САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім

      Мүшелер,

      Ұқсас шарттары басым келетін немесе халықаралық сауданың жасырын шектеуі болып келетін жағдайдан басқа, мүше арасында негізсіз немесе жөнсіз кемсітушілік құралы ретінде, еш мүше үшін адам, жануар немесе өсімдіктің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды қабылдау немесе қолдауға қиындық туындамауын қайта растай отырып;

      Барлық мүшелерде адамдар денсаулығын, жануарлар денсаулығын және фитосанитариялық ахуалды жақсартуға тырыса отырып;

      Санитариялық және фитосанитариялық шаралардың екі жақты келісімдер мен хаттамалар негізінде қолданылатынын ескерте отырып;

      Саудаға кері әсерін азайту үшін санитариялық және фитосанитариялық шараларды әзірлеу, қабылдау мен қолдануды реттейтін ереже мен тәртіптің көпжақты жүйесін құруды тілей отыра;

      Халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдардың бұған қосатын үлесін мойындай отырып;

      Мүшелер арасында өсімдіктерді қорғау жөніндегі Халықаралық конвенциясының шеңберінде әрекет ететін, басқалардан олардың адам, жануар немесе өсімдіктердің өмірін қорғау деңгейіне қатысты сәйкесінше өзгерістерді енгізуді талап етпейтін, тиісті халықаралық ұйымдармен, соның ішінде “Кодекс Алиментариус” Комиссиясы, Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюро мен тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдар әзірлеген, халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдардың негізінде келісілген санитариялық және фитосанитариялық шаралардың қолданылуына жағдай жасауды тілей отырып;

      Мүшелер – дамушы мемлекеттер үшін импорттаушы мемлекеттердің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларын қолдануында қиындықтарға және бұның салдарынан нарыққа шығуына, сонымен қатар өзінің аумағында санитариялық және фитосанитариялық шараларды әзірлеуде және қолдануда қиындықтарға тап болуының мүмкіндігін растай отырып, тиісті іс-қимылдарда оларға көмек беруді қалай отыра;

      Бұл себептерге байланысты, санитариялық және фитосанитариялық шараларын қолдануға қатысты, ерекше түрде ХХ(b)1 бабының ережелерін 1994 жылғы ГАТТ ережелерін қолдану үшін ережелерді әзірлеуді қалай отыра;

      Осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:

      ________________________

      1 Осы Келісімде XX (b)-бабына сілтеу осы баптың кіріспе сөзбасын да қамтиды.

1-БАП
Жалпы ережелер

      1. Осы Келісім халықаралық саудаға тікелей немесе жанама түрде әсер ете алатын барлық санитариялық және фитосанитариялық шараларға қатысты. Бұндай шаралар Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өнделеді және қолданылады.

      2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін А-қосымшасында көрсетілген анықтамалар қолданылады.

      3. Қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі балып табылады.

      4. Осы Келісімде келтіліргеннің ешқайсысы осы Келісімнің шеңберінен тыс шығатын, саудағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімнен шығатын мүшелердің құқықтарына қатысты емес.

2-БАП
Негізгі құқықтар мен міндеттемелер

      1. Мүшелердің осы Келісімге қарсы келмейтін, адам, жануарлар немесе өсімдіктердің өмірі немесе денсаулығын қорғауға бағытталған санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды енгізу құқығы бар.

      2. Мүшелер 5-баптың 7-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа кез-келген санитариялық немесе фитосанитариялық шараның адам, жануарлар немесе өсімдіктердің өмірі немесе денсаулығын қорғауды қажет дәрежесінде қолданылуын, оның ғылыми принциптер тұрғысынан негізді болуын және жеткілікті ғылыми негізсіз күшінде болуын қамтамасыз етеді.

      3. Мүшелер өз елдерінің және басқа мүшелердің аумағында санитариялық немесе фитосанитариялық шаралардың ұқсас шарттары басым болып келетін, мүше арасында негізсіз немесе жөнсіз кемсітушілік құралы ретінде қолданылмауын қамтамасыз етеді. Санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар халықаралық сауданың жасырын шектеуі бола алатындай қолданылмайды.

      4. Осы келісімге сәйкес келетін санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар, санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды қолдануға ерекше түрде ХХ (b)-бабында көрсетілген ережелерге қатысты, ГАТТ 1994 ережелерінде мүшелердің міндеттемелері ретінде қарастырылған болып саналады.

3-БАП
Үйлестіру

      1. Санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды жалпы негізде үйлестіру мақсатында, мүшелер осы Келісімде ерекше түрде 3-тармақта басқасы қарастырылмаған жағдайда, өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларын бұлар болған жағдайда халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдарда негіздейді.

      2. Халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдармен келілісілген санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар адам, жануарлар немесе өсімдіктердің өмірін немесе денсаулығын қорғау үшін қажет және осы Келісімге және 1994 жылғы ГАТТ-ке қайшы келмейтін болып саналады.

      3. Мүшелер тиісті ғылыми негіздемесі бар болған жағдайда немесе мүше бұл санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейін 52 - баптың 1-8 тармақтарына сәйкес келетіндігін анықтаған жағдайда, халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды негізге ала отырып, тиісті бұдан да жоғары санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейін енгізуі немесе сақтауы мүмкін. Жоғарыда айтылғанның барлығына қарамастан, халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдарда негізделген санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейінен ерекше келетін барлық шаралар осы Келісімнің еш ережесіне қайшы келмеуі қажет.

      4. Мүшелер өз мүмкіндіктері шегінде Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясының шеңберінде жұмыс істейтін, тиісті халықаралық ұйымдар мен көмекші органдардың, әсіресе “Кодекс Алиментариус” Комиссиясының, Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюро және аймақтық ұйымдардың іс-әрекетіне олардың шеңберінде санитариялық және фитосанитариялық шаралардың барлық аспектілеріне қатысты стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қайта қарауға көмектесу үшін толықтай қатысады.

      5. 12-тармағының 1 және 2-тармақтарымен қарастырылған санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі Комитет (бұдан әрі осы Келісімде "Комитет" деп аталады) халықаралық үйлестіру үдерісін бақылау рәсімін әзірлеп, бұл жұмысын тиісті халықаралық ұйымдармен бірге үйлестіреді.

      ____________________________

      2 3-баптың 3-тармағының мақсаттарына сәйкес мүше, осы Келісімнің тиісті ережелерімен келісілген, бар ғылыми ақпаратпен танысып, оны бағалағаннан кейін, тиісті халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар қажетті санитариялық немесе фитосанитариялық деңгейге жетуге жеткілікті емесін анықтаған жағдайда, ғылыми негіздемесі бар болады.

4-БАП
Баламалылық

      1. Мүшелер басқа мүшелердің санитариялық және фитосанитариялық шараларын өзінің немесе сондай тауарды саудаға салатын басқа мүшелердің шараларынан өзгеше болған жағдайда және де экспорттаушы мүше объективті түрде импорттаушы мүшеге оның шаралары импорттаушы мүшенің тиісті санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейін қамтамасыз ете алатынын көрсете алған кезде оларды баламалы деп таниды. Бұл мақсатта импорттаушы мүше үшін тексеру, сынау және басқа рәсімдерді орындау үшін қажет рұқсат берілуі тиісті.

      2. Сұрауы бойынша мүшелер екіжақты немесе көпжақты келісімдерге қол жеткізу мақсатында нақты санитариялық және фитосанитариялық шаралардың баламалылығын растау бойынша консультациялар берулері қажет.

5-БАП
Қауіп-қатерді бағалау және тиісті санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейін анықтау

      1. Мүшелер өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларының негізіне тиісті халықаралық ұйымдармен әзірленген қауіп-қатерді бағалау әдістерін ескере отырып, жағдайға сәйкес келетін адам, жануарлар немесе өсімдіктің өміріне немесе денсаулығына төнген қауіп-қатерді бағалау қойылуын қамтамасыз етеді.

      2. Қауіп-қатерді бағалау барысында мүшелер мыналарды ескереді: бар ғылыми негіздеме; тиісті өндіру мен қайта өндеу тәсілдері; тексеру, сынамалар іріктеу мен сынау тәсілдері; нақты ауру мен зиянкестердің таралу деңгейі; ауру мен зиянкестерден бос аймақтардың бар болуы; тиісті экологиялық жағдай және карантиндік немесе басқа да шаралар.

      3. Адам, жануар немесе өсімдіктердің өміріне немесе денсаулығына төнген қауіп-қатерді бағалаған жағдайда, бұндай қауіп-қатерден сақтау үшін тиісті санитариялық немесе фитосанитариялық деңгейге жету үшін қолданылатын тәсілді анықтау барысында, мүшелер мынадай келесі экономикалық ықпалдарды ескерулері қажет: өндіріс көлемінің азаю салдарынан немесе қандай да болмасын зиянкес немесе аурудың кіру, тамыр жаю немесе таралуынан келетін әлеуетті зиян; олармен импорттаушы мүшенің аумағында күресу немесе құртуға кететін шығын; және шығын мен қауіп-қатерді шектеудің альтернативтік тәсілдемелердің салыстырмалы арақатынасы.

      4. Тиісті санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейін анықтау барысында мүшелер саудаға тиетін кері әсерді барынша азайту қажеттілігін ескерулері қажет.

      5. Адам өмірі мен денсаулығын немесе жануарлар не өсімдіктердің өмірі не денсаулығын қауіп-қатерден сақтаудың санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс концепциясын тиісті деңгейде қолданылуының бірлігіне жету мақсатында, бұндай айырмашылықар халықаралық сауданың жасырынды шектеуі немесе кемсітушілігіне әкелген жағдайда, әрбір мүше өзі кез-келген жағдайда тиісті деп санайтын қорғаныс деңгейлерінің арасында жөнсіз және негізсіз айырмашылық жасаудан аулақ болады. 12-баптың 1, 2 және 3-тармақтарына сәкес мүшелер Комитет шеңберінде осы ережені іс жүзінде іске асыратын нұсқаулықтарды әзірлеу мақсатында бірге қызмет істейді. Нұсқаулықтарды әзірлеу барысында Комитет барлық тиісті факторларды, соның ішінде адамдар өздері ерікті түрде баратын қауіп-қатерлердің ерекше сипатын еске алады.

      6. 3-бап 2-тармағы ережелеріне нұқсан келтірмей, санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныстың тиісті деңгейіне жету мақсатында санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды енгізген немесе сақтап қалған кезде, мүшелер бұндай шаралардың техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді еске ала, санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныстың тиісті деңгейіне жету сауданы қажеттен тыс шектемегенін қамтамасыз етеді3.

      7. Тиісті ғылыми негіздеме жеткіліксіз болған жағдайда, кез-келген мүшенің тиісті халықаралық ұйымдардан алған ақпараттың, басқа мүшелер қолданып жатқан санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар туралы ақпарат пен тиісті қолында бар ақпаратының негізінде санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды енгізу мүмкіндігі бар. Бұндай жағдайда мүшелер қауіп-қатерді объективті бағалау үшін және сәйкесінше саналы уақыт мерзімінің ішінде санитариялық немесе фитосанитариялық шараны қайта қарастыруға қажет қосымша ақпарат алуға тырысады.

      8. Мүшеде басқа мүше енгізіп сақтап тұрған нақты санитариялық немесе фитосанитариялық шара оның экспортын тоқтатып тұрғанын немесе тоқтатуға мүмкіндігінің бар және ол шараның негізінде тиісті халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар жатпайды деп есептеуге негіз болса, онда ол мүше бұндай санитариялық немесе фитосанитариялық шараны қолдану себептерін оны күшінде сақтап тұрған мүшеден түсіндіруін сұрай алады.

      _____________________________

      3 5-баптың 6-тармағындағы мақсаттары үшін кез-келген шара техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді ескере алатын, есебінен санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныстың тиісті деңгейіне қол жеткізуге болатын және сауданы аз көлемде шектей алатын, басқа да саналы, қолжетімді шара болмаған жағдайда, сауданы қажеттен тыс шектемейді.

6-БАП
Зиянкестер мен аурулардан бос аймақтар мен зиянкестер мен аурулардың аз тараған аймақтарды қоса алғанда аймақтық жағдайларға бейімделу

      1. Мүшелер олардың санитариялық немесе фитосанитариялық шаралары бүкіл мемлекет немесе оның бөлшегі, немесе бірнеше мемлекет не олардың бөлшектері болып келетін ауданның аймағынан немесе қай аймағы үшін тауар өнделгеніне қатысты санитариялық немесе фитосанитариялық сипаттамасына сай қабылдануын қамтамасыз етеді. Аймақтың санитариялық немесе фитосанитариялық сипаттамасын бағалаған кезде, басқасымен қоса нақты зиянкестер мен аурулардың таралу дәрежесін, олармен күресуге немесе жоюға бағытталған бағдарламалардың бар болуын және халықаралық ұйымдар әзірлей алатын тиісті өлшемдер мен нұсқауларды ескереді.

      2. Мүшелер зиянкестер мен аурулардан бос аймақтар немесе зиянкестер мен аурулардың аз тараған аймақтардың концепциясын мақұлдайды. Бұндай аймақтарды айқындау барысында мынадай ықпалдар ескеріледі: география, экожүйе, эпидемиологиялық бақылау мен санитариялық немесе фитосанитариялық шараның тиімділігі.

      3. Өз аумағында зиянкестер мен аурулардан бос аймақтар немесе зиянкестер мен аурулардың аз тараған аймақтардың бар екенін жариялаған экспорттаушы мүшелер бұны дәлелдейтін растаманы импорттаушы мүшеге оның расында да зиянкестер мен аурулардан бос аймақ немесе зиянкестер мен аурулардың аз тараған аймақ екенін және олардың бұлай қалуы ықтимал екенін объективті түрде көрсету үшін ұсынады. Бұл мақсатта импорттаушы мүшеге сұрауы бойынша саналы түрде тексеру, сынап алу және басқа да тиісті рәсімдерді өткізуге рұқсат беріледі.

7-БАП
Транспаренттілік

      Мүшелер өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларындағы өзгерістер туралы хабарлайды да, В-Қосымшасына сәйкес өздерінің санитариялық немесе фитосанитариялық шаралары туралы ақпаратты береді.

8-БАП
Бақылау, тексеру мен мақұлдау рәсімдері

      Мүшелер бақылау, тексеру мен мақұлдау рәсімдерінің барысында қоспаларды пайдалануға берілген рұқсат немесе тағамдық өнімдерде, сусындар мен жем-шөпте ластаушы заттар тиісті деңгейін орнату бойынша ұлттық жүйелерімен қатар С-Қосымшасының ережелерін сақтайды немесе басқа тәртіпте өздерінің рәсімдерінінің осы Келісімнің ережелеріне қайшы болмауын қамтамасыз етеді.

9-БАП
Техникалық жәрдемдесу

      1. Мүшелер басқа мүшелерге, әсіресе дамушы мүше мемлекеттерге техникалық жәрдемді екіжақты немесе тиісті халықаралық ұйымдар арқылы көрсетуге келіседі. Бұндай жәрдем ұлттық реттеуші органдарды құрумен қоса алғанда қайта өндеу технологиялары, зерттеу мен инфрақұрылым сияқты салаларда бұндай жәрдем беріле алады соның ішінде техникалық біліктілікті арттыру, кадрларды даярлау мен құрал-жабдықты сатып алуға мақсаттарында кеңес беру, несие, жәрдемақы, гранттарды беру түрінде, бұндай мемлекеттер үшін бейімделу мен санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды сақтауға өзінің экспорты үшін санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныстың тиісті деңгейіне жету үшін жағдай жасайды.

      2. Елеулі инвестициялар қажет болған жағдайда, экспорттаушы мүшелер- дамушы мемлекеттер импорттаушы мүшенің санитариялық немесе фитосанитариялық талаптарын орындай алатындай жағдай жасау үшін, соңғысы дамушы мүше мемлекет нақты тауардың нарыққа шығу мүмкіндігін сақтауы мен кеңейтуі үшін оның бұндай техникалық жәрдем беру мүмкіндігін қарастырады.

10-БАП
Арнайы немесе сараланған тәртіп

      1. Санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды әзірлеген немесе қолданған кезде, мүшелер дамушы мүше мемлекеттер, әсіресе неғұрлым төмен дамыған елдер қатарындағы мүшелердің өзгеше қажеттіліктерін ескереді.

      2. Санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныстың тиісті деңгейі жаңа санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды кезең-кезеңмен енгізілуін көздеген жағдайда, дамушы мүше елдерге, экспортын сақтауға мүмкіндік беру мақсатында, оларды қызықтыратын тауарлар бойынша бұндай шараларға бейімделулері үшін бұдан да ұзақ уақыт берілуі қажет.

      3. Дамушы мүше мемлекеттерге, осы Келісімнің ережелерін орындауға жағдай жасау үшін, Комитетке осындай мемелекеттерге сұрауы бойынша нақты анықталған, уақытпен шектеулі, олардың қаржылық, сауда қажеттіліктері мен дамуына байланысты қажеттіліктеріне қарай, бұл мемлекеттерді осы Келісімнің міндеттерінен толықтай немесе жарым-жартылай босату құқығы беріледі.

      4. Мүшелер тиісті халықаралық ұйымдарда дамушы мүше елдердің белсене қатысуына жәрдемдесіп ынталандырады.

11-БАП
Консультациялар мен дауларды реттеу

      1. 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХII және ХХIII баптарының ережелері, дауды реттеу туралы Уағдаластықта әзірленген және қолданылып жатқан түрде, ерекше түрде басқасы қарастырылмаған жағдайда осы Келісімнің шеңберінде консультациялар мен дауларды реттеу үшін қолданылады.

      2. Ғылыми немесе техникалық сұрақтар бойынша осы Келісімнің шеңберінде дауларды реттеу барысында, дауларды реттеу жөніндегі аралық топ дауларға араласқан жақтардың келісімдерімен консультация үшін осы топ таңдаған сарапшыларға сүйенеді. Осы мақсатта аралық топ қажет деп санаған жағдайда сабағаттық техникалық сарапшылар тобын тағайындауы немесе консультация алуы үшін кез-келген мемлекеттің тиісті халықаралық ұйымдарына дауға араласқан жақтардың немесе өз бастамасымен сауал салуы мүмкін.

      3. Осы Келісімде аталғандардың ешқайсысы мүшелердің халықаралық келісімдерге қатысты құқығын, соның ішінде делдалдыққа немесе басқа халықаралық ұйымдардың дауларын реттеу механизмдеріне сүйену, немесе кез-келген халықаралық келісімнің шеңберінде жасалған механизмдерге сүйену құқығын кемсітпейді.

12-БАП
Келісімді қолдану

      1. Консультация беру үшін жүйелі түрде форумдарды өткізу мақсатында Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет құрылады. Ол осы Келісімнің ережелерін орындау және әсіресе үйлестіруге қатысты оның мақсаттарын алға бастыру үшін қажетті міндеттерді атқарады. Комитет өз шешімдерін консенсус арқылы қабылдайды.

      2. Комитет мүшелер арсында нақты санитариялық немесе фитосанитариялық шара бойынша ad hoc негізінде консультация беру немесе келіссөздердің жүргізілуін ынталандырып оған жағдай жасайды. Комитет мүшелердің халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдарды қолдануын ынталандырып, бұл ретте тағамдық қоспаларды қолдануды мақұлдау бойынша халықаралық және ұлттық жүйелерді үйлестіру мен біріктіруді кеңейту немесе тағамдық өнімдерде, сусындар мен жем-шөпте тиісті деңгейді мақұлдау мақсатында техникалық консультация беру мен зерттеу өткізуге қолдау көрсетеді.

      3. Комитет санитариялық және фитосанитариялық қорғаныс жөніндегі тиісті халықаралық ұйымдармен, әсіресе “Алиментариус Кодексі” Комиссиясы, Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюросы мен Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясының хатшылар алқасымен осы Келісімді қолдану мақсатында ең жақсы ғылыми және техникалық консультация қызметтерімен қолдаймын деген уәдесін алу үшін тығыз байланыс жасап тұрады.

      4. Комитет халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдардың үйлестірілуі мен қолданылуын бақылау рәсімін әзірлейді. Бұл мақсатта Комитетке тиісті халықаралық ұйымдармен бірге әрекеттесе отырып Комитет саудаға айтарлықтай әсерін тигізеді деп таныған санитариялық немесе фитосанитариялық шараларға қатысты халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдардың тізімі анықталады. Бұл тізімге мүшелер көрсеткен, олар импорт шарты ретінде қолданатын немесе ол стандарттарға сәйкес келген импорттаушы тауарлар олардың нарығына енуге рұқсат ала алатын халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар кіруі қажет. Мүше халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қолданбаған жағдайда, ол бұнын себебін, соның ішінде бұл стандарттың қатал болмауына байланысты санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаныс деңгейін қамтамасыз ете алмайтынын көрсетуі қажет. Кез-келген мүше өз ойын өзгерткен жағдайда, стандартты, нұсқаулықты мен ұсынымды импорттың шарты ретінде қолданғаны туралы хабарлағаннан кейін, ол өз ойын өзгертуінің себебін түсіндіруі және ол хабарландыру мен түсіндіру В-Қосымшасының рәсімдеріне сәйкес ұсынылмаған жағдайда, хатшылар алқасы мен халықаралық ұйымдарды бұл туралы хабардар етуі қажет.

      5. Қажетсіз қосарланушылықтан болдырмау үшін қажет болған кезде Комитет тиісті халықаралық ұйымдарда қолданылатын рәсімдердің есесіне алынған ақпаратты, әсіресе хабарландыру рәсімдерін қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      6. Бір мүшенің бастамасы бойынша Комитет тиісті жолдар арқылы тиісті халықаралық ұйымдарға немесе олардың қосалқы органдарына нақты стандартқа, нұсқаулық немесе ұсынымға қатысты, 4-тармаққа сәйкес оның қолданбауының негізгі себебін түсіндіруді қоса алғанда, нақты сұрақтарды қарастыруды ұсына алады.

      7. Комитет осы Келісімнің әрекеті мен жүзеге асырылуын ДСҰ бойынша Келісімнің күшіне енгеннен бастап 3 жылдан кейін талқылайды, соңынан – қажеттілігіне қарай. Тиісті жағдайларда Комитет Тауар саудасы жөніндегі кеңеске бұны жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибенің негізінде осы Келісімнің мәтініне өзгерістер енгізуді ұсына алады.

13-БАП
Жүзеге асыру

      Мүшелер осы Келісімде бекітілген барлық талаптардың орындалуы үшін толықтай жауапты. Мүшелер орталық үкіметтік органдары болып табылмайтын ұйымдардың осы Келісімнің ережелерінің сақтауын іске асыратын оң тәсілдері мен механизмдерін әзірлеп, жүзеге асырады. Мүшелер бұндай ұйымдарда олар мүше болатын, үкіметтік емес ұйымдардың өз аумағының шеңберінде және аймақтық органдар өз аумағының шеңберінде осы Келісімнің ережелерін сақтаудың саналы тәсілдерін қолданады. Осыдан басқа, мүшелер тиісті аймақтық немесе үкіметтік емес ұйымдарды не жергілікті органдарды осы Келісімнің ережелерін бұзуға тура немесе жанама түрде әкелетін, бұны құптайтын шараларды қолданбайды. Мүшелер санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды жүзеге асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері бұл ұйымдар осы келісімнің ережелерін сақтаған жағдайда қолданылуын қамтамасыз етеді.

14-БАП
Қорытынды ережелер

      Импортқа немесе импортталушы тауарларларына кері әсер ететін өзінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларына қатысты неғұрлым төмен дамыған елдер қатарынан мүшелер, осы Келісімнің ережелерін қолдану мерзімін ДСҰ бойынша Келісімнің күшіне енгеннен бастап 5 жылға ұзарта алады. Басқа дамушы елдердің мүшелері бұндай қолдануға техникалық тәжірибенің, техникалық инфрақұрылым немесе ресурстардың аздығы бөгет болған жағдайда, өзінің санитариялық немесе фитосанитариялық шараларына қатысты импортқа немесе импортталушы тауарларларына кері әсер ететін осы Келісімнің 5, 7-баптардың 8-тармағынан өзге ережелерін қолдану мерзімін ДСҰ бойынша Келісімнің күшіне енгеннен бастап екі жылға ұзарта алады.

А-қосымшасы
Анықтамалар4

      1. Санитариялық немесе фитосанитариялық шара – мыналар үшін қолданылатын кез-келген шара:

      (а) мүше мемлекет аумағындағы жануарлар немесе өсімдіктердің өмірі немесе денсаулығын зиянкестер, аурулар, зиянды организмдер – ауру тасымалдағыш немесе ауруға шалдықтыратын организмдердің кіру, тамыр жаю немесе таралауына байланысты туындайтын қауіп-қатерлерден қорғау;

      (b) мүше мемлекет аумағындағы адам немесе жануарлардың өмірі немесе денсаулығын тағамдық өнімдер, сусындар мен жем-шөптегі қоспа, ластаушы заттар, уыттар немесе ауруға шалдықтыратын организмдерден туындайтын қауіп-қатерлерден қорғау;

      (с) мүше мемлекет аумағындағы адамдардың өмірі немесе денсаулығын жануарлар мен өсімдіктер шалдығатын немесе ауруға шалдыққан мал не өсімдік өнімімен байланысты, немесе кіру, тамыр жаю немесе таралуына байланысты туындайтын қауіп-қатерлерден қорғау; немесе

      (d) мүше мемлекет аумағындағы зиянкестердің кіру, тамыр жаю немесе таралуы жағдайында туындайтын өзге де залалдарды болдырмау немесе шектеу.

      Санитариялық немесе фитосанитариялық шаралардың қатарына соның ішінде түпкілікті өнімге қойылатын талаптарды қамтитын барлық сәйкес келетін заңдар, қаулылар, ережелер, талаптар мен рәсімдер; өндеу мен шығару тәсілдері; сынақтар, тексеру, сертификаттау мен мақұлдау рәсімдерін жүргізу; мал, өсімдік тасымалы және онымен байланысты тасымалдау барысындағы олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету талаптарды қамтитын карантиндік ережелер; статистикалық тәсілдер, байқап іріктеу мен қауіп-қатерді бағалау тәсілдеріне қатысты ережелер; тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған орау және таңбалауға қойылатын талаптар жатады.

      2. Үйлестіру – түрлі мүшелердің жалпы санитариялық және фитосанитариялық ережелерін орнатуы мен қолдануы.

      3. Халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдар

      (а) тағамдық өнімдер бойынша - “Алиментариус Кодексі” Комитеті белгілеген тағамдық қоспалар, ветеринариялық препараттар мне пестицид қалдықтары, ластаушы заттар, сараптау тәсілдері мен сынауды іріктеуге қатысты стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сонымен қатар гигиена нормаларына қатысты ережелер мен нұсқаулар;

      (b) жануар мен жануарлар әлемі бойынша – Эпизоотия жөніндегі халықаралық бюроның қамқорлығымен әзірленген стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдар;

      (с) өсімдіктердің денсаулығы бойынша – Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның шеңберінде аймақтық ұйымдардың ынтымақтаса әзірленген Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясы хатшылар алқасының қамқорлығымен әзірленген халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдар;

      (d) жоғарыда аталған ұйымдар қамтымайтын сұрақтар бойынша – Комитетпен қуатталған, барлық мүшелерге ашық тиісті халықаралық ұйымдармен алға бастырылған тиісті стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдар.

      4. Қауіп-қатерді бағалау – әлеуетті биологиялық және экономикалық салдарға әкелетін және бұған байланысты қолдануға болатын, санитариялық және фитосанитариялық шараларға қатысты, импорттаушы мүше аумағының шеңберінде зиянкес немесе аурудың кіру, тамыр жаю немесе таралу қауіпін бағалау; немесе тағамдық өнімдер, сусындар мен жем-шөпте қоспа, ластағыш заттар, уыттар немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адам немесе жануардың денсаулығына қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау.

      5. Санитариялық және фитосанитариялық қорғаныстың тиісті деңгейі – өз аумағында адам, жануар немесе өсімдікті қорғау үшін санитариялық немесе фитосанитариялық шараны енгізуші, тиісті мүше болып саналатын қорғаныс деңгейі.

      ЕСКЕРТПЕ: көптеген мүшелер оны "қолайлы қауіп-қатер деңгейі" деп атайды.

      6. Зиянкестер мен аурулардан бос аймақ – нақты зиянкес немесе ауру кездеспейтін, құзыретті органдармен анықталған жеке мемлекет немесе оның бөлшегі, бірнеше мемлекеттер немесе олардың бөлшектерінен құрылған аймақ.

      ЕСКЕРТПЕ: зиянкестер мен аурулардан бос аймақтар, нақты зиякестер мен аурулар кездесетіндігі мәлім, бірақ онда көрсетілген зиякестер мен ауруларды кұрту немесе таралуын шектеу үшін буферлік аймақтар, қорғаныс пен бақылау сияқты жергілікті бақылау шаралары жүзеге асырылып жатқандығы белгілі аймақтармен не мемлекет аумағының бөлшегінің шеңберінде, немесе бірнеше мемлекетті немесе бөлшектерді қамтитын географиялық аймақта қоршалуы, онымен қоршалып алынуы немесе жанасуы мүмкін.

      7. Зиянкестер мен аурулардың аз тараған аймағы – құзыретті органдармен нақты зиянкестер мен аурулардың шамалы тараған деп танылған және онда бақылау, күрес және құртудың нәтижелі тәсілдері қолданылып, бөлек мемлекет немесе оның бөлігі немесе бірнеше мемлекет не олардың бөліктерінен тұратын аймақ.

      _______________________

      4 Бұл анықтамалардың мақсаттары үшін "жануар" термині балық пен жабайы фаунаны; "өсімдік" – ормандарды және жабайы өсімдік әлемін; "зиянкестер" - арамшөптерді; және "ластаушы заттар" – пестицидтер мен мал емдегуіш препараттардың қалдықтары, сонымен қатар бейтаныс заттарды қамтиды.

В-ҚОСЫМШАСЫ

САНИТАРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ТРАНСПАРЕНТТІЛІГІ

Ережелер басылымы

      1. Мүшелер әлдеқашан қабылданған санитариялық және фитосанитариялық ережелердің5 басылымға шығуын және мүдделі мүшелердің олармен танысуға мүмкіндігінің болуын қамтамасыз етеді.

      2. Қауырт оқиғадан басқа кезде мүшелер кез-келеген санитариялық немесе фитосанитариялық ережені басылмас немесе күшіне енбес бұрын, экспорттаушы мүше мемлекеттерде, әсіресе, дамушы мүше мемлекеттердің өндірушілеріне өз өнімі мен өндіріс талаптарын импорттаушы елдің талаптарына сай бейімделуі үшін уақыт беру үшін саналы уақыт кезеңін көздейді.

Ақпараттық орталықтар

      3. Әрбір мүше мүдделі мүшелердің саналы сұрақтарына жауап беру үшін жауапты бір ақпараттық орталықтын қалыптасуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар ол келесі құжаттарға қатыстысы үшін жауапты:

      (а) оның аумағында қабылданған немесе әзірленген әрбір санитариялық немесе фитосанитариялық ережелер;

      (b) оның аумағында күші бар бақылау мен тексеру рәсімдер, өндіру мен карантин ережелері, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың мүмкін деңгейін мақұлдау рәсімдері;

      (с) қауіп-қатерді бағалау рәсімдері мен бұның барысында есепке алынатын ықпалдар, сонымен қатар санитариялық және фитосанитариялық қорғаныс деңгейінің тиісті деңгейін анықтау;

      (d) мүше ету және оның аумағындағы барлық мүше немесе тиісті органдардың халықаралық және аймақтық санитариялық және фитосанитариялық ұйымдар мен жүйелерге, сонымен қатар осы келісім шеңберінде екіжақты және көпжақты келісімдер мен уағдаластықтарға қатысуы және бұндай келісімдер мен уағдаластықтардың мәтіндері;

      4. Мүшелер мүдделі тұлғалар құжаттардың мәтіндерін сұраған жағдайда (егер олар ақылы берілсе), оларға мүше азаматы6 үшін сияқты алып жіберу құнын есептемеген кезде шығатын бағасы бойынша берілуін қамтамасыз етеді.

      _________________________

      5 Заңдар, қаулылар немесе өкімдер сияқты кең қолданылатын санитариялық және фитосанитариялық шаралар.

      6 Осы Келісімдегі "азаматтарға" сілтеме ДСҰ-ға мүше жеке кеден аумағы жағдайында аталған кеден аумағында тұрақты тұрғылықты жері немесе шын мәнінде және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорны бар жеке немесе заңды тұлғаларды білдіреді.

Хабарлау рәсімдері

      5. Халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдар жоқ немесе әзірленіп жатқан санитариялық немесе фитосанитариялық шаралар халықаралық стандарт, нұсқау мен ұсынымнан маңызды түрде өзгеше болған жағдайда, және бұл шаралар басқа мүшелердің сауда жасауына анағұрлым әсер ете алған жағдайда, мүшелер:

      (а) алғашқы кезеңде құзыретті мүшелерге нақты шараны енгізу мақсатымен танысулары үшін хабарламаны басып шығарады;

      (b) Хатшылар алқасы арқылы басқа мүшелерді шаралар қамтитын тауарлар туралы әзірленіп жатқан шараны енгізу мақсаты мен себебі тіркелген қысқаша хабарландыру арқылы хабардар етеді. Бұндай хабарландырулар өзгерістер енгізіліп, пікірді ескеруге болатын алғашқы кезең барысында жасалады;

      (с) басқа мүшелерге әзірленіп жатқан құжаттардың мәтіндерін сұраулары бойынша береді және мүмкіндігінше халықаралық стандарттар, нұсқаулар мен ұсынымдардан өзгеше болатын тарауларға нұсқау береді.

      (d) кемсітушіліксіз басқа мүшелерге жазбаша түрде пікірін айтуға саналы уақыт береді, сұрауы бойынша ол пікірлерді талқылайды да, айтылған пікірлер мен талқылау нәтижелеріне назар аударады.

      6. Алайда, мүше үшін денсаулығын қорғау қажеттілігі туған немесе туу мүмкіндігі болған жағдайларда, ол мүше өз білгенінше осы Қосымшаның 5-тармағында атап көрсетілген рәсімдерді мынадай жағдайларда орындамауы мүмкін:

      (а) ол хатшылар алқасы арқылы, дереу, қамтитын нақты шара мен тауарлар туралы, шұғыл мәселе (мәселердің) ежей-тегжеін қоса алғанда, реттеу енгізудің мақсаты пен себебін қысқаша көрсетілген хабарландыру арқылы басқа мүшелерге хабарлағанда;

      (b) құжаттар мәтіндерін басқа мүшелерге сұраулары бойынша ұсынғанда;

      (с) басқа мүшелерге жазбаша түрде пікірлерін жеткізуге мүмкіндік бергенде, сұрауы бойынша ол пікірлерді талқылап, айтылған пікірлер мен талқылау нәтижелеріне назар аударады.

      7. Хабарландырулар хатшылар алқасына ағылшын, француз немесе испан тілдерінде жіберіледі.

      8. Дамыған елдер қатарынан мүшелер басқа мүшелердің сұраулары бойынша құжаттардың мәтіндерін береді, ауқымды құжаттама жағдайында, нақты хабарландыруларға қатысты құжаттардың қысқаша мазмұндамасын ағылшын, француз немесе испан тілдерінде береді.

      9. Хатшылар алқасы тез арада барлық мүшелер мен мүдделі халықаралық ұйымдарға хабарландырудың көшірмелерін жібереді де, дамушы мүше мемлекеттерде қызығушылық тудыратын тауарларға қатысты хабарландыруға олардың назарын аударады.

      10. Мүшелер осы Қосымшаның 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес хабарландыру рәсімдеріне қатысты, ережелерді ұлттық деңгейде орындалуы үшін жауап беретін, бірыңғай орталық үкіметтік органды тағайындайды.

Жалпы ескертулер

      11. Осы Келісімде айтылғанның ешқайсысы талап ретінде түсіндірілмейді:

      (а) жобалардың жеке тарауларын немесе толық мәтіндерін беру немесе осы Қосымшадағы 8-тармағында берілген жағдайлардан басқа кезде, мәтіндерді мүшенің тілінен басқа тілде басу;

      (b) мүшелерге санитариялық немесе фитосанитариялық заңдарды орындауға бөгет болуы немесе жеке кәсіпорындардың коммерциялық пайдасын кемсіту мүмкіндігін тудыратын құпия ақпаратты жария қылу

С-ҚОСЫМШАСЫ

БАҚЫЛАУ, ТЕКСЕРУ МЕН МАҚҰЛДАУ РӘСІМДЕРІ7

      1. Мүшелер санитариялық немесе фитосанитариялық шараларды орындауды тексеру мен қамтамасыз ету бойынша кез-келген рәсімге қатысты мыналарды қамтамасыз етеді:

      (а) бұндай рәсімдер өткізіліп те, негізсіз тоқтаусыз, және де импортталатын тауарлар үшін, осындай отандық тауарлардікіндей қолайлы аяқталуын;

      (b) әрбір рәсімді өткізудің стандартты ұзақтығының жариялануын, немесе оны өткізу ұзақтығы сұраушыға хабарлануын; сұраным алған кезде құзыретті орган тез арада құжаттар толығының дәрежесін анықтап, анық және жан-жақты түрде сұраушыны барлық кемшіліктері туралы хабардар етуін; қажет болған жағдайда, кемшіліктерін жоюға мүмкіндігін алуы үшін, құзыретті органның тез арада анық және жан-жақты түрде сұраушыны рәсімнің нәтижелері туралы хабардар етуін; сұранымның кемшіліктері бар жағдайда да, құзыретті органның сұраушының сұрауы бойынша, мүмкіндігінше, рәсімді орындауға кірісуін; сұрауы бойынша сұраушы рәсімнің орындалу кезеңі туралы кез-келген тоқтаудың себебі туралы хабар болуын;

      (с) ақпаратқа қатысты талаптардың тиісті бақылау, тексеру және мақұлдау рәсімдерін орындау үшін қажет, соның ішінде қоспаларды пайдалануға берілген рұқсат немесе тағамдық өнімдерде, сусындар мен жем-шөпте ластаушы заттар тиісті деңгейінің орнатылу минимумымен шектелуін;

      (d) импорттаушы тауарлар туралы бақылау, тексеру және мақұлдау рәсімдеріне байланысты пайда болған немесе алынған ақпараттың құпия болып қалуына отандық тауарлардың жағдайынан кем емес, осылайша, коммерциялық пайданың заңды түрде қорғап қалуы үшін жағдайдың жасалуын;

      (e) жеке үлгілер үшін кез-келген бақылау, тексеру және мақұлдау талаптарының негізді және қажет болып табылатындармен шектелуін;

      (f) импорттаушы тауарларына қолданылған рәсімдерге байланысты кез-келген алымдардың, сондай отандық немесе басқа мүшенің аумағында өндірілген тауарларынан алынатын кез-келген алымдарымен шамалас болуын және қызметтің нақты ақысының шамадан аспауын;

      (g) сұраушы, импорттаушы, экспорттаушы немесе олардың уәкілі үшін қолайсыз жағдайды ең аз шамаға жеткізу үшін, рәсім және үлгілерді іріктеу барысында қолданылған амалдарды таңдағанда, отандық тауарлар үшін қолданылатын өлшемдердің қолданылуын

      (h) бақылау мен тексеруден кейін тауар сипаттамасына қолданылатын талаптарға қатысты өзгертулер енгізілген әр сәтте, өзгертілген тауарға қатысты өткізілетін рәсім, тауардың бұрынғысынша тиісті ережелерге сәйкес келетіндігінде толықтай сенімге ие екендігін анықтайтындарымен шектелуін; және

      (i) осндай рәсімдерді орындауға қатысты пікірлерді қарастыратын рәсімнің бар болуын және пікір орынды болған жағдайда өзгерістердің енгізілуін.

      Импорттаушы мүшеде тағамдық қоспалар немесе ластаушы заттардың тиісті деңгейін дәлелдеудің мақұлдау жүйесі мақұлдауы жоқ тауарлар үшін ішкі нарыққа өтуге тыю немесе шектеу бар болған жағдайда, импорттаушы рұқсат үшін мүше соңғы шешімін қабылдамас бұрын, халықаралық стандартты негіз ретінде қолдану мүмкіндігін қарастырады.

      2. Санитариялық немесе фитосанитариялық шара бақылауды өндіріс деңгейінде анықтаса, аумағында өндіріс жүзеге асып жатқан мүше, ол бақылауды мен бақылау органдарының жұмысын жеңілдету үшін қажетті көмегін береді.

      3. Осы Келісімдегінің ешқайсысы мүшелерге өз аумағында саналы тексеру жүргізулеріне бөгет келтірмейді.

      _______________________

      7 Бақылау, тексеру мен мақұлдау рәсімдеріне, inter alia, сынап іріктеу, сынау жане сертификаттау рәсімдері жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады