Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 45 өкімі.

      1. Елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

      Əлімжанова Ирина Советжанқызына – "31 арна" телеарнасының тілшісі, Қазақстан телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін;

      Балажан Абайға – "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы, өңірлік журналистиканың дамуына үлес қосқаны үшін;

      Вологодская Галина Юрьевнаға – "Казахстанская правда" газетінің тілшісі, отандық БАҚ саласын дамытуға үлес қосқаны үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

      Астахов Илья Дмитриевичке – "Orda.kz" ақпарат порталының тілшісі, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін;

      Балтабаев Əділ Серікұлына – "Хабар 24" телеарнасының тілшісі, Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

      Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына – "Tengrinews.kz" ақпарат порталының тілшісі, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін;

      Омаш Саламатқа – "Qazaqstan" телеарнасы ақпараттықсараптамалық дирекциясы директорының орынбасары, отандық тележурналистиканың дамуына үлес қосқаны үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

      "Время" газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін;

      "Қызылжар-Ақпарат" ЖШС-ның шығармашылық ұжымына – өңірдегі қоғамдық жəне əлеуметтік-экономикалық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыда қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;

      "KazTAG" ақпарат порталының шығармашылық ұжымына – қоғамдағы өзекті мəселелерді ақпараттықсараптамалық тұрғыда сипаттап көрсеткені үшін;

      "TDK-42" телеарнасының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына үлес қосқаны үшін жариялансын.

      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады