Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкіліне қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 сәуір N 564

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы

 

Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің қызметін

қамтамасыз ету үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және

техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген

шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне

3360 мың (үш миллион үш жүз алпыс мың) теңге бөлсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі     



     Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады