Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 59 өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.09.07 № 150 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ереже ;
      2) Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы  Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 27 қазандағы N 1066  қаулысының күшін жоюды қамтамасыз етсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
1999 жылғы 20 шілдедегі 
N 59 өкімімен     
бекітілген     

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы
Ереже

      1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты (бұдан әрі дипломаттық паспорт) Қазақстан азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрған кездерде және Қазақстан Республикасына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
      2. Дипломаттық паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
      3. Дипломаттық паспорт тиісінше ресімделген жағдайда Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады.
      4. Дипломаттық паспортты Қазақстан Республикасының осындай паспорт берілетін лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі береді.
      Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша ерекше жағдайларда тізбеде көрсетілмеген тұлғаларға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар.
      5. Ұзақ мерзімді шетелдік іссапарларға шығатын және дипломаттық паспорты бар адамдармен бірге жол жүретін жұбайларына, 18 жасқа дейінгі балаларына да дипломаттық паспорт беріледі. 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналардың бірінің паспортына жазылады.
      6. Егер дипломатиялық паспорт иесі Қазақстанға оралғаннан кейін бір ай мерзімде республикадан тыс жерге тағы да шықпаса, дипломаттық паспорт азаматтар шетелдік сапарлардан оралысымен он күн мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тапсырылуға тиіс. Тапсырылғаннан кейін паспорттардың сақталуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі.
      Дипломаттық паспорттардың Сыртқы істер министрлігіне уақтылы қайтарылуы үшін тапсырыстары бойынша дипломаттық паспорттар ресімделген тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өздеріне дипломаттық паспорт берілген тұлғалар дербес жауапты болады.
      7. Дипломаттық паспорт бес жыл мерзімге беріледі.
      8. Шетелде дипломаттық паспортын жоғалтқан жағдайда паспорт иесі бұл туралы Қазақстан Республикасының таяу жердегі дипломаттық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне , егер Қазақстан Республикасының аумағында жоғалтқан болса Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дереу мәлімдеуге міндетті.
      Жоғалғанның орнына жаңа паспорт беру жоғалту туралы ақпарат тексерілгеннен кейін жүргізіледі.
      9. Егер паспорт иесі оны иеленуге құқығын жоғалтқан болса, Сыртқы істер министрлігі лауазым иесінен дипломаттық паспортты қайтаруды талап етуге міндетті.
      10. Дипломаттық паспортты оның иесі республика аумағында азаматтық-құқықтық келісімдер жасасқан және сенімхаттар ресімдеген кезде пайдалана алмайды.
      11. Дипломаттық паспорттардың бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тапсырыстары бойынша жасалады.
      12. Дипломаттық паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің     
1999 жылғы 20 шілдедегі  
N 59 өкімімен    
бекітілген      

Дипломаттық паспорт берілетін Қазақстан Республикасы
лауазымды адамдарының
Тізбесі

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.14. N 323 Өкімімен.

      1. Президент
      2. Премьер-Министр
      3. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары
      4. Мемлекеттік Хатшы
      5. Президент Әкімшілігінің Басшысы
      6. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдардың басшылары:
      - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
комиссияның төрағасы
      - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      - Президенттің Күзет қызметінің бастығы
      - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Орталық сайлау комитетінің төрағасы
      - Ұлттық Банктің төрағасы
      - Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы
      - Президенттің Іс Басқарушысы
      - Конституциялық Кеңестің төрағасы
      - Жоғарғы Соттың Төрағасы
      - Республикалық ұланның қолбасшысы
      - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің төрағасы
      - Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің
төрағасы
      - Бас прокурор
       - "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры
      7. Үкімет мүшелері
      8. Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
      9. Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері
      10. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
      11. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
      12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
      13. Парламент депутаттары
      14. Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің басшылары: U990006
      - Мемлекеттік мүдделерді қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы
      - Инвестициялар жөніндегі агенттіктің төрағасы   
      - Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттіктің төрағасы
      15. Президент Протоколының бастығы
      16. Президенттің баспасөз хатшысы
      17. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары
      18. Бас сарапшы - Президенттің хатшысы
      19. Премьер-Министр Хатшылығының меңгерушісі
      20. Премьер-Министр Кеңсесінің Сыртқы экономикалық
байланыстары және протокол бөлімінің меңгерушісі
      21. Премьер-Министрдің көмекшісі
      22. Парламент Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының басшылары
      23. Сыртқы істер министрлігінің дипломаттық қызметкерлері мен
дипломаттық курьерлері
      24. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың
жанындағы өкілдіктеріндегі дипломаттыққа теңестірілген лауазымдардағы қызметкерлері
      25. Әскери атташелер мен олардың көмекшілері
      Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын пайдалану құқығы:
      Қазақстан Республикасының экс-Президенті мен оның зайыбында;
      Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының екінші сыныпты Төтенше және Өкілетті өкілі деген дипломаттық дәрежелері бар отставкаға шыққан дипломаттық қызметкерлерде сақталады.

О дипломатическом паспорте Республики Казахстан

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 20 июля 1999 года № 59. Утратило силу Указом Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 150

      Сноска. Утратило силу Указом Президента РК от 07.09.2011 № 150.

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Положение о дипломатическом паспорте Республики Казахстан;
      2) Перечень должностных лиц Республики Казахстан, которым выдается дипломатический паспорт.
      2. Правительству Республики Казахстан обеспечить отмену постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 октября 1993 года № 1066 "Об утверждении Положения о дипломатическом паспорте Республики Казахстан".
      

      Президент
      Республики Казахстан
                                             Утверждено
                                       распоряжением Президента
                                        Республики Казахстан
                                       от 20 июля 1999 года № 59
 
                       Положение
       о дипломатическом паспорте Республики Казахстан
 
      1. Дипломатический паспорт Республики Казахстан (далее - дипломатический паспорт) является документом, удостоверяющим личность гражданина Казахстана при его выезде, проживания за пределами Республики Казахстан для исполнения возложенных на него служебных обязанностей и при его въезде в Республику Казахстан.
      2. Дипломатический паспорт является собственностью Республики Казахстан.
      3. Дипломатический паспорт , при условии его надлежащего оформления, является действительным для выезда из Республики Казахстан во все государства мира.
      4. Дипломатический паспорт выдается Министерством иностранных дел Республики Казахстан, согласно соответствующему перечню должностных лиц Республики Казахстан, которым выдается такой паспорт.
      Министр иностранных дел, по согласованию с Президентом Республики Казахстан, имеет право в исключительных случаях выдать дипломатический паспорт лицам, не указанным в перечне .
      5. Супругам, детям до 18 лет, следующим вместе с лицами, выезжающими в длительные загранкомандировки и имеющими дипломатический паспорт, также выдается дипломатический паспорт. Дети до 16 лет вписываются в паспорт одного из родителей.
      6. Дипломатический паспорт подлежит сдаче в Министерство иностранных дел в десятидневный срок после возвращения граждан из заграничной поездки, если обладатель дипломатического паспорта в месячный срок после возвращения в Казахстан вновь не выезжает за пределы Республики. Ответственность за хранение паспортов после сдачи возлагается на Министерство иностранных дел.
      Персональную ответственность за своевременную сдачу дипломатических паспортов в Министерство иностранных дел несут руководители соответствующих государственных органов, по заявкам которых были оформлены дипломатические паспорта, и лица, которым выданы дипломатические паспорта.
      7. Дипломатический паспорт выдается сроком на пять лет.
      8. В случае утраты дипломатического паспорта за рубежом владелец паспорта обязан незамедлительно заявить об этом в ближайшее дипломатическое представительство или консульское учреждение Республики Казахстан. Если утрата произошла на территории Казахстана - в Министерство иностранных дел.
      Выдача нового паспорта взамен утраченного производится после проверки информации об утрате.
      9. Министерство иностранных дел обязано истребовать дипломатический паспорт у должностного лица, если владелец утратил право на его владение.
      10. Дипломатический паспорт не может быть использован его владельцем на территории Казахстана при заключении гражданско-правовых сделок и оформлении доверенностей.
      11. Бланки дипломатических паспортов являются документами строгой отчетности. Они изготавливаются по заявкам Министерства иностранных дел.
      12. Учет, хранение и уничтожение дипломатических паспортов осуществляется Министерством иностранных дел.

      
Утвержден          
распоряжением Президента 
Республики Казахстан  
от 20 июля 1999 года № 59 

      
       Сноска. Перечень с изменениями, внесенными распоряжением Президента РК от 14.05.2009 N 323 .

            
Перечень должностных лиц Республики Казахстан,
которым выдается дипломатический паспорт

       1. Президент.
      2. Премьер-Министр.
      3. Председатели Сената и Мажилиса Парламента.
      4. Государственный секретарь.
      5. Руководитель Администрации Президента.
      6. Руководители государственных органов , непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту:
      - Председатель Государственной комиссии по борьбе с коррупцией
      - Председатель Комитета национальной безопасности
      - Начальник Службы охраны Президента
      - Председатель Агентства по делам государственной службы
      - Председатель Центральной избирательной комиссии
      - Председатель Национального Банка
      - Председатель Национальной комиссии по ценным бумагам
      - Управляющий Делами Президента
      - Председатель Конституционного Совета
      - Председатель Верховного Суда
      - Командующий Республиканской гвардией
      - Председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
      - Председатель Агентства по стратегическому планированию и реформам
      - Генеральный прокурор
       - Директор Службы внешней разведки "Сырбар".
      7. Члены Правительства.
      8. Помощник Президента по вопросам национальной безопасности - Секретарь Совета Безопасности.
      9. Помощники и советники Президента.
      10. Руководитель Канцелярии Премьер-Министра.
      11. Заместители Руководителя Администрации Президента.
      12. Акимы областей, гг. Астаны и Алматы.
      13. Депутаты Парламента.
      14. Руководители агентств, не входящих в состав Правительства :
      - Председатель Агентства по защите государственных интересов
      - Председатель Агентства по поддержке малого бизнеса
      - Председатель Агентства по миграции и демографии
      - Председатель Агентства по государственным закупкам
      - Председатель Агентства по статистике
      - Председатель Агентства по чрезвычайным ситуациям
      - Председатель Агентства по регулированию естественных монополий и защите конкуренции
      - Председатель Агентства по инвестициям
      - Председатель Агентства по экономическому планированию
      15. Шеф Протокола Президента.
      16. Пресс-секретарь Президента.
      17. Руководители структурных подразделений Администрации Президента.
      18. Главный эксперт - секретарь Президента.
      19. Заведующий Секретариатом Премьер-Министра.
      20. Заведующий отделом внешнеэкономических связей и протокола Канцелярии Премьер-Министра.
      21. Помощник Премьер-Министра.
      22. Руководители аппарата Сената и Мажилиса Парламента.
      23. Дипломатические работники и дипломатические курьеры Министерства иностранных дел.
      24. Сотрудники представительств Республики Казахстан при международных организациях, занимающие должности, приравниваемые к дипломатическим.
      25. Военные атташе и их помощники.
      Право пользования дипломатическим паспортом Республики Казахстан сохраняется за:
      Экс-Президентом Республики Казахстан и его супругой;
      дипломатическим сотрудниками, которые вышли в отставку и имеют дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Чрезвычайного и Полномочного Посланника Республики Казахстан первого класса, Чрезвычайного и Полномочного Посланника Республики Казахстан второго класса.