"Құс етінің және оның өңделген өнімінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне № 5 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 23 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы щартттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылғы 29 қазандағы № 110 шешімімен қабылданған, "Құс етінің және оның өңделген өнімінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне № 5 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук


  Еуразиялық экономикалық
комиссия кеңесінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 23 шешіміне
ҚОСЫМША

"Құс етінің және оның өңделген өнімінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне № 5 қосымшаға енгізілген ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Шұжық бұйымдарына қатысты, "Нитриттер" позициясында:

      а) екінші бағандағы "150" цифрлары "30" цифрларымен ауыстырылсын.

      б) үшінші бағандағы "Шұжық бұйымдары" деген сөздер "3 жастан аса балалардың тамағы үшін шұжық бұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Құс етінің консервілеріне, пастерленген шұжықтарға, етөсімдік және өсімдік-ет консервілеріне, жартылай өнімдерге, паштеттерге және кулинарлық бұйымдарға қатысты, нитрозоаминдер (НДМА және НДЭА сомасы) позициясында, екінші бағандағы "0,002" цифрлары "жол берілмейді (<0,001)*" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады