Кеден одағы комиссиясының құрақ шикі-қантқа қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 32 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-бабтарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.57-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.57. Әкелінетін тауардың нысаналы мақсаты, оның саны және осындай тауарды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар мен оны өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар (тиісті мәліметтер болған кезде) туралы мәліметтерді қамтитын тиісінше Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органы берген құжат болған кезде Беларусь Республикасына 100 мың тоннадан, Қазақстан Республикасына 350 мың тоннадан, Қырғыз Республикасына 50 мың тоннадан және Ресей Федерациясына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13 және 1701 14 субпозицияларының құрақ шикі-қанты.

      Осы тармақшаға сәйкес тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі нарықта тұтынуға арналған шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған құрақ шикі-қантты пайдалануға тек қана оның нысаналы мақсатына сәйкес жол беріледі. Осы тармақшада көзделген құрақ шикі-қантының тарифтік жеңілдігін қолдана отырып, әкелінген қантты өнеркәсіптік қайта өңдеу нәтижесінде алынған ақ қант, ішкі нарықта тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес кеден органы құрақ шикі-қантты шығаруды жүргізген тек сол мүше мемлекеттің аумағында ғана пайдаланылуы және (немесе) сатылуы мүмкін, және өзге мүше мемлекеттерге әкетуге болмайды.

      Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі нарықта тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған құрақ шикі-қантын пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулер, құрақ шикі-қантты өнеркәсіптік қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның қоймасына түскен сәтке дейін әрекет етеді, бірақ ішкі нарықта тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес мұндай тауар шығарылған күннен бастап 1 жылдан аспайды. Ұйымның қоймасына тауардың түскенін растайтын құжат осындай тауарды қабылдау актісінің немесе қабылдау-беру актісінің көшірмесі болып табылады.

      Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты беріледі, оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 32 шешімін байланысты 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда, тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш мүше мемлекеттің кеден органы кірген күннен бастап тіркеледі .".

      2. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.56" деген сандар "7.1.57" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С.Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады