Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 сәуір N 518

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қатысуымен әзербайжандық тараппен жоғарыда көрсетiлген келiсiмге қол қою туралы келiссөздер жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Қырымбек

 

Елеуұлы Көшербаевқа Келісімнің жобасына принциптiк сипаты жоқ өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзу құқығымен Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Әзербайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Жоғары білікті ғылыми және

ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастық

туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға

өкілеттік берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                     Жоба


                     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

                 Әзербайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы

                Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық

                кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастық

                               туралы Келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Әзербайжан Республикасының Үкіметі,


 
       ғылыми дәрежелер, ғылыми дәрежелердің салыстырмалылығы туралы

 

құжаттарды тану және нострификациялау принциптері туралы уағдаластықтарды

басшылыққа ала отырып,

     ғылыми байланыстарды сақтауға және нығайтуға ұмтыла отырып,

     жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау

саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ұмтылысын қуаттай келiп,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                                    1-бап


     Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағында келесi Тарап мемлекетiнiң

тиiстi аттестаттау органдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды

беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды Тараптардың әрбір мемлекетінің

заңдарында белгіленген тәртіппен осы құжаттардың иелерін қайта аттестаттау

жолымен таниды.


                                    2-бап



 
       Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлетті орган болып табылады.
      Әзербайжан Республикасының ____________________________________ министрлiгi Әзербайжан Республикасы Yкіметінің атынан осы Келісімнің ережелерін іске асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атауы өзгерген немесе олардың

 

функциялары басқа мемлекеттік органдарға берілген жағдайда, Тараптар

дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне дереу хабарлайды.

                                     3-бап

     Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары жоғары білікті ғылыми

және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттаудың мемлекеттік жүйелерінде

аттестаттаудың ұлттық жүйелерін дамытудың тұжырымдамалары мен ғылыми

дәрежелерге талаптанушыларға қойылатын талаптары мен аттестаттаудың

тұжырымдамаларын әзiрлеу кезiнде өзара консультациялар өткiзедi.


                                     4-бап


     Тараптар мемлекеттерiнiң органдары:


 
       бiр Тарап мемлекетінің талапкер азаматына диссертация қорғау үшін келесі Тараптың диссертация қорғау жөніндегі кеңестерінде бірдей жағдайлар жасау;
      Тараптар мемлекеттерінің жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын аттестаттаудың мемлекеттік жүйелеріндегі өзгерістер туралы уақытылы өзара хабардар ету, бұл кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі тиісті нормативтік құқықтық актілер мен басқа да материалдарды алмасу;
      жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау процесін басқару тәжірибесін алмасу жөніндегі оны жетілдіруге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу арқылы дамытады жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастықты.
 

                                     5-бап



 
 
       Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары диссертациялық жұмыстарды сараптаудың сапасын көтеру үшiн:
      жетекшi ғалымдар мен мамандардың келесi Тарап мемлекетінің

 

диссертация қорғау жөніндегі кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ диссертация

қорғалған кезде оппонент ретінде қатысуына;

     бiр Тараптың кеңестерінде қорғалған диссертацияны келесi Тараптың

қорғау жөнiндегi кеңестерiнде қосымша сараптауды өткiзуге жәрдемдеседi.


                                     6-бап


     Осы Келісімге қатысу Тараптардың жоғары бiлiктi ғылыми және

гылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастықтың

басқа да нысандарын пайдалануға құқықтарын шектемейді.


                                     7-бап


     Осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде берілген ғылым кандидаты мен

ғылым докторының дипломдарын, сондай-ақ доцент пен профессордың

аттестаттарын екі жақты келісімдердің негізінде әзірленген тетік бойынша

қайта аттестаттау жолымен Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары

таниды.


                                     8-бап


     Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар қосымша

келісімдер мен хаттамалар жасай алады.


                                     9-бап


     Осы Келісімнің мәтініне Тараптардың өзара келісімдері бойынша оның

ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен

толықтырулар енгізіле алады.


                                    10-бап



 
       Осы Келісімнің қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
 

                                    11-бап



 
 
       Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

 

Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен

бастап күшіне енеді.

     Осы Келісім бес жыл бойы қолданылады және одан кейін, егер

Тараптардың ешқайсысы келесі Тарапқа тиісті кезеңнің аяқталуынан алты ай

бұрын өзінің ниетін оның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша келесі Тарапқа

хабарламаса, ол одан кейінгі бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.


     2000 жылғы "___"__________   ____________ қаласында әрқайсысы қазақ,

әзербайжан және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық үш мәтіннің

бірдей күші бар.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер пайда

болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының       Әзербайжан Республикасының

         Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.     



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады