      "ҚР КБП" БКҰ 1-ші және 2-ші деңгейдегі CPA EURASIA сертификатын және CIPA сертификатын беру құны сәйкес келеді және 1-деңгейдегі сертификат үшін 5 834 теңгені және 2-ші деңгейдегі сертификат үшін 8 751 теңгені құрайды.

      "ЕСБАК" қауымдастығының деректері бойынша Қазақстан Республикасында берілген CIPA сертификаттарының саны 1-ші деңгейдегі 123 сертификатты (CAP) және 2-ші деңгейдегі 5 сертификатты (CIPA) құрайды.

      "ЕСМБИ" ЖШС ұсынған берілген сертификаттардың саны туралы мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасындағы барлық қызметті тұтынушылардың басым бөлігі 1-ші және 2-ші деңгейдегі CPA EURASIA сертификаттарды қайта есепке алу үшін өтініш білдіре отырып, 1-ші және 2-ші деңгейдегі CIPA сертификатын алғанын көруге болады.

      CPA EURASIA сертификаттау бағдарламасы ("ҚР КБП" БКҰ деректері бойынша) 2017 жылы құрылған, ал CIPA сертификаттау бағдарламасы 2001 жылы құрылған. "ҚР КБП" БКҰ ұсынған CPA EURASIA сертификаттау бағдарламасы туралы мәліметтерге сәйкес бұл бағдарлама тек CIPA бағдарламасы негізінде ғана әзірленбеген, сонымен қатар оны дамытады және толықтырады. "ЕСМБИ" ЖШС мен "СИПАЕН" мекемесі арасында CPA EURASIA және CIPA сертификаттауды өзара тану туралы келісім 2017 жылғы 15 ақпанда жасалған.

      "ҚР КБП" БКҰ Интернет желісіндегі accountant.kz сайтында белгісіз тұлғалар тобына арналған мынадай мазмұндағы ақпараттық хабарламаны орналастырған: "CPA Eurasia бухгалтерлерді халықаралық сертификаттау CIPA сертификаттауды дамытуды жалғастырады". Осыған ұқсас ақпарат 2017 жылғы 14 шілдеде Интернет желісіндегі белгісіз тұлғалар тобына арнап "ҚКБАИ" ҚБ сайтында орналастырылды, ал 2019 жылғы 13 қыркүйекте CPA EURASIA сертификаттау бағдарламасының әкімшісі болып табылатын "ЕСМБИ" ЖШС сайтында CPA EURASIA сертификаттау туралы белгісіз тұлғалар тобына арналған ақпарат орналастырылған. Көрсетілген ақпарат тұтынушыларда CPA EURASIA сертификаттау CIPA сертификаттауға ұқсас екендігі туралы сенімді қалыптастыруға ыпал еткен, бұл белгісіз тұлғалар тобының (тұтынушылардың) сертификаттау бойынша осындай қызметтерді пайдалануына түрткі болуы мүмкін.

      "ҚР КБП" БКҰ Интернет желісіндегі cipaprogram.org сайтында "Жаңалықтар" бөлімінде 2015 жылғы 21 қазанда белгісіз тұлғалар тобына арналған мынадай мазмұндағы ақпараттық хабарламаны орналастырды: "Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты (бұдан әрі мәтін бойына – EICPA) CIPA сертификаттаудың жаңа иесі болып табылады және ЕСБАК-тың CIPA сертификаттау жөніндегі жұмысын жалғастырады. EICPA қауымдастығы ТМД елдерінің көптеген бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдарын қамтитын халықаралық бірлестік болып табылады".

      "ҚКБАИ" ҚБ өзінің Интернет желісіндегі uchet.kg мекенжайы бойынша ресми сайтында белгісіз тұлғалар тобына арнап мынадай мазмұндағы ақпараттық хабарламаны орналастырған: "ҚР ЖБАИ – CIPA бағдарламасының құқық иеленушісі Еуразиялық Сертификатталған Жария Бухгалтерлер Институтының (EICPA) мүшесі".

      "СИПАЕН" мекемесі 2017 жылғы 3 тамыздан бастап cipaprogram.org доменінің әкімшісі болып табыла отырып Интернет желісінде cipaprogram.org мекенжайы бойынша "EICPA", "CIPA", "CIPA сертификаттау" бөлімдерінде белгісіз тұлғалар тобына арнап мынадай ақпаратты орналастырған:

      "Еуразиялық Сертификатталған Жария Бухгалтерлер Институты. EICPA Еуразия өңірінде ЕСБАК-тың бухгалтер және аудитор мамандығының мәртебесін дамытуға және арттыруға жәрдемдесу, Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ) мен Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандарттары жөніндегі Комитет (БЕХСК) әзірлеген халықаралық кәсіби стандарттар мен кәсіби этиканы ендіру және пайдалану жөніндегі жұмысын жалғастырады. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін EICPA мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: ХБФ ұсынымдары негізінде бухгалтер және аудит мамандығына қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлейді және қолдау көрсетеді; бухгалтерлер мен аудиторларды тестілеу мен сертификаттаудың бірыңғай жүйесін құруға және қызметіне қатысады; EICPA әртүрлі қызмет түрлері бойынша Комитеттер құрады; халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік органдарда және жеке меншік құрылымдарда EICPA мүшелерінің мүдделерін ұсынады.

      Емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін Сізге EICPA мүшесі болып табылатын кәсіби қауымдастыққа кіру қажет. Барлық біліктілік талаптарын орындаған жағдайда кәсіби қауымдастық Сізге сертификат беру туралы өтінішпен CIPAEN-ге өтінішхат жібереді".

      "ЕСМБИ" ЖШС белгісіз тұлғалар тобына жоғарыда аталған өңірде ЕСБАК жұмысын жалғастыратыны туралы хабарлады. Бұл тұтынушыларды хабарламаларда аталған Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты (EICPA) "ЕСБАК" қауымдастығының заңды мұрагері болып табылатыны туралы сенімін қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін. Бұл ретте "ЕСМБИ" ЖШС "ЕСБАК" қауымдастығының заңды мұрагері болып табылмайды.

      "ЕСМБИ" ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады, оның негізгі қызметі пайда табу болып табылады, бұл үшін "ЕСМБИ" ЖШС өзінің жарғысында көзделген және заңнамамен тыйым салынбаған коммерциялық қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.

      "ЕСМБИ" ЖШС жарғысының 3.1-тармағына сәйкес "ЕСМБИ" ЖШС құру және қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасы саласында кадрлар даярлау немесе қайта даярлау болып табылады, оны іске асыру үшін аталған серіктестік жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асырады.

      "ЕСБАК" қауымдастығы ұсынған ақпаратқа сәйкес ол "ЕСМБИ" ЖШС-ға өзінің өкілі ретінде түсуге уәкілеттік бермеген және ол оның заңды мұрагері болып табылмайды, сонымен қатар аталған серіктестік онда CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттау үшін қажетті қызметтерді ұсынуға аккредиттемелген.

      Белгісіз тұлғалар тобына арнап нақты емес, бұрмаланған және (немесе) шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату тұтынушыларды CIPA сертификаттау бағдарламасы шеңберінде қызметтер ұсынатын тұлға ретінде "ЕСМБИ" ЖШС қызметі туралы жаңылысуға алып келуі мүмкін.

      "СИПАЕН" мекемесі заңды тұлға ретінде 2013 жылы тіркелген. Бұл ретте 2004 жылғы 26 ақпанда Қырғыз Республикасында "Сертификатталған халықаралық кәсіби бухгалтерлердің Қырғыз Республикасындағы емтихан желісі" мекемесі нысанында коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретінде тіркелген. Осылайша, аталған ұйым 2013 жылы "СИПАЕН" мекемесі тіркелгенге дейін нарықта заңды тұлға ретінде белгілі болған.

      "ЕСБАК" қауымдастығы ұсынған ақпаратқа сәйкес "СИПАЕН" мекемесі жоғарыда аталған коммерциялық емес ұйымның заңды мұрагері болып табылмайды және ол осы ұйымды құруға, сондай-ақ cipaprogram.org сайтын тіркеуге өзінің келісімін бермеген.

      Осылайша, "СИПАЕН" мекемесінің "СИПАЕН" және "CIPA-EN" белгілерін пайдалануы тұтынушылардың және нарықтың басқа қатысушыларының бұрын "ЕСБАК" қауымдастығымен жұмыс істеген CIPA-EN Inc. компаниясының өкілдіктерімен байланыстыруын тудыруға бағытталуы мүмкін.

      Іс материалдарында мынадай тәсілдермен:

      CIPA бағдарламасына қатысушылардың электрондық пошта мекенжайларына ақпараттық жаппай жөнелту арқылы;

      Интернет желісінде cipaprogram.org мекенжайы бойынша "Жаңалықтар" бөлімінде ақпараттық хабарлама орналастыру арқылы белгілі бір тұлғаларға да, белгісіз тұлғалар тобына да EICPA тауар белгісінің CPA EURASIA тауар белгісіне ауысуы туралы мәліметтерді тарату туралы ақпарат (құжаттар, мәліметтер) ұсынылған.

      Мәселен, 2017 жылғы 12 маусымда no-reply@cipaprogram.org электрондық пошта мекенжайынан барлық CIPA бағдарламасы қатысушыларының, соның ішінде емтихандар тапсыру үшін тіркелген тұлғалардың электрондық пошта мекенжайына жоғарыда көрсетілген мазмұндағы ақпараттық хатты тарату жүзеге асырылған, бұл ретте көрсетілген күні cipaprogram.org доменінің әкімшісі "Р КПБ" БКҰ болып табылған.

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ осы жаппай жөнелтуде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны көрсетілмеуі салдарынан көрсетілген ақпарат тұтынушыларды жаңа тауар белгісіне ауысуды жүргізген субъекті туралы жаңылысуға алып келуі мүмкін екендігін болжалдайды.

      Сонымен бірге "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және "БАБ" ҚБ ұсынған материалдар "EICPA" белгісі мен тиісті тауар белгісі сертификаттарда сертификатты беретін тұлғаны – Еуразиялық сертификатталған жария бухгалтерлер институты қауымдастығын білдіру үшін пайдаланылғанын көрсетеді.

      2017 жылғы 29 маусымда no-reply@cipaprogram.org электрондық пошта мекенжайынан CIPA бағдарламасы қатысушыларының, соның ішінде емтихандар тапсыру үшін тіркелген тұлғалардың электрондық пошта мекенжайына мынадай мазмұндағы тақырыбы бар ақпараттық хабарламаны жаппай жөнелту жүзеге асырылған: "Еуразиялық Сертификатталған Жария Бухгалтерлер Институты (EICPA) ребрендинг туралы хабарлайды!".

      Көрсетілген ақпараттық хабарламада сонымен қатар 2017 жылғы 15 мамырдан бастап CIPA сертификаттары "СИПАЕН" мекемесі тарататын CPA EURASIA жаңа тауар белгісінің қорғалуымен шығарылатыны туралы мәліметтер қамтылған.

      Өз кезегінде "ЕСМБИ" ЖШС 2017 жылғы 8 маусымдағы шарт бойынша "ҚКБАИ" ҚБ-ға CIPA бағдарламасы мен тауар белгісіне айрықша құқықты берген. Осылайша, "ЕСМБИ" ЖШС жаппай жөнелту күні (2017 жылғы 29 маусым) көрсетілген ақпараттық хабарламада көрсетілгендей CIPA сертификаттау бағдарламасына және тауар белгісіне айрықша құқықты иеленбеген.

      2017 жылғы 12 маусымда no-reply@cipaprogram.org электрондық пошта мекенжайынан "СИПАЕН" мекемесі бағдарлама қатысушыларының электрондық пошта мекенжайына "ЕСМБИ" ЖШС

тауар белгісінің (тауар белгісінің кескіні мынадай түрде ұсынылған: көгілдір түсті фонда ақ түсті бас әріптермен "CPA" жазбасы көрсетілген, оның астынан қызыл сызық жүргізіліп, оның үстіне ақ фонда қызыл түсті бас әріптермен "EURASIA" жазбасы көрсетілген) құқық иеленушісі болып табылатыны туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық хабарламаны жаппай жөнелтуді жүзеге асырған, бұл ретте қолданылған белгі заңды тәртіппен белгіленген қорғалатын тауар белгісі болып табылатынын көрсететін "®" белгісімен бірге көрсетілген.

      Өз кезегінде көрсетілген белгі 2017 жылғы 23 қарашадан бастап, яғни ол ДЗМҰ-да тіркелген күннен бастап қана халықаралық құқықтық қорғауға ие болды.

      "ҚКБАИ" ҚБ Интернет желісіндегі uchet.kg мекенжайы бойынша өзінің ресми сайтында белгісіз тұлғалар тобына арнап "БАБ" ҚБ-ның CIPA сертификаттау бағдарламасы шеңберіндегі қызметі туралы ақпаратты таратты. Мәселен, 2017 жылғы 5 маусымда аталған сайтта "Назар аударыңыз! CIPA бағдарламасы бойынша жалған емтихандар!" деген тақырыпта 2017 жылдың басынан бастап "БАБ" ҚБ және "КБАП" КеӘ Қырғыз Республикасы аумағында CIPA тауар белгісін пайдалану, CIPA бірлескен екі деңгейлік сертификаттарын беру және одан әрі қолдау көрсету құқықтары кері қайтарылып алғаны туралы нақты мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтерді қамтитын ақпараттық хабарлама орналастырылған.

      2017 жылғы 23 маусымда "ҚКБАИ" ҚБ Интернет желісінде uchet.kg мекенжайы бойынша белгісіз тұлғалар тобына арналған Қырғыз Республикасындағы CIPA тауар белгілерінің және аттас сертификаттаудың құқық иеленушісіне қатысты ақпараттық хабарлама орналастырған. Көрсетілген ақпараттық хабарламада "БАБ" ҚБ және "КБАП"КеӘ тиісті шарттың үзілуі себепті Қырғыз Республикасында CIPA бағдарламасы бойынша сертификаттар беруге және сертификаттауды жүргізуге құқықтары жоқ екендігі туралы мәліметтер қамтылған. Іс материалдарына сәйкес көрсетілген ақпараттық хабарламалар Интернет желісінде орналастырылған және электрондық пошта арқылы жапай жөнелтуді жүзеге асыру сәтінде "ЕСМБИ" ЖШС CPA EURASIA тауар белгісіне айрықша құқықты әлі иеленбеген, себебі аталған белгі Қырғыз Республикасында 2017 жылғы 23 қарашада тіркелген.

      Шарттың 74-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары мүше мемлекеттер аумақтарындағы бәсекелестікке қарсы әрекеттерді және екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін әрекеттерді анықтауға және олардың жолын кесуді қамтамасыз етуге бағытталған.

      Хаттаманың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес бәсекелестік шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-әркеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты тәртіппен ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы ретінде анықталады.

      Шарттың 76-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жосықсыз бәсекеге, соның ішінде тұтынушыларды тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға жол берілмейді.

      Хаттаманың 2-тармағының 14-тармақшасында жосықсыз бәсеке – бұл мүше мемлекеттердің заңнамасына іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген әрекеттері екендігі белгіленген.

      Көрсетілген нормаларды өзара байланыстырып оқу Одақ құқығымен мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған тұтынушыларды тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруда көрініс табатын кез келген әрекеттерге тыйым салынғаны туралы куәландырады.

      1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының (бұдан әрі – Конвенция) 10-bis бабының 2-тармағымен жосықсыз бәсеке актісі деп өнеркәсіптік және сауда істеріндегі адал дәстүрлерге қарама-қайшы келетін әр түрлі бәсекелестік актісі саналатыны белгіленген.

      Баяндалғанды ескере отырып мынадай фактілердің жиынтығы жосықсыз бәсеке деп саналады:

      шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталуы;

      мүше мемлекеттердің заңнамасына, іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келу;

      басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық суъектілеріне) – бәсекелестерге нұқсан келтіру (келтіру ықтималдығы) немесе олардың іскерлік беделіне зиян келтіру (келтіру ықтималдығы).

      Шарттың 76-бабының 2-тармағы жосықсыз бәсекенің ықтимал түрлерінің ашық тізбесін қамтиды және түбегейлі болып табылмайды, осыған байланысты Хаттаманың 2-тармағы 14-тармақшасының талаптарына жауап беретін кез келген өзге әрекеттер жосықсыз бәсеке деп танылуы мүмкін.

      Жосықсыз бәсекеге тыйым салынуы себепті шаруашылық жүргізуші субъектілер олардың нарықтағы жағдайына тәуелсіз экономикалық қызметті жүргізу кезінде заңнамаға және (немесе) азаматтық айналымда қалыптасқан қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік туралы ұғымдарға қайшы келетін мінез-құлықтан қалыс қалуы міндетті (Конвенцияның 10-bis бабы, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасында, сондай-ақ осы мүше мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасында осыған ұқсас ережелер қамтылған).

      Шаруашылық жүргізуші субъектінің өз қызметін жүргізу кезінде азаматтық және өзге де заңнама нормаларын бұзушылығы, соның ішінде зияткерлік қызметтің қорғалатын нәтижесін немесе дараландыру құралдарын заңға қайшы пайдаланған жағдайы өз алдына жосықсыз бәсеке актісін жасауды білдірмейді.

      Жосықсыз бәсекеге тыйым салуды бұзушылық туралы дауды қарау кезінде мынадай фактілердің жиынтығы белгіленуі тиіс:

      шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекелестік жағдайына ықпал етуге қабілетті әрекеттерді жүзеге асыруы;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің таңдап алған нарықтағы бәсекелестік тәсілінің осыған ұқсас жағдайда өзінің мүліктік мүддесін көздейтін, бірақ азаматтық құқықтар мен адал іскерлік практиканы жүзеге асыру шегінен шықпайтын кез келген субъектіден күтетін мінез-құлықтан айырмашылығы;

      шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде мінез-құлқының, атап айтқанда нарыққа өзге қатысушылардың есебінен, соның ішінде сатып алушылардың (тұтынушылардың) таңдауына, адал бәсекелесетін өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүмкіндігіне ықпал ету арқылы мүліктік пайда басымдығын немесе пайда түсіру мүмкіндігін иеленуге, шаруашылық жүргізуші субъектілерге – бәсекелестерге өзге де ұқсас тәсілдермен зиян келтіруге (мысалы, өзгенің іскерлік беделін пайдалану (түсіру) нәтижесінде) бағытталуы.

      Істі тергеп-тексеруді жүргізу және қарау барысында мынадай жайттар анықталды:

      көрсетілген сертификаттау бағдарламалары мен оларды өткізу шеңберінде ұсынылатын қызметтердың құрылымы, соның ішінде сертификаттау деңгейлерінің болуы, кандидаттарды сертификаттауға қойылатын талаптар, кәсіби деңгейдің болуын және құзыретті растау мерзімдері мен критерийлері, біліктілікті арттыруға қойылатын талаптар, кәсіби қоғамдастықтар мен қауымдастықтарға мүшелілі бойынша міндеттемелер және т.б. бөлігіндегі ұқсастық;

      "ЕСМБИ" ЖШС қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы мен "ЕСБАК" қауымдастығы қызметінің құрылымы бөлігіндегі ұқсастық;

      сертификаттау қызметтерін көрсету нарығына қатысушылар жасасқан өзара тану туралы келісімдедің болуымен расталатын бағдарламаларды өзара алмасушылық;

      CPA EURASIA бағдарламасын CIPA бағдарламасын жалғастырушы және дамытушы ретінде жайғастыру, "ЕСМБИ" ЖШС мен "СИПАЕН" мекемесі арасында өзара тану туралы келісімді жасасу және іске асыру;

      CPA EURASIA сертификаттау бағдарламасы шеңберінде берілген сертификаттар санының артуы және сонымен бір уақытта CIPA сертификаттау бағдарламасы шеңберінде, соның ішінде өзара тану бағдарламалары бойынша берілген сертификаттар санының азаюы;

      "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ сотта қорғау құқықтарын жауапкерлердің, сондай-ақ өзге тұлғалардың іске асыруы, олардың сот процестері шеңберіндегі, соның ішінде зияткерлік қызмет нәтижелеріне және тауар белгілеріне меншік құқығын беру және (немесе) құқығынан айыру жөніндегі мәмілелерді, көрсетілген тұлғалардың жекелеген әрекеттері мен шешімдерін жарамсыз деп тану туралы талаптары "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ мен жауапкерлердің қаралатын тауар нарығындағы бәсекелік қарым-қатынастары туралы куәландырады.

      Баяндалғанды басшылыққа ала отырып және "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "СИПАЕН" мекемесі және "ҚКБАИ" ҚБ өз қызметі, бәсекелестердің қызметі туралы ақпаратты таратуы бойынша іс-әрекеттері, оларда CIPA сертификатталған мамандардың байланыс деректерінің болуы туралы іс материалдарын зерделеп, Одақтың бәсекелестік саласындағы құқықтары ережелерін негізге ала оытрып, істі қарау жөніндегі комиссия жауапкерлердің аталған іс-әрекеттерінің жиынтығы жеке алғанда да, барлық жауапкерлер құрамында да өзінің кәсіпкерлік қызметінде басымдыққа ие болуға бағытталған, мүше мемлекеттердің заңнамасына, Шарттың ережелеріне, іскерлік айналым дәстүрлеріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келеді, "СМБИ" ҚКБ АКЕҰ және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) нұқсан келтірген және келтіруі мүмкін, сондай-ақ олардың іскерлік беделіне зиян келтірген және келтіруі мүмкін деген қорытындыға келді.

      Істі қарау шеңберінде "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесіне Істерді қарау тәртібінің 13-тармағында көзделген барлық құқықтарды іске асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұған қоса, олардан іс бойынша олардың іс-әрекеттерінде трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың болуына қатысты дәлелдерді, сондай-ақ Шарттың 76-бабын ықтимал бұзушылықпен келісу немесе келіспеу позициясын ұсыну өтінішімен түсініктемелер сұратылды.

      "ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесі жазбаша нысанда трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын ықтимал бұзушылықпен келіспеу туралы позицияларын, сондай-ақ іс материалдарына қоса тіркелген, қаралған және тиісті бағасын алған дәлелдерін, қарсы пікірлерін және өзге ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар істі қарау шеңберінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан жазбаша түрде позициялар, дәлелдер, қарсы пікірлер мен өзге де ақпараттар келіп түсті, олар да іс материалдарына қоса тіркелді, қаралды және тиісті бағасын алды.

      Баяндалғанды басшылыққа ала отырып ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылығы жалпы алғанда да, жеке алғанда да CIPA сертификаттауды жүргізу шеңберінде ұсынылатын қызметтер кешенін тұтынушыларды осындай қызметтердің сипатына, көрсетілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оларды өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға алып келетін және (немесе) алып келуі мүмкін жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жасауынан көрінетіндігі анықталды.

      Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалай келе, істі қарау жөніндегі комиссия ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің кінәсі расталды, ал олардың іс-әрекеттері Шарттың 76-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес дұрыс сараланды деп есептейді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы №118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібіне сәйкес, ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің құқық бұзушылардың бәсекелестік қағидаларын ұзаққа созылған (1 және одан көп жыл ішінде) бұзушылығымен көрініс тапқан әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың, жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың тізбесінде (аталған Әдістемеге № 1 қосымша) көзделген жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың және аталған тізбеде көзделген жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесіне айыппұлдар тағайындалсын.

      Шарттың 76-бабын бұзушылық фактісінің анықталуына байланысты, Істерді қарау тәртібінің 45-тармағын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесіне Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 № шешімінің қарарлық бөлігінің 4 және 5-тармақтарында көзделген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылыққа жол бермеу және (немесе) оның салдарларын жою жөніндегі шараларды қолдану мүше мемлекеттердің барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) үшін шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде теңдей мүмкіндіктер жасауға ықпал ететін болады деп есептейді. Бұған қоса, ҚР КБП" БКҰ, "ЕСМБИ" ЖШС, "ҚКБАИ" ҚБ және "СИПАЕН" мекемесінің сертификаттау бағдарламасына және олардың шеңберінде ұсынылатын қызметтер тізбесіне тиісті өзгерістер енгізу

      көрсету сипатына, тәсіліне және орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасына және осындай қызмет көрсетулер санына қатысты немесе олардың өндірушісіне қатысты оқыту, оқытуды және алынған білімді аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру және өткізу, қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, сертификатталған жария бухгалтерге кәсіби біліктілік беруді және болуын растайтын тиісті сертификатты – CIPA/СРА/СРА EURASIA әзірлеу және беру бойынша қызметтер кешенін тұтынушыларды жаңылыстыруға алып келу ықтималдығын болдырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады