Қысылған немесе сұйытылған газ үшін жіксіз сыйымдылықтарға қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 27 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 1 қосымша), Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 49-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7, 71 және 16-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.6-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.6. 25 мың данадан көп емес санымен, ЕАЭО СЭҚ ТН 7311 00 110 0, 7311 00 130 0, 7311 00 190 0" және 7311 00 300 0 кодтарымен сыныпталатын, Беларусь Республикасында дайындалған, қысылған немесе сұйытылған газ үшін жіксіз сыйымдылықтарға қатысты, кеден құнының 15%-нан 5%-на дейін Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифінің әкелінетін кедендік бажының мөлшерлемесін төмендету түрінде тарифтік жеңілдік ұсынылсын.

      Тауарларға – декларация, ал тауарларға декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда, - тауарларға декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтінім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда, Беларусь Республикасының кеден органында тіркелген, еркін кеден аймағының кедендік рәсімін аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімге орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты аталған тарифтік жеңілдік ұсынылады.

      Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі берген және мұндай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ оларды ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімге орналастыруды жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтер бар құжат болған кезде, осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік ұсынылады.

      Келесі жағдайлар басталған кезде, декларант осы тармақшада көзделген, тарифтік жеңілдік қолданыла отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімге орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты, әкелінетін кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндетті тоқтатады:

      әкелінетін кедендік баждың мөлшерлемесін төмендету түрінде әкелінетін кедендік баждарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер ескеріле отырып, тауарлар декларациясында ішкі тұтыну үшін шығарылған кедендік рәсімге сәйкес, тауарлар шығару және әкелінетін кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы және (немесе) оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес есептелген мөлшерлерде өндіріп алу;

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 136-бабы 3-тармағының 3-8 тармақшаларында көзделген жағдайлар.".

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күн тізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян

Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин

Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев

Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады