"Орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 191 өкімі.

      "Орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) 1-тармақтың 3) тармақшасының талаптары, әкімшілік персоналын қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдарына (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт) және халыққа қызмет көрсетумен байланысты ұйымдарға ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы) қолданылмайды.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады