Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бутилдi калий ксантогенатының транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 маусым N 894

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "АССОRD MARKETING LIMITED" компаниясы (Дублин қаласы, Ирландия Республикасы) "Алмалық ТМК" ашық акционерлiк қоғамына (Алмалық қаласы, Ташкент облысы) 2000 жылғы 7 наурыздағы N 26-483 юр келiсiм-шартқа сәйкес беретiн бутилдi калий ксантогенатының Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне 1-қосымшаға сәйкес санда рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк тасымалы туралы келiсiмнiң Қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiне (2-қосымша) және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктiң ерекше шараларын сақтай отырып, 2-қосымшаға сәйкес қозғалыс бағыты бойынша жүкті жөнелту кестесiне сай, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктiң темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдануын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы бутилді калий ксантогенатының транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

                                           2000 жылғы 15 маусымдағы

                                                N 894 қаулысына

                                                   1-қосымша


                    "АССОRD MARKETING LIMITED" компаниясы

             2000 жылғы 7 наурыздағы N 26-483 юр келісім-шартқа

              сәйкес Ресей федерациясынан "Алмалық ТМК" ААҚ-ға

         (Алмалық қаласы, Ташкент облысы) беретін тауарлардың саны

---------------------------------------------------------------------------

    Тауардың     ! Келісім-шарт ! Тоннасының  ! Жалпы құны   ! Беру мерзімі

     атауы       !бойынша көлемі! бағасы АҚШ  !АҚШ долларымен!

                 !     (тн)     ! долларымен  !              !

---------------------------------------------------------------------------

Бутилді немесе       400.0          1240.0        496000.0      2000 жылы

изобутилді калий

ксантогенаты

90%-ға қайта

есептегендегі

ГОСТ 7927-75

---------------------------------------------------------------------------

  Барлығы                                         496000.0

---------------------------------------------------------------------------


     Ескерту: Бағалары Өзбек темір жолының Ахангаран станциясына дейін

жеткізу шартымен көрсетілген.   


                                        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

                                            2000 жылғы 15 маусымдағы

                                                 N 894 қаулысына

                                                    2-қосымша


       2000 жылы берiлетiн бутилдi калий ксантогенатының қозғалыс бағыты


     Бутилдi калий ксантогенатының қозғалысы мынадай бағыттар бойынша

жүзеге асырылады:

     Жөнелту станциясы: Манихино-1, Мәскеу темiр жолы;

     Жеткiзу станциясы: Ахангаран, Өзбек темiр жолы;

     Шекарадан өту станциясы: Илецк-1, Шеңгелдi (Қазақстан).

     Алушы: "Алмалық ТМК" ААҚ; 702400 Өзбекстан, Ташкент облысы, Алмалық

қаласы.



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады