Даму құқығы туралы декларация

Бас Ассамблеяның 41/128 қарарымен 1986 жылдың 4 желтоқсанында қабылданды

      Бас Ассамблея,
      экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде нәсіл, жыныс, тіл және дін айырмашылығына қарамастан барлық тұлғалар үшін негізгі бостандықтар мен адам құқықтарын құрметтеу үрдісін дамыту мен көтермелеуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаларын назарға алып,
      даму үрдісі сол үрдіс барысында туындайтын игіліктерді әділ үлестіруге және дамуға белсенді, еркін және сындарлы түрде қатысуға негізделе отырып, бүкіл халықтардың және барлық тұлғалардың әл-ауқатын тұрақты түрде арттыруға бағытталған жалпыға ортақ экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси үрдіс болып табылатынын мойындап,
      адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясының ережелеріне сәйкес әрбір адам әлеуметтік және халықаралық тәртіпке құқылы, бұл реттегі Декларацияда берілген құқықтар мен бостандықтар толықтай жүзеге асырылатынын ескере отырып,
      экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы Халықаралық пактінің ережелеріне, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің ережелеріне жүгініп,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерінің адамның жан-жақты дамуына, барлық халықтардың экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуі мен дамуына қатысты тиісті келісімдері, конвенциялары, қарарлары, ұсыныстары және басқа да құжаттарына, оның ішінде деколонизацияға, дикриминацияның алдын алуға, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құметтеуге және сақтауға, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, Жарғыға сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытуда одан әрі қолғабыс етуге қатысты құжаттарға одан әрі жүгініп,
      халықтардың өзін-өзі анықтау құқығына сәйкес барлық халықтардың өздерінің саяси мәртебесін өз бетінше анықтауға және өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын жүзеге асыруға құқылы екенін ескерте отырып,
      адам құқықтары туралы Халықаралық пактінің екеуінің тиісті ережелеріне сәйкес халықтардың өздерінің табиғи байлығымен және қорымен толықтай және түгелдей егемендік ету құқығы туралы сондай-ақ ескертіп,
      Жарғыға сәйкес мемлекеттердің жалпының бірдей адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын нәсілі, терісінің түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе басқа да көзқарастарының, ұлттық немесе әлеуметтік болмысы, мүліктік жағдайы, туылуы немесе басқа да белгілері бойынша қандай да бір айырмашылығын есепке алмай құметтеуіне және сақтауына жәрдемдесу міндеттемесін ескеріп,
      колониализм, неколониализм, апартеид, нәсілшілдіктің барлық түрлері мен нәсілдік дискриминация, шет елдік үстемдік пен басқыншылық, ұлттық егемендікке, ұлттық бірлікке және территориялық тұтастыққа қарсы көрсетілетін агрессия мен қауіп-қатер, соғыстық өршу қаупінің туындауы нәтижесінде халықтардың осындай жағдайлар орын алған тұлғаларының адам құқықтарының бұқаралық және дөрекі түрде бұзылуын жою адамзаттың айтарлықтай бөлігінің дамуына көмектесетін жағдайлардың жасалуына септігін тигізеді деп, есептеп,
      адам мен халықтардың дамуы мен толыққанды өзін-өзі көрсету жолындағы негізінен азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды жоққа шығаруен байланысты ауыр кедергілердің болуына байланысты қамкөңілдікті бастан кеше отырып, және адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтары бір-бірінен ажырамас және бір-бірімен байланысты және оның дамуы үшін азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау мен оған қолғабыс етуге, жүзеге асыруға барлығына бірдей көңіл бөлінуі қажет және мұндай іс-шараларға жоғары мән берілуі тиіс және осының салдарынан адамның кейбір құқықтары мен негізгі бостандықтарын құметтеу, жүзеге асыру және оларға қолғабыс етілуі адамның басқа да құқықтары мен негізгі бостандықтарынан бас тартуын ақтай алмайды.
      Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік даму құқықтарын жүзеге асырудың маңызды факторлары болып табылады деп есептеп,
      Қарусыздандыру мен даму арасында тығыз байланыс барын, және қарусыздандыру саласындағы ілгерілеу, даму саласындағы ілгерілеуді тездетуін, және қарусыздандыру шараларының жүзеге асырылуының нәтижесінде босатылатын құралдар барлық халықтардың, негізінен дамушы елдердің халықтарының экономикалық және әлеуметтік дамуы мен әл-ауқатының жақсаруына бағытталуы тиіс екенін растай отырып,
      адам даму үрдісінің негізгі субъектісі болып табылатынын, және соның салдарынан адамның даму саласындағы саясатта адам жалпы дамудың басты қатысушысы мен бенефициарийі ретінде қарастырылуы тиіс екенін мойындай отырып,
      халықтар мен адамдардың жеке бастарының дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау сол мемлекеттердің негізгі міндеттемесі болып табылатынын мойындай отырып,
      адам құқықтарының қорғалуы мен дамуына қолғабыс етуге бағытталған халықаралық деңгейдегі салынатын күштер жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті орнату бойынша салынатын күштермен қосарлана жүруі тиіс екенін ұғына отырып,
      даму құқығы адамның тартып алынбайтын құқығы болып табылатынын, және даму мақсатындағы мүмкіндіктердің теңдігі мемлекеттердің, сондай-ақ сол мемлекетті құрайтын адамдардың да дәргейі болып табылатынын растай отырып,
      осы даму құқығы туралы Декларацияны жариялайды:

1 Бап

      1. Даму құқығы адамның тартып алынбайтын құқығы болып табылуы себебінен әрбір адам және барлық халықтар адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтары толықтай жүзеге асырылатындай осындай экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси даму үрдісіне қатысуға, сондай-ақ оған ат салысып, игіліктерін пайдалануға құқылы.
      2. Адамның даму құқығы, сонымен қатар халықтардың өзін өзі анықтау құқықтарын толыққанды жүзеге асырылуын білдіреді. Бұл ретте өзін өзі анықтау құқығының құрамына адам құқықтары туралы Халықаралық пактілердің екеуінің де тиісті ережелеріне сәйкес өзінің барлық табиғи байлықтарына және қорларына толықтай егемендік ету секілді тартып алынбайтын құқықтарын жүзеге асыру құқығы кіреді.

2 Бап

      1. Адам даму үрдісінің негізгі субъектісі болып табылады және даму құқығының белсенді қатысушысы мен бенефициары болуы тиіс.
      2. Барлық адамдар адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толықтай құрметтеу қажеттілігін, сонымен қатар адамның жеке басының толыққанды және еркін дамуын қамтамасыз ете алатын қоғам алдындағы өз міндеттерін есепке ала отырып, жеке және ұжымдық түрде даму үрдісі үшін жауапкершілік тартады. Сондықтан да олар даму үшін қажетті тиісті саяси, әлеуметтік, экономикалық тәртіпті қорғауы және көтермелеуі тиіс.
      3. Мемлекеттер даму үрдісіне белсенді, еркін және құрылымдық түрде қатысуға және үрдіс барысында туындайтын игіліктерді әділ түрде бөлісу негізінде тұрғылықты халықтың және барлық жеке тұлғалардың әл-ауқатын тұрақты түрде көтеруге бағытталған дамудың тиісті ұлттық саясатын анықтауға міндетті және құқылы.

3 Бап

      1. Мемлекеттер даму құқығын жүзеге асыру үшін қолайлы ұлттық және халықаралық жағдайларды жасау үшін негізгі жауапкершілікті тартады.
      2. Даму құқығының жүзеге асырылуы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға және ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтардың қағидаларын толықта құрметтеуін қажет етеді.
      3. Мемлекеттер дамуды қамтамасыз ету үшін және соның барысында туындайтын кедергілерді жою үшін бір-бірімен ынтымақтастық орнатуы тиіс. Мемлекеттер егеменді теңдікке, өзара тәуелділікке, барлық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа деген өзара мүдделілікке негізделген жаңа халықаралық, экономикалық тәртіпті орнатуда әрекет ету мақсатында өз құқықтарын жүзеге асыруға және өз міндеттерін орындауға, сонымен қатар адам құқықтарын жүзеге асыруға және сақталған жағдайда көтермелеуге міндетті.

4 Бап

      1. Мемлекеттер жеке және ұжымдық түрде даму құқығын толыққанды жүзеге асыруда қолғабыс ету мақсатында халықаралық даму саласындағы саясатты дайындауға бағытталған шараларды қолға алуы тиіс.
      2. Дамушы елдердің әлдеқайда жылдам дамуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шаралардың тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Дамушы елдердің салып жатқан күштеріне қосымша осы елдерге олардың жан-жақты дамуын тездету үшін тиісті құралдар мен мүмкіндіктерді беруде халықаралық тиімді ынтымақтастық қажет.

5 Бап

      Мемлекеттер апартеид, нәсілшілдіктің барлық түрлері мен нәсілдік дискриминация, колониализм, шет елдік үстемдік пен басқыншылық, ұлттық егемендікке, ұлттық бірлікке және территориялық тұтастыққа қарсы көрсетілетін агрессия мен қауіп-қатер, соғыстың өршу қаупінің төнуі және және халықтарға өзін өзі анықтау негізгі құқығын мойындаудан бас тарту нәтижесінде халықтардың және осындай жағдайлар орын алған тұлғаларының адам құқықтары бұқаралық және дөрекі түрде бұзылуын жоюға бағытталған шешуші шаралар қолдануы тиіс.

6 Бап

      1. Барлық мемлекеттер адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын нәсілінің, жынысының, тілінің немесе дінінің ескерілуінсіз жалпының бірдей құрметтеуі мен сақтауын қамтамасыз ету, нығайту және көтермелеу мақсатында бірігіп қызмет етуі тиіс.
      2. Адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтары бір-бірінен бөлінбейді және өзара бір-бірімен байланысты болып табылады; азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың жүзеге асырылуына, жүзеге асырылуына қолғабыс етуіне және олардың қорғалуына теңдей назар аударылуы және жоғары деңгейде мән берілуі тиіс.
      3. Мемлекеттер азаматтық және саяси құқықтардың, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың сақталмауының нәтижесінде туындайтын даму жолдарындағы кедергілерді жою мақсатында шаралар қолдануға міндетті.

7 Бап

      Барлық мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату, сақтау және оны нығайту жолында қолғабыс етіп, осы мақсатта тиімді халықаралық бақылау астында жаппай және толықтай қарусыздандыруға жету үшін және сондай-ақ, негізінен дамушы елдердің жан-жақты даму мақсатында қарусыздандыру бойынша тиімді шаралар қолдану нәтижесінде босатылатын құралдардың пайдаланылуын қамтамасыздандыру үшін барлық күштерін жұмылдыруы тиіс.

8 Бап

      1. Мемлекеттер даму құқығын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды ұлттық деңгейде қолдануы тиіс, және негізгі қорларға, білімге, денсаулық сақтауға, азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбекке және кірістің әділ бөлінуіне қол жетімділікке қатысты барлық мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз етуі тиіс. Даму үрдісіне әйелдердің де белсенді үлес қосуы қамтамасыздандырылу бойынша тиімді шаралар қолданылуы қажет. Барлық әлеуметтік әділетсіздіктерді жою мақсатында тиісті экономикалық және әлеуметтік реформалар өткізілуі қажет.
      2. Барлық мемлекеттер халықтың даму үрдісінің маңызды факторы ретінде барлық салаларға қатысуын және адамның барлық құқықтарын толықтай жүзеге асырылуын көтермелеуі қажет.

9 Бап

      1. Осы Декларацияда берілген барлық құқық аспектілері бөлінбейтін және өзара байланысты сипатты танытады және олардың әрбірін бүтін бір контекстте қарастыру қажет.
      2. Осы Декларацияда Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанымдары мен мақсаттарына қарама-қайшылық ретінде немесе белгілі бір мемлекетке, топқа немесе жеке тұлғаға қандай да бір қызметті жүзеге асыруына немесе адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясында және адам құқықтары туралы Халықаралық пактілерде көрсетілген құқық бұзушылықтарға бағытталған іс-әрекеттер жасау құқығының табысталуын білдіретін іс-әрекеттер ретінде қарастырылмауы қажет.

10 Бап

      Даму құқығының толықтай жүзеге асырылуын және ілгерілей отырып нығайтылуын қамтамасыздандыру үшін, оның ішінде саяси, экономикалық және басқа да шаралардың халықаралық деңгейлерде қабылдануы мен жүзеге асырылуы, өңделуі секілді шаралар қолданылуы тиіс.

Декларация о праве на развитие

Принята резолюцией 41/128 Генеральной Ассамблеи от 4 декабря 1986 года

Генеральная Ассамблея,

принимая во внимание цели и принципы Устава Организации Объединенных Наций, касающиеся осуществления международного сотрудничества в решении международных проблем экономического, социального, культурного и гуманитарного характера и в поощрении и развитии уважения к правам человека и основным свободам для всех, без различия расы, пола, языка и религии,

признавая, что развитие является всесторонним экономическим, социальным, культурным и политическим процессом, направленным на постоянное повышение благосостояния всего населения и всех лиц на основе их активного, свободного и конструктивного участия в развитии и в справедливом распределении создаваемых в ходе его благ,

учитывая, что в соответствии с положениями Всеобщей декларации прав человека каждый человек имеет право на социальный и международный порядок, при котором права и свободы, изложенные в Декларации, могут быть полностью осуществлены,

ссылаясь на положения Международного пакта об экономических, социальных и культурных правах и Международного пакта о гражданских и политических правах,

ссылаясь далее на соответствующие соглашения, конвенции, резолюции, рекомендации и другие документы Организации Объединенных Наций и ее специализированных учреждений, касающиеся всестороннего развития человека, экономического и социального прогресса и развития всех народов, включая документы, касающиеся деколонизации, предупреждения дискриминации, уважения и соблюдения прав человека и основных свобод, поддержания международного мира и безопасности, дальнейшего содействия развитию дружественных отношений и сотрудничества между государствами в соответствии с Уставом,

напоминая о праве народов на самоопределение, в соответствии с которым все народы имеют право на свободное определение своего политического статуса и осуществление своего экономического, социального и культурного развития,

напоминая также о праве народов осуществлять, согласно соответствующим положениям обоих Международных пактов о правах человека, полный и всецелый суверенитет над всеми своими природными богатствами и ресурсами,

учитывая обязательство государств в соответствии с Уставом содействовать всеобщему уважению и соблюдению прав человека и основных свобод для всех без каких бы то ни было различий по признаку расы, цвета кожи, пола, языка, религии, политических или иных убеждений, национального или социального происхождения, имущественного положения, рождения или по иному признаку,

считая, что ликвидация массовых и грубых нарушений прав человека народов в лиц, затрагиваемых такими ситуациями, которые являются результатом колониализма, неоколониализма, апартеида, всех форм расизма и расовой дискриминации, иностранного господства и оккупации, агрессии и угроз национальному суверенитету, национальному единству и территориальной целостности и угрозы войны, способствовала бы созданию условий, содействующих развитию значительной части человечества,

испытывая озабоченность в связи с существованием серьезных препятствий на пути развития и полного самовыражения человека и народов, связанных, в частности, с отрицанием гражданских, политических, экономических, социальных и культурных прав, и считая, что все права человека и основные свободы неделимы и взаимозависимы и что для содействия развитию должно уделяться одинаковое внимание и первостепенное значение осуществлению, содействию и защите гражданских, политических, экономических, социальных и культурных прав и что вследствие этого содействие, уважение и осуществление некоторых прав человека и основных свобод не может служить оправданием отказа в других правах человека и основных свободах,

считая, что международный мир и безопасность являются важнейшими факторами осуществления права на развитие,

подтверждая, что существует тесная связь между разоружением и развитием и что прогресс в области разоружения значительно ускорил бы прогресс в области развития и что средства, высвобождаемые в результате осуществления мер по разоружению, должны быть направлены на экономическое и социальное развитие и благосостояние всех народов, и в частности народов развивающихся стран,

признавая, что человек является основным субъектом процесса развития и что вследствие этого в политике в области развития человек должен рассматриваться как главный участник и бенефициарий развития,

признавая, что создание благоприятных условий для развития народов и индивидуумов является основной обязанностью их государств,

сознавая, что усилия на международном уровне, направленные на содействие развитию и защиту прав человека, должны сопровождаться усилиями по установлению нового международного экономического порядка,

подтверждая, что право на развитие является неотъемлемым правом человека и что равенство возможностей для развития является прерогативой как государств, так и людей, составляющих государство,

провозглашает следующую Декларацию о праве на развитие:

Статья 1

1. Право на развитие является неотъемлемым правом человека, в силу которого каждый человек и все народы имеют право участвовать в такой экономическом, социальном, культурном и политическом развитии, при котором могут быть полностью осуществлены все права человека и основные свободы, а также содействовать ему и пользоваться его благами.

2. Право человека на развитие предполагает также осуществление в полной мере права народов на самоопределение, которое включает согласно соответствующим положениям обоих Международных пактов о правах человека осуществление их неотъемлемого права на полный суверенитет над всеми своими природными богатствами и ресурсами.

Статья 2

1. Человек является основным субъектом процесса развития и должен быть активным участником и бенефициарием права на развитие.

2. Все люди несут ответственность за развитие в индивидуальном и коллективном плане с учетом необходимости полного уважения прав человека и основных свобод, а также своих обязанностей перед обществом, которое только и может обеспечить свободное и полное развитие человеческой личности, и поэтому они должны поощрять и защищать соответствующий политический, социальный и экономический порядок, необходимый для развития.

3. Государства имеют право и обязанность определять соответствующую национальную политику развития, направленную на постоянное повышение благосостояния всего населения и всех отдельных лиц на основе их активного, свободного и конструктивного участия в развитии и в справедливом распределении создаваемых в ходе его благ.

Статья 3

1. Государства несут основную ответственность за создание национальных и международных условий, благоприятных для осуществления права на развитие.

2. Осуществление права на развитие требует полного уважения принципов международного права, касающихся дружественных отношений и сотрудничества между государствами в соответствии с Уставом Организации Объединенных Наций.

3. Государства должны сотрудничать друг с другом в обеспечении развития и устранении препятствии на его пути. Государства должны осуществлять свои права и выполнять свои обязанности таким образом, чтобы содействовать установлению нового международного экономического порядка, основанного на суверенном равенстве, взаимозависимости, взаимной заинтересованности сотрудничества между всеми государствами, а также поощрять соблюдение и осуществление прав человека.

Статья 4

1. Государства должны принимать в индивидуальном и коллективном порядке меры, направленные на разработку политики в области международного развития с целью содействия осуществлению в полном объеме права на развитие.

2. Для обеспечения более быстрого развития развивающихся стран необходимо принятие постоянных мер. В дополнение к усилиям, предпринимаемым развивающимися странами, необходимо эффективное международное сотрудничество в предоставлении этим странам соответствующих средств и возможностей для ускорения их всестороннего развития.

Статья 5

Государства должны принимать решительные меры, направленные на ликвидацию массовых и грубых нарушений прав человека народов и лиц, затрагиваемых такими ситуациями, которые являются результатом апартеида, всех форм расизма и расовой дискриминации, колониализма, иностранного господства и оккупации, агрессии, иностранного вмешательства и угроз национальному суверенитету, национальному единству и территориальной целостности, угрозы войны и отказа признать основополагающее право народов на самоопределение.

Статья 6

1. Все государства должны сотрудничать в целях содействия, поощрения и укрепления всеобщего уважения и соблюдения всех прав человека и основных свобод для всех, без различия расы, пола, языка или религии.

2. Все права человека и основные свободы являются неделимыми и взаимозависимыми; одинаковое внимание и первостепенное значение должно уделяться осуществлению, содействию и защите гражданских, политических, экономических, социальных и культурных прав.

3. Государства должны принимать меры в целях ликвидации препятствий на пути развития, возникающих в результате несоблюдения гражданских и политических прав, а также экономических, социальных и культурных прав.

Статья 7

Все государства должны содействовать установлению, поддержанию и укреплению международного мира и безопасности и с этой целью прилагать все усилия для достижения всеобщего и полного разоружения под эффективным международным контролем, а также для обеспечения использования высвобождаемых в результате принятия эффективных мер по разоружению средств в целях всестороннего развития, в частности развивающихся стран.

Статья 8

1. Государства должны принимать на национальном уровне все необходимые меры для осуществления права на развитие и обеспечить, в частности, равенство возможностей для всех в том, что касается доступа к основным ресурсы, образованию, здравоохранению, питанию, жилью, занятости и справедливому распределению доходов. Должны быть приняты эффективные меры по обеспечению активной роли женщин в процессе развития. В целях ликвидации всех социальных несправедливостей должны быть проведены соответствующие экономические и социальные реформы.

2. Государства должны поощрять участие населения во всех областях в качестве важного фактора процесса развития и в осуществлении в полной мере всех прав человека.

Статья 9

1. Все изложенные в настоящей Декларации аспекты права на развитие носят неделимый и взаимозависимый характер, и каждый из них следует рассматривать в контексте целого.

2. Ничто в настоящей Декларации не может рассматриваться как противоречащее целям и принципам Организации Объединенных Наций или как подразумевающее предоставление какому-либо государству, группе или отдельному лицу права проводить какую-либо деятельность или совершать действия, направленные на нарушение прав, изложенных во Всеобщей декларации прав человека и в Международных пактах о правах человека.

Статья 10

Следует принимать меры для обеспечения полного осуществления и прогрессивного укрепления права на развитие, включая разработку, принятие и осуществление политических, законодательных и других мер на национальном и международном уровнях.