Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 50 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 31-бабының 2-тармағына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімнің 4-бабының 2 және 4-тармақтарына, жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 92-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 "Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидалары туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 2 тармақтың күші жойылды деп танылсын;

      б) көрсетілген шешіммен бекітілген медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларының 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың талаптары төтенше жағдайларда, соғыс қимылдары жағдайында, қоршаған ортаға қауіп төндіретін жаңа эпидемиялық аурулардың таралу қаупі туындайтын немесе артатын медициналық бұйымдарға қатысты, Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) нарықтарында медициналық бұйымдардың болмау немесе болмау қаупі төнген кезде мүше мемлекеттердің кем дегенде біреуіне қатысты шектеу экономикалық шараларын енгізу жағдайында қолданылмауы мүмкін. Мұндай медициналық бұйымдардың мүше мемлекеттердің аумақтарында айналысы осы мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген шарттардың қолданылуы және олардың салдарларын жою барысында реттеледі."

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады