Уран өнімін әкетуге рұқсат беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 маусымдағы N 927 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406 Қаулысымен.

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы  Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ, "Үлбі металлургиялық зауыты" ашық акционерлік қоғамы мен Ньюкем, Инк. және Ньюкем Ньюклеа ГмбХ компаниялары арасында Вестингхаус үшін қайта өңделген уран өнімін сатып алу-сатуға 1998 жылғы 17 маусымдағы келісім-шарттағы мөлшерде және ережелеріне сәйкес уран диоксидінің ұнтағы мен таблеткасы түрінде қайта өңделген, 235-уран изотопы бойынша 4,5 пайыздан асырмай байытылған уран өнімін (СЭҚ ТН кодтары 2844 20 290 және 2844 10 390) Қазақстан Республикасынан Америка Құрама Штаттарына әкетуге рұқсат берілсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ-на көрсетілген өнімнің экспортына заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялар берсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс минстрлігінің Кеден комитеті мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ядролық материалдардың әкетілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады