Қазақстан Республикасының білім, мәдениет ұйымдарына, сондай-ақ мұнай кен орнына, теміржол бекетіне атау беру және оларды қайта алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 ақпан N 257

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібіне сәйкес және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес білім, мәдениет ұйымдарына, сондай-ақ мұнай кен

 

орнына есімдер берілсін.

     2. 2-қосымшаға сәйкес білім ұйымдары қайта аталсын.

     3. Атырау облысы Исатай ауданындағы N 12 теміржол бекетіне

"Сазанқұрақ" атауы берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                          Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                         2000 жылғы 15 ақпандағы

                                             N 257 қаулысына

                                               1-қосымша


     Атақты тарихи тұлғалардың, белгілі мемлекет және қоғам

     қайраткерлерінің, көрнекті ғалымдардың, жазушылардың,

    ақындардың, ұстаздардың есімдер берілген білім, мәдениет

           ұйымдарының, сондай-ақ мұнай кен орнының

                         тізбесі


                   Ақмола облысы бойынша


     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына -

Шоқан Уәлихановтың есімі;


                  Ақтөбе облысы бойынша


     облыстық жасөспірімдер кітапханасына - ақын Сағи Жиенбаевтың есімі;

     Байғанин ауданындағы N 2 Қарауылкелді орта мектебіне - жазушы Тобық

Жармағанбетовтың есімі;


                   Алматы облысы бойынша



 
       Балқаш ауданындағы N 2 Бақанас орта мектебіне - Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі;
      Көксу ауданы Балпық би кентіндегі N 1 орта мектепке - Ұлы Отан

 

соғысына қатысушы, педагог Биғайша Құндақбаеваның есімі;

     Көксу ауданы Балпық би кентіндегі N 2 орта мектепке - ғалым,

аудармашы Медеубай Құрмановтың есімі;

     Панфилов ауданындағы N 34 Қоңырөлең орта мектебіне - Қожбанбет бидің

есімі;

     Еңбекшіқазақ ауданындағы N 1 Шелек орта мектебіне - қоғам қайраткері

Хұсайын Бижановтың есімі;


                   Атырау облысы бойынша


     Исатай ауданындағы "Мартыши" мұнай кен орнына - Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген геологы Салтанат Балғымбаевтың есімі;

     Мақат ауданы Мақат кентіндегі N 76 орта мектепке - Социалистік Еңбек

Ері, Құрметті теміржолшы Латип Шахатовтың есімі;


                Жамбыл облысы бойынша


     Қордай ауданындағы N 35 Ырғайты орта мектебіне - ақын Рза Қунақованың

есімі;


               Қарағанды облысы бойынша


     Балқаш қаласындағы N 4 кәсіптік мектепке - Қазақстан Республикасының

Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың есімі;


                Қостанай облысы бойынша


     Рудный қаласындағы N 11 ора мектепке - академик Қаныш Сәтбаевтың

есімі;


             Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Мақтаарал ауданы Қызылқұм ауылдық округіндегі N 27 С. Ерубаев

атындағы және N 28 В.И. Ленин атындағы орта мектептердің біріктірілуі

негізінде қайта құрылған N 27 орта мектепке - жазушы Саттар Ерубаевтың

есімі;


              Солтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Целинный ауданындағы Жаңасу орталау мектебіне - қоғам қайраткері

Еркін Әуелбековтің есімі.


                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                           2000 жылғы 16 ақпандағы

                                               N 257 қаулысына

                                                 2-қосымша


          Қайта аталуға жататын білім ұйымдарының

                     тізбесі


               Алматы облысы бойынша


     Алакөл ауданындағы Успеновқа орталау мектебі - Бибакан орталау

мектебі;

     Алакөл ауданындағы Константиновка орталау мектебі - Көкжар орталау

мектебі;

     Кербұлақ ауданындағы Фурманов атындағы орта мектеп - Беріктас орта

мектебі;


                Батыс Қазақстан облысы бойынша


     Тасқала ауданының Камен ауылдық округіндегі Карл Маркс атындағы орта

мектеп - Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп:

                Жамбыл облысы бойынша


     Шу ауданының Бірлік кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп -

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп;

     Шу ауданының Төле би ауылындағы С. Сейфуллин атындағы орта мектеп -

тарихшы Ермұхан Бекмаханов атындағы орта мектеп;


 
       Меркі ауданындағы N 18 Калинин атындағы орта мектеп - Меркі ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Ақкөз Қосанов атындағы орта мектеп;
      Жуалы ауданындағы Н. Крупская атындағы орта мектеп - Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп;
 
                 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
 
      Түркістан қаласындағы "Коммуна" орта мектебі - ақын, ғалым Ахмет Югнаки атындағы орта мектеп;
      Мақтаарал ауданының Асықата кентіндегі М. Горкий және А. Байтұрсынов атындағы орта мектептердің біріктірілуі негізінде қайта құрылған N 2 орта мектеп - "Жеңіс" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Атакент кентіндегі N 2 Ильич атындағы орта мектеп - "Мақтаарал" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Жаңаауыл ауылдық округіндегі А. Навои атындағы орта мектеп - ақын Әбдірахман Жәми атындағы орта мектеп;
      Мақтаарал ауданының Жаңажол ауылдық округіндегі В.И. Ленин атындағы орта мектеп ақын Қасым Аманжолов атындағы орта мектеп;
      Мақтаарал ауданының Иіржар ауылдық округіндегі N 7 А. Макаренко атындағы орта мектеп - "Асыл мұра" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Иіржар ауылдық округіндегі N 9 "Победа" орта мектебі - "Жас алаш" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Ж. Нұрлыбаев ауылдық округіндегі "Мақталы" орта

 

мектебі - Махамбет Өтемісұлы атындағы орта мектеп;

     Мақтаарал ауданының Славянка кентіндегі Қазанның 50 жылдығы атындағы

орта мектеп - Абылайхан атындағы орта мектеп;

     Мақтаарал ауданының Ынтымақ ауылдық округіндегі Абай атындағы орта

мектеп - "Асықата" орта мектебі;

     Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі N 52 ІІІ

Интернационал атындағы орта мектеп - Мұстафа Өзтүрік атындағы орта мектеп;

     Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі Қазанның 40 жылдығы

атындағы N 51 орта мектеп - Жүнісбек Қауалов атындағы орта мектеп.




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.       










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады