Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 272

      Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын өткізуге бірінші кезектегі объектілерді дайындау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаражатының есебінен Түркістан қаласындағы канализациялық коллектордың құрылысына (үлестік қатысу принципінде) қоса қаржыландыру үшін 44 (қырық төрт) млн.теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген

 

тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асырсын.

     3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жоғарыда көрсетілген объектінің

құрылысын толық көлемде қаржыландыру үшін жетпейтін қаражатты іздестірсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады