Кеден Одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 21 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 59-бабының 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 46 және 55-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №318 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, карантиндік өнімнің тізбесінің (карантиндік жүктердің, карантиндік материалдардың, карантиндік тауарлардың) І бөліміндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 1212 94 000 0, 1212 99 950 0 кодтары бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:

Алқорылардың, шабдалдардың (соның ішінде, нектариндердің, қараөріктердің, индия мангиферлерінің (манго) (Mangifera indica) сүйектері және олардың қуырылмаған дәндері;
Cichorium intybus sativum әртүрі цикориясының қуырылмаған түбірлері

1212 94 000 0-ден
1212 99 950-ден"

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №157 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында карантиндік өнімге және карантиндык объектілерге қойылатын бірыңғай фитосанитариялық талаптардағы:

      а) екінші бағанның 1-кестесінде:

      3-тармақтағы "0709 99 600 0-ден" деген сөздер "0712 90 110 0, 0712 90 190 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "0708, " кодынан кейін "0713-ден" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтағы "1207 99 960 0-ден" деген сөздер ЕАЭО СЭҚ ТН "1207 99 200 0" кодымен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы "1209-дан" деген сөз ЕАЭО СЭҚ ТН 1207 "0701 10 000 0" кодымен ауыстырылсын;

      б) екінші бағанның 8-кестесіндегі:

      1-тармақтағы "қабықсыз "(0801)" деген сөз "қабықсыз, ши жаңғақтары (Vitell aria paradoxa C.F. Gaertn.)", шореи жаңғақтары (Shorea macrophylla (de Vries) P.S. Achton, Shorea stenoptera Burck), май жаңғақтар (shorea robusta C.F. Gaertn.), қауашақты немесе қауашақтан тазартылған; индия гарциниясының тұқымдары (Garcinia indica (Thouars) Choisy) (0801, 1207 99 960 1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "Алқорылардың, шабдалдардың (соның ішінде, нектариндердің), қараөріктердің, индия мангиферлерінің (манго) (Mangifera indica L.) сүйектері және олардың қуырылмаған дәндері; Cichorium intybus sativum әртүрі цикориясының қуырылмаған түбірлері(1212 94 000 0-ден, 1212 99 950-ден)".

      3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді .

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады