Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келісімді іске асыру жөніндегі үйлестіру-байқаушы кеңесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 25 қаңтар N 128. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.02.26. N 279 қаулысымен. ~P010279

      Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму

 

Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келісімді

іске асыру кезінде үйлестіруді және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың

өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мына құрамда Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту

және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы

келісімді іске асыру жөніндегі үйлестіру-байқаушы кеңесі құрылсын:


     Рогов                     - Қазақстан Республикасының

     Игорь Иванович              Әділет министрі, төраға




     Мұхамеджанов              - Қазақстан Республикасы

     Бауыржан Әлімұлы            Президентінің Әкімшілігі Басшысының

                                 орынбасары - Мемлекеттік-құқықтық

                                 бөлімнің меңгерушісі

                                 (келісім бойынша)




     Мәми                      - Қазақстан Республикасы

     Қайрат Әбдіразақұлы         Жоғарғы Сотының төрағасы

                                 (келісім бойынша)




     Жұмабаев Ермек            - Қазақстан Республикасы

     Жианшыұлы                   Парламентінің Сенаты Заңдар және

                                 құқықтық реформа жөніндегі

                                 комитетінің төрағасы

                                 (келісім бойынша)


     Жалыбин Сергей            - Қазақстан Республикасы

     Михайлович                  Парламентінің Мәжілісі Заңдар және  

                                 сот-құқық реформасы жөніндегі

                                 комитетінің төрағасы

                                 (келісім бойынша)


     Хитрин Юрий               - Қазақстан Республикасының 

     Александрович               Бас прокуроры (келісім бойынша)


     Есенбаев Мәжит            - Қазақстан Республикасының  

     Төлеубекұлы                 Қаржы министрі


     Күлекеев                  - Қазақстан Республикасы

     Жақсыбек Әбдірахметұлы      Экономика министрі


     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.13. N 1703            

              қаулысымен.


P001703_
 



     2. Қоса беріліп отырған  Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта

жаңарту және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы)

туралы келісімді іске асыру жөніндегі үйлестіру-байқаушы кеңесі туралы

ереже бекітілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

  Премьер-Министрінің бірінші орынбасары



                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің     

                                    2000 жылғы 25 қаңтардағы N 128

                                        қаулысымен бекітілсін



         Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту

    және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) 

  туралы келісімді іске асыру жөніндегі үйлестіру-байқаушы кеңесі туралы 

                               ереже


                         1. Жалпы ережер



 
       1. Құқықтық, реформаның жобасы жөніндегі үйлестіру-байқаушы кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасындағы Заем (Құқықтық реформаның жобасы) туралы келісімді (бұдан әрі - Заем туралы келісім) іске асыру кезіндегі үйлестіруді және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

 

консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

     2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының

Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен

Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік

құқықтық

актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.


                    2. Кеңестің негізгі міндеттері


     3. Кеңес:

     1) Мемлекеттік органдардың Заем туралы келісімді іске асыру кезіндегі

қызметін үйлестіру;

     2) Құқықтық реформа жобасының компоненттерін тиімді іске асыру үшін

қажетті шешімдерді қабылдау;


 
       3) Жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимылдың орындалу барысын бақылау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.
 
                           3. Кеңестің құрамы
 
      4. Кеңесті, оның қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыратын, оның

 

ішінде Кеңес отырыстарының күн тәртібін бекітетін және төрағалық ететін

Қазақстан Республикасының Әділет министрі басқарады.

     5. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

     6. Кеңес отырыстарының Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен

екісі болған кезде құқықтық күші болады.

     7. Кеңес отырыстарына мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың

өкілдері қатыса алады.


                       4. Кеңестің жұмыс органы


     8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кеңестің жұмыс органы

болып табылады.

     Әділет министрлігі отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті

материалдарды дайындайды және оларды Кеңес мүшелеріне жолдайды. Ұсынылған

материалдардың негізінде қорытушы ақпарат дайындайды және Кеңестің

қарауына енгізеді. Кеңес отырыстарының хаттамаларын ресімдейді.


                   5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру


     9. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

     10. Кеңестің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшін

Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданған деп

есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Төраға дауыс берген шешім

қабылданған болып саналады. Кеңестің шешімі Кеңестің төрағасы мен отырысқа

қатысып отырған мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

     11. Кеңес мүшелерінің, ол айтылған жағдайда, жазбаша түрде

мазмұндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс ерекше

пікірге құқығы бар.


                    6. Кеңестің қызметін тоқтатуы


     12. Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша

тоқтатылады.



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.        






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады