Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 11 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың 5-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 42-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген, Сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия кеңесінің
2023 жылғы 25 қаңтардағы
№ 11 шешіміне
ҚОСЫМША

Сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 93-тармақтың үшінші – жетінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "ұйымдық-құқықтық нысанының, орналасқан жерінің (заңды тұлғаның мекен-жайының), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұратын жерінің, өтінім берушіге қатысты, қызметті жүзеге асыратын жерінің (егер мекен-жайы өзгеше болған жағдайда), телефон нөмірінің және (немесе) электронды почтаның мекен-жайының өзгеруі;

      Өнімді дайындаушыға қатысты, ұйымдық-құқықтық нысанның, орналасқан жерінің (заңды тұлғаның мекен-жайының), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұратын жерінің өзгеруі;

      өнімді дайындаушыға қатысты, өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыру орыны мекен-жайының реквизиттері ретінде көрсетілген, географиялық объектінің, көше-жол желісі элементінің (көшенің, даңғылдың, алаңның, тар көшенің, өтпенің, жағалаудың, желекжолдың және басқа), жоспарлау құрылымы бөлігінің (ауданның, шағын ауданның және басқа) қайта аталуы, мекен-жай объектісінің нөмірленуінің (үйдің, үй-жайдың және басқа), пошта индексінің өзгеруі (өнімді дайындау бойынша қызмет жүзеге асырылатын орын іс жүзінде өзгермеген жағдайда);

      тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі сақталған және өнімді дайындау (өндірісі) жөнінде қызметті жүзеге асыру орындары өзгермеген кезде, заңды тұлғаның атауының, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның әкесінің атының, атының, тегінің (болған жағдайда) өзгеруі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодының (кодтарының) өзгеруі;

      Өнімді дайындау жөнінде қызметті жүзеге асыру орындары мекен-жайлары санының қысқаруы.

      Орналасқан жерлерінің (заңды тұлғаның мекен-жайының), өнімге өтінім беруші және (немесе) дайындаушы болып табылатын, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның реквизиттері ретінде көрсетілген, географиялық объекті, көше-жол желісі элементі (көше, даңғыл, алаң, тар көше, өтпе, жағалау, желекжол және басқа), жоспарлау құрылымы бөлігі (аудан, шағын аудан және басқа) қайта аталған, мекен-жай объектісінің нөмірленуі (үйдің, үй-жайдың және басқа), пошта индексі, өтінім берушінің қызметті жүзеге асыру орынының мекен-жайлары, өнімді дайындау жөнінде қызметті жүзеге асыру орынының мекен-жайлары өзгерген (аталған, орналасқан, тұратын және (немесе) қызмет жүзеге асырылатын орындар іс жүзінде өзгермеген жағдайда), өтінім берушінің телефон нөмірі және (немесе) электронды поштасы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды (кодтары) өзгерген жағдайда, сәйкестік сертификатын және (немесе) оған қосымшаларды ауыстыру қажет етілмейді және өтінім берушінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.".

      2. 114-тармақтың үшінші- сегізінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "өтінім берушіге қатысты - ұйымдық-құқықтық нысанның, орналасқан жерінің (заңды тұлғаның мекен-жайының), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұратын жерінің, қызмет жүзеге асырылатын орынның мекен- жайы (егер, мекен-жайы өзгеше болған жағдайда), телефон нөмірі және (немесе) электронды поштаның мекен-жайының өзгеруі;

      өнім дайындаушыға қатысты - ұйымдық-құқықтық нысанның, орналасқан жерінің (заңды тұлғаның мекен-жайының), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тұратын жерінің өзгеруі;

      өнім дайындаушыға қатысты – өнімді дайындау жөнінде қызметті жүзеге асыру орыны мекен-жайының реквизиттері ретінде көрсетілген (іс жүзінде өнімді дайындау жөнінде қызмет жүзеге асырылатын орынның өзгермеуі шартымен), географиялық объектінің, көше-жол желісі элементінің (көше, даңғыл, алаң, тар көше, өтпе, жағалау, желекжол және басқа), жоспарлау құрылымы бөлігінің (аудан, шағын аудан және басқа) қайта аталуы, мекен-жай объектісінің нөмірленуінің (үйдің, үй-жайдың және басқа), пошта индексінің өзгеруі;

      тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі сақталуы және өнімді дайындау(өндірісі) жөнінде қызметті жүзеге асыру орыны өзгермеуі шартымен, заңды тұлғаның атауының, жеке тұлғаның әкесінің атының, атының, тегінің (болған кезде) өзгеруі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодының (кодтарының) өзгеруі;

      өнімді дайындау жөнінде қызметті жүзеге асыру орындары мекен-жайлары санының қысқаруы.

      Сәйкестік туралы жаңа декларацияның қолданысының аяқталу күні ретінде, ауыстыруға жататын, сәйкестік туралы декларацияның қолданысының аяқталу күні кқрсетіледі.

      Өнімге өтінім беруші және (немесе) дайындаушы болып табылатын, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекен-жайы), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның реквизиттері ретінде көрсетілген, географиялық объекті, көше-жол желісі элементі (көше, даңғыл, алаң, тар көше, өтпе, жағалау, желекжол және басқа), жоспарлау құрылымы элементі (аудан, шағын аудан және басқа) қайта аталған, мекен-жай объектісінің нөмірленуі (үйдің, үй-жайдың және басқа), пошта индексі, өтінім берушінің қызметті жүзеге асыру орынының мекен-жайы, өнімді дайындау жөнінде қызметті жүзеге асыру орынының мекен-жайы өзгерген (іс жүзінде, аталған, орналасқан, тұратын және (немесе) қызмет жүзеге асырылатын жерлердің өзгермеуі шартымен), өтінім берушінің телефон нөмірі және (немесе) электронды поштасының мекен-жайы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды (кодтары) өзгерген жағдайда, сәйкестік туралы декларацияны және (немесе) оған қосымшаларды ауыстыру қажет етілмейді өтінім берушінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады