Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2006 жылғы 29 маусымдағы N 399-III Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына және Парламент Сенаты Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ерекше жағдайларда (заң жобасын қараудың конституциялық мерзімінің аяқталуы) қаралатын заң жобасы бойынша баяндамашының қатысуға мүмкіндігі жоқ кезде Палата мәселені оның қатысуынсыз қарау туралы шешім қабылдай алады, бұл ретте, заң жобасы бастамашысының баяндамасы Мәжіліс ұсынған материалдар бойынша назарға алынады";

      42-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы тұтастай алғанда қабылданбасын және ол Мәжіліске қайтарылсын";

      79-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары Сот кеңесінің құрамына Сенат депутаттары ұсынған кандидатуралар Палатаның отырысында қарау алдында тиісті бейіндік комитетте алдын ала талқыланады, комитет қорытынды және қаулының жобасын дайындайды, қаралып отырған мәселе бойынша Сенаттың отырысында баяндама жасайды";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сенат Палата Төрағасының ұсынысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен, ашық даусымен, ашық дауыспен бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелігіне Палата Төрағасы ұсынған кандидатураларды тиісті комитет өзінің отырысында алдын ала талқылайды. Әрбір кандидатура бойынша қорытынды қабылданады, ол басқа қажетті материалдармен бірге Сенат отырысына енгізіледі.
      Әрбір кандидатураны талқылау үшін 20 минөтке уақыт бөлінеді. Сенат Палата депутаттарының ұсынысы бойынша өзге уақыт белгілеуге құқылы.
      Сенат Палата депутаттары жалпы санының кем дегенде үштен бірінің ұсынысы бойынша, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен өзі тағайындаған мүшелерді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрамынан кері шақырып алуға құқылы";

      82-тармақтың тақырыбында "келісу" деген сөз "талқылау" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасы
      Парламенті Сенатының
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады