Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасы алдындағы берешегін өтеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 маусымдағы N 875

      Ескерту. Қаулының қолданылуы ҚР Үкіметінің тиісті шешімі
               қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің
               2001.11.21. N 1497 қаулысымен. P011497_
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1993 жылғы егін астығының жеткізілімі және оны жинауға көмек көрсету туралы 1993 жылғы 4 тамыздағы үкіметаралық Келісім бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 04-95 шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қостанай облысының әкімі:
      1) 1993 жылғы 4 тамыздағы үкіметаралық келісімнен және Экономикалық Соттың 1995 жылғы 30 наурыздағы N 04-95 шешімінен туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) қоса беріліп отырған кестеге сәйкес облыстық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен берешекті өтеу үшін 18 000 (он сегіз мың) тонна көлемдегі астықтың нарықтық құнына баламалы қаржыны облыстық бюджетте көздесін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                 Қазақстан Республикасы



                                                 Үкіметінің 2000 жылғы

                                                 8 маусымдағы N 875

                                                 қаулысына қосымша



 
 
              Қостанай облысының Беларусь Республикасы алдындағы

 

                 астық бойынша берешегін өтеудің кестесі


                                  тонна

     ----------------------------------

      Жылдар               Көлемі

     ----------------------------------


      2 000                5 000

      2 001                5 000

      2 002                8 000


     Жиынтығы             18 000



     Оқығандар:

     Орынбекова Д.Қ.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады