Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 ж. 8 тамыз N 2400. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371  U952371_  Жарлығының редакциясындағы "1995 жылғы арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120  U952120_  Жарлығының 20-бабына сәйкес қаулы етемiн: 
      1. 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2202  K952202_  қаулысымен бекiтiлген әскери қызметшiлердiң (шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқаларының) және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына 1,12 түзетiлген есептеу коэффициентi қолданылсын. 
      2. Қызметте тұрған әскери қызметшiлердiң iшкi iстер органдардың қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы қаулыға сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары бойынша және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақылары, бұрын тағайындалған зейнетақылары 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап қайта есептелсiн. 

      Қазақстан Республикасының 
      Президентi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады