Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмi 1998 жылғы 19 наурыз N 3874. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.11.03. N 87 өкімімен. ~N990087

 


     Кадрлармен жұмыс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру және кадрларды

iрiктеу мен тағайындауға бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан

Республикасы атқарушы органдарының басшы лауазымды адамдарын

қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi

туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).


     Қазақстан Республикасының

             Президентi


                                        Қазақстан Республикасы

                                             Президентiнiң

                                        1998 жылғы 19 наурыздағы

                                        N 3874 өкiмiне

                                               қосымша


         Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының басшы

           лауазымды тұлғаларын қызметке келiсу, қызметке

           тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы

                               ЕРЕЖЕ


                 Орталық атқарушы органдар бойынша



 
       1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен тағайындалатын және босатылатын лауазымды тұлғаларды ауыстыру рәсiмiн, сондай-ақ бұған қатысатын лауазымды тұлғалар тобын Мемлекет басшысы немесе оның тапсыруы бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы айқындайды. Жарлықтар жобасы мен басқа да қажеттi құжаттарды даярлау қатыстылығына қарай Президент Әкiмшiлiгiнiң кез келген құрылымдық бөлiмшесiне тапсырылуы мүмкiн.
      Жекелеген лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе босату жөнiнде Премьер-Министр, Әкiмшiлiк Басшысы енгiзетiн ұсыныстар Президент Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн жанай Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке өзiне баяндалуы мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмдерiмен жүргiзiлетiн атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды тиiстi орталық атқарушы органның басшысы Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмiне енгiзедi, ол қажеттi құжаттарды даярлайды және Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнде келiсудi немесе кандидатпен әңгiмелесудi ұйымдастырып, ұсынылған кандидатураны Үкiметте зерделеу үшiн материалдарды Премьер-Министр Кеңсесiнiң Мемлекеттiк қызмет, кадрлар және бақылау бөлiмiне бередi. Құжаттар тiзбесi осы Ережемен айқындалады. Бұдан кейiн Әкiмшiлiктiң Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына ұсыныс даярлап, енгiзедi, ол Мемлекет басшысына баяндау үшiн Әкiмшiлiк Басшысына берiледi.
      3. Тағайындалуы немесе босатылуы Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi бойынша жүргiзiлетiн лауазымды тұлғалар жөнiндегi, тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қол қойған, ұсыныстар Премьер-Министр Кеңсесiнiң Мемлекеттiк қызмет, кадрлар және бақылау бөлiмiне жiберiледi. Ол кандидатураны келiсудi немесе кандидатпен Үкiметте әңгiмелесудi ұйымдастырады.
      Бұдан кейiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы ұсынылып отырған кандидатураға берiлген ұсыным мен анықтаманы Әкiмшiлiк Басшысына жолдайды, ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен ұсынылған кандидатура жөнiнде тиiстi жауабын бередi.
 
                 Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша
 
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасы әкiмдерi орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң, қалалардағы аудандар әкiмдерiнiң қызметтерiне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкiмдер Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрiнiң немесе олар уәкiлдiк берген лауазымды тұлғалардың келiсiмiмен жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2715 U952715_ Жарлығына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi жоғарыда аталған қызметтерге тағайындау жөнiндегi материалдарды тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, республика астанасының әкiмi Президент Әкiмшiлiгiне енгiзедi, онда Мемлекеттiк қызмет және кадр саясаты бөлiмiнде зерделенiп, Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiмен келiсiлгеннен кейiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Мемлекеттiк қызмет, кадрлар және бақылау бөлiмiне жiберiледi. Ол мәселенi Үкiметте келiсудi ұйымдастырады.
      Мәселе Үкiметте қаралғаннан кейiн материалдар қайтадан Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк қызмет және кадр саясат бөлiмiне берiледi, ол Әкiмшiлiк Басшысының келiсiмiмен кандидатпен әңгiмелесу өткiзу және Президент Әкiмшiлiгi мен Үкiметтiң мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнде келiсудi ұйымдастыру үшiн оны шақыруды ұйымдастырады. Содан кейiн құжаттар жиынтығы Қазақстан Республикасының Президентiне баяндау үшiн Әкiмшiлiк Басшысына берiледi.
      Жекелеген жағдайларда Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсу бойынша әңгiмелесуге шақырусыз да кандидатты тағайындауға келiсiм беруi мүмкiн.
      Облыстар әкiмдерiнiң, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң орынбасарларын босату осы мәселе Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысымен және Үкiметпен келiсiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi. Бұл үшiн облыс әкiмi Президент Әкiмшiлiгi Басшысының атына қызметкердiң босатылу себептерiн көрсетiп, хат-ұсыныс жолдайды. Мәселе тиiсiнше зерделенiп, Қазақстан Республикасының Президентiне баяндалғаннан кейiн Әкiмшiлiк Басшысы қызметкердi босатуға келiсiм бередi немесе ұсынысты қабылдамай тастайды.
 
                   Осы Ереженiң өзге де мәселелерi
 
      5. Үкiмет мүшелерiн, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын, заңды тұлға болып табылатын ведомстволардың, департаменттердiң директорларын қызметтерге тағайындау немесе атқаратын қызметтерiнен босату туралы ұсыныстарды Премьер-Министр, ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептерi мен дәлелдерiн көрсетiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жазбаша енгiзедi.
      6. Мемлекеттiк қызметшiлердi қызметке тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берiледi: кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақша, өмiрбаян, бiлiмi, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың берiлуi туралы дипломдардың көшiрмелерi, анықтама, 4х6 см өлшемдi 3 фотосурет, олардың арнайы тексеруден өткенi туралы анықтама, салық декларациясын тапсырғаны туралы анықтама, сондай-ақ осы қызметтi атқарып жүрген немесе атқарған қызметкердiң босатылу себептерi туралы жазба.
      Ұсыныста қызметке орналасуға кандидаттың iскерлiк және жеке қасиеттерiне қысқаша сипаттама беру қажет. Лауазымды тұлға орнынан түскен немесе ол өз тiлегi бойынша орнынан босатылған жағдайда материалдарға мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi өтiнiшi қоса берiледi.
      7. Қажет болған жағдайда Президент Әкiмшiлiгiнiң мүдделi құрылымдары қосымша материалдарды сұратып алдырады не тағайындалатын немесе босатылатын мемлекеттiк қызметшiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерiн зерделеудi жергiлiктi жерге барып ұйымдастырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады